1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экспорттық бақылау және лицензиялау департаментi туралы ереже;
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң Экспорттық бақылау және лицензиялау департаментiнiң құрылымы бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн. 3. Осы қаулы оған қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қазандағы N 1029 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экспорттық бақылау және лицензиялау департаментi туралы ЕРЕЖЕ Миссиясы
Мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау және жоғары технологиялық индустриялы өндiрiс саласында дүние жүзiлiк экономикаға кiрiгуiнiң жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ лицензиялау негiзiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн реттеу.
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экспорттық бақылау және лицензиялау департаментi (бұдан әрi - Департамент) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiн экспорттық бақылау және лицензиялау (лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң басқа ведомстволары жүзеге асыратын қызмет түрлерiнен басқа) саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ведомствосы болып табылады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк стратегиясының мақсаттары мен басымдықтарын басшылыққа алады.
3. Департамент аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
4. Департаменттiң штат санын Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi бекiтедi және Департамент директорының ұсынуы бойынша айқындалады.
5. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
II. Басымдықтары
6. Департамент қызметiнiң негiзiне мынадай басымдықтар алынады:
сыртқы экономикалық қызметтi тарифсiз реттеу саласында Қазақстан Республикасының саяси мүдделерiн iске асыру;
жаппай қырып-жою қаруын және қарудың басқа да түрлерiн таратпау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау;
экспорттық бақылауға және ұлттық мүддедегi бақылауға жататын өнiмнiң заңсыз айналым тәсiлдерiн анықтау және оның жолын кесу;
лицензиялау процестерiн және лицензиялық шарттардың орындалу мониторингiн жандандыру.
III. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi
7. Өз қызмет аясында Департамент негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп сыртқы экономикалық қызметтi тарифсiз реттеу және жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясатты айқындауға және жүргiзуге қатысу;
экспорттық және импорттық бақылау, жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау жүйесiн iске асыруға байланысты шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру;
экспорттық және импорттық бақылауды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыруға, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялауға қатысу;
мемлекеттiк бақылауға жататын өнiмдi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз алып өтудiң жолын кесуде мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
лицензиаттардың лицензиялық шарттарды сақтауын бақылауға қатысу;
бiрыңғай республикалық деректер базасына кiрiгетiн ақпарат базасын құру;
кеден бақылауының автоматтандырылған жүйесiмен үйлесетiн экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн жетiлдiру;
Департаментке жүктелген өзге де мiндеттер.
IV. Департаменттiң функциялары
8. Департамент өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен мына функцияларды жүзеге асырады:
өз құзыретiнiң шегiнде мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi;
экспорттық бақылау мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының жұмысына қатысады;
қару-жарақтың, әскери техниканың және екi ұдай мақсаттағы өнiмнiң экспортына бақылау жасайды;
сыртқы экономикалық қызметтi мемлекеттiк реттеуге қатысады;
экспорттық бақылауға жататын өнiмдi лицензиялауды жүзеге асырады;
лицензияланатын сыртқы сауда мәмiлелерiне экономикалық талдау жүргiзедi және өтiнiмдерге сараптық баға берудi ұйымдастырады;
экспорттық және импорттық бақылауға жататын өнiмнiң бақылау тiзiмдерi мен ұлттық тiзбелерiн әзiрлейдi және оларды үйлестiредi;
жүктi түсiру алдындағы кезеңде өнiмдi тексеруден өткiзуге қатысады (Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша);
өнiмнiң түпкi пайдаланылуы бойынша инспекция жүргiзедi (Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша);
экспорттық және импорттық бақылауға жататын жүктiң орын ауыстыруына бақылауды ұйымдастырады;
импорт кезiнде өнiмнiң түпкi пайдаланылуы туралы сертификаттар бередi (Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша);
экспорттық бақылауға жататын өнiмдi қайта экспорттауға рұқсат бередi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсаты бойынша экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитiне құжаттар бередi;
бақылаушы органдармен бiрге лицензиялық ережелердi сақтау жөнiндегi бiрлескен шараларға қатысады;
қызметтiң лицензияланатын түрлерiне бiлiктiлiк талаптарының өлшемдерiн әзiрлейдi;
қызметтi тиiстi лицензиясыз жүзеге асыратын субъектiлерге қолданылып жүрген заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
лицензиялық шарттардың орындалуына мониторингтi жүзеге асырады;
лицензиялар беру үшiн негiз болып табылатын техникалық аудиттi өткiзудi ұйымдастырады;
берiлген лицензиялар туралы деректер банкiн жүргiзедi және лицензия алған кәсiпорындардың тiзiлiмiн жасайды;
лицензия iстерi архивiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
лицензиялық қызметтi ақпараттық-анықтамалық, консультациялық қамтамасыз етудi және үйлестiрудi орындайды;
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiмен бiрлесiп қызметтiң лицензияланатын түрлерiнде қолданылатын стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функциялар.
V. Құқықтары
9. Департамент өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және мiндеттерiн орындауы кезiнде:
орталық және жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардан Департамент қызметiнiң аясына жататын құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдар мен ақпаратты белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
өз құзыретiнiң шектерiнде экспорт-импорт операциялары, қару-жарақ, әскери техника мен екi ұдайы мақсаттағы өнiмнiң экспортын бақылау мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
экспорттық және импорттық бақылау саласында бiрыңғай саясат
жүргiзуге және лицензиялық шарттар мен ережелердiң орындалуын қадағалауды жүзеге асыруға; сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен мамандарды тартуға; өз құзыретiнiң шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге және бекiтуге, экспорттық және импорттық бақылау саласында орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға. VI. Департаменттiң және оның лауазымды тұлғаларының жауапкершiлiгi 10. Департамент өз қызметiн жүзеге асыруы кезiнде өз миссиясының, Департаментке жүктелген мiндеттер мен функциялардың уақытылы және сапалы орындалуы үшiн жауап бередi. 11. Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн Директор жеке жауап бередi; Департамент қызметкерлерi өз мiндеттерiн орындамағаны және тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi. VII. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру
12. Департаменттi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
Департамент Директорының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
13. Департамент Директоры:
Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Департаменттi мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын, Департаменттiң басқа да қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
өз қызметiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша, соның iшiнде лауазымдық жалақыға қосымша ақы мен үстеме ақы белгiлеу, сондай-ақ бекiтiлген еңбекақы қорының шегiнде сыйақы төлеу туралы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң басшылығына ұсыныстар енгiзедi;
бөлiнген штат саны мен еңбекақы төлеу қорының шегiнде Департаменттiң штат кестесiн бекiтедi; өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 14. Департаменттiң қызметiн оның бөлiмшелерi мен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң жалпы мақсаттағы қызметтерi қамтамасыз етедi. 15. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қазандағы N 1029 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Экспорттық бақылау және лицензиялау департаментiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Экспорттық және импорттық бақылау басқармасы Лицензиялау басқармасы