Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 22 шiлде N 686. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.27. N 657 қаулысымен. ~P990657

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958 U983958_ және "Мемлекеттiк басқару органдарын одан әрi оңтайландыру жөнiнденi шаралар туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3988 U983988_ Жарлықтарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн (1-қосымша).
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінiң құрылымы бекiтiлсiн (2-қосымша).
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне 4, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министр, 15 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн (3-қосымша).
      5. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiне, Мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi департаментiне, Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiнiң, Мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi департаментiнiң, Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң жедел басқаруында болған мүлiкке жедел басқару құқығы;
      2) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитетiне Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнен берiлетiн мүлiкке жедел басқару құқығы бекiтiлсiн.
      6. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппараттары санын 128 адамға қысқарту, жоғарыда айтылғандарға сәйкес заңды тұлғалар құқығындағы комитеттердiң, департаменттердiң штаттық санының Министрлiкке берiлу есебiнен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң штат саны 468 адам;
      2) қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитi 25 болып белгiленсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе
отырып бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын
шығарған актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
     8. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 22 қарашадағы N 1642  

P971642_

  қаулысының 1, 2, 3,
4-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 41,
470-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 22 шiлдедегi
                                           N 686 қаулысына
                                                1-қосымша

        Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және
                      сауда министрлiгi туралы
                               ЕРЕЖЕ
                             Миссиясы



      Қазақстан Республикасында тиiмдi, бәсекеге қабiлеттi өндiрiс құру, ұлттық өндiрушiлердiң дамуына, сондай-ақ олардың мүдделерiн қорғауға жәрдемдесу.

                          1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) энергетика, индустрия, сауда саласында мемлекеттiк саясатты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi әзiрлеудi және iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiктiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды

қаржыландыру республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды
ұстау үшiн көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
     4. Министрлiк қызметкерлерiнiң санын, құрылымы мен еңбекақы
төлеу қорын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
     5. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, оның банктерде
шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген
және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.

                     2. Қызметiнiң басымдықтары

     6. Министрлiк қызметiнiң басымдықтары мыналар болып табылады:
     1) отын-энергетика ресурстарын ұтымды пайдалану;
     2) индустриалды, сауда және тұрғын үй саясатын әзiрлеу және оны
жүзеге асыру;
     3) инвестициялық процестердi жандандыру;
     4) экспортқа бағдарланған технологиялық жағынан байланысты
өнеркәсiптiк кешендер құру;
     5) диверсификацияланған өндiрiс құру.

                    3. Министрлiктiң мiндеттерi

     7. Министрлiктiң мiндеттерi мыналар болып табылады:


      1) елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi кезеңдерiне арналған жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу;
      2) әлеуметтiк-экономикалық реформаларды iске асыруды жүзеге асыру және үйлестiру;
      3) мемлекеттiк сыртқы экономикалық және сауда саясатын әзiрлеу және оны iске асыру;
      4) Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп ұйымдарға қарымды инвесторларды iздеудi және тартуды жүзеге асыруға жәрдемдесу және инвестициялық жобаларды iске асыруды қамтамасыз ету;
      5) өз құзыретiнiң шектерiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң мониторингi;
      6) ресурстық және технологиялық базаны қайта құру негiзiнде отын-энергетика кешенiн, өнеркәсiп пен құрылыс салаларын дамыту, осы салалардағы ұйымдарды реформалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi қайта құрылымдау жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      7) тарифтiк және тарифтiк емес реттеу әдiстерiн қолдана отырып,

сыртқы-экономикалық қызметтi реттеу;
     8) мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн конкурстар ұйымдастыру және
оларды өткiзу, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы әзiрлеу;
     9) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында
мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
     10) Қазақстан Республикасының бiрыңғай патент жүйесiн басқару;
     11) этил спиртi мен алкогольдi өнiм өндiрiсi мен айналымына
бақылау жасау саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
     12) авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласында
мемлекеттiк саясат жүргiзу;;
     13) мемлекеттiк материалдық резервтердi басқару;
     14) мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп
экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзуге қатысу;
     15) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жұмыс iстеу мәселелерi
жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу.

                    4. Министрлiктiң функциялары

     8. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:


      1) Министрлiктiң құрылымына кiретiн мемлекеттiк органдардың ағымдағы, қысқа және орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеуiн үйлестiредi және олардың iске асырылуын бақылайды;
      2) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      3) Қазақстан Республикасы экономикасының жай-күйiн, оның дамуын және дүниежүзiлiк эконономиканың даму тенденцияларын талдайды және болжайды;
      4) инфрақұрылымды дамытудың және өнеркәсiптiк өндiрiстi диверсификациялаудың негiзгi бағыттарын әзiрлеудi үйлестiредi;
      5) елдiң отын-энергетикалық және индустриалды кешендерiн, құрылысты дамытудың стратегиялық жоспарларын әзiрлейдi;
      6) елдiң энергетикалық қауiпсiздiгi стратегиясын әзiрлейдi және оны iске асырады;
      7) көмiрсутегi шикiзатының қорларын ұтымды және тиiмдi пайдалануға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
      8) кен орындарын игеру жөнiндегi орталық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
      9) мемлекеттiк тұрғын үй саясатын iске асырудың тетiгiн жетiлдiру жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
      10) аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын талдайды және оларды дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады;
      11) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға техникалық-экономикалық сараптама жүргiзедi;
      12) халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттарды, өлшемдердiң сертификаты мен бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi және бақылауды жүзеге асырады;
      13) өнертабысқа, өнеркәсiптiк үлгiлерге - патенттердi беруге арналған өтiнiмдердi және тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына арналған және тауардың шыққан жерiнiң атауын пайдалану құқығына арналған куәлiктердi тiркейдi, қазақстандық және шетелдiк өтiнiмдерге мемлекеттiк сараптама жүргiзудi ұйымдастырады және қорғану құжаттарын бередi;
      14) халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының қызметiне Қазақстанның қатысуына байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының саясатын қалыптастыруға қатысады және оны iске асырады, шет елдермен экономикалық қарым-қатынастар жөнiнде ұсыныстар дайындауға қатысады;
      15) мемлекеттiк және жұмылдыру резервтерiн қалыптастыру, сақтау және пайдалану тұрғысында салааралық үйлестiрудi және ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
      16) Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға, концессияға, жалға, лизингке беруге арналған келiсiм-шарттар бойынша шарттардың орындалуына бақылау жасауға қатысады;
      17) Қаржы Министрлiгiмен бiрлесе отырып шаруашылық серiктестiктердегi мемлекеттiк үлестерге дивидендтердiң дұрыс есептелуiн бақылау жасайды;
      18) энергетиканы, индустрия мен құрылыс салаларын дамыту бағдарламаларының iске асырылуына бақылауды және Қазақстан Республикасындағы өнеркәсiп саясатын жалпы үйлестiрудi жүзеге асырады;
      19) отын-энергетика балансын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      20) басқарылатын салалардағы ұйымдардың қызметiн талдауды жүзеге асырады, сыртқы және iшкi тауар рыноктарындағы коньюктураны зерттейдi;
      21) этил спиртi мен алкогольдi өнiм өндiретiн ұйымдар өнiмнiң сапасына бақылауды жүзеге асырады;
      22) энергия үнемдеу, энергияның қайта жаңартылатын және дәстүрлi емес көздерiн пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруды ұйымдастырады;
      23) өз құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiн лицензиялауды және оларға бақылауды жүзеге асырады;
      24) толлингтiк операцияларды жүргiзудiң орындылығына экономикалық және технологиялық сараптама жасайды;
      25) қымбат металдар бойынша жиынтық орындау балансын дайындайды, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың орындау баланстарын бекiтедi;
      26) жылу-энергетика ресурстарын үнемдеу, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнде жаңа технологияларды енгiзу және құрылыстың өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құруды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
      27) құрылыс сапасына мемлекеттiк бақылауды, сәулет-қала құрылысын салу қызметi саласындағы мемлекеттiк нормалардың, ережелер мен стандарттардың, басқа да мiндеттi талаптардың сақталуын ұйымдастырады;
      28) ведомстволық сараптама жүргiзудi, құрылыс пен қайта жаңарту жобаларын, құрылыстың техникалық-экономикалық негiздемелерiн, құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкцияларға арналған техникалық шарттарды келiсудi және бекiтудi ұйымдастырады;
      29) сәулет және қала құрылысының жергiлiктi органдарымен бiрлесе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау мен салудың нормалары мен ережелерiнiң сақталуына бақылау жасауды, реттеудiң ерекше режимдi аумақтарын пайдалануды, тарихи қала құрылысын салу мұраларын сақтауды жүзеге асырады;
      30) мемлекеттiк сатып алуларды үйлестiредi және бақылайды;
      31) өз қызметiнiң аясында заңдарды қолдану тәжiрибесiн талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заң және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға қатысады, оларды Үкiметтiң қарауына енгiзедi;
      32) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының және басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргiзедi және келiсiмдер жасасады;
      33) энергетика, индустрия және сауда саласындағы мемлекеттiк (қазыналық) кәсiпорындарды басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылады;
      34) Министрлiктiң қызметiне байланысты жұмыстарды жүргiзуге қатысу үшiн тәуелсiз сарапшыларды, аудиторларды және консультанттарды тартады;
      35) Үкiметтiң тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
      36) қару-жарақтың, әскери техникалардың, екiұдай мақсаттағы өнiмдердiң және өнiмдердiң (қызмет көрсетулердiң) Үкiметтiң шешiмдерiмен көзделген басқа да түрлерiнiң экспортына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      37) Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

                      5. Министрлiктiң құқықтары

      9. Министрлiк өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және мiндеттемелерiн орындау кезiнде мыналарға:
      1) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан заңдарда белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметiнiң аясына қатысты ақпараттарды сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттiк органдардың дамудың ағымдағы, орта және қысқа мерзiмдi жоспарларын орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
      3) мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарға аталған жоспарларды жүзеге асыруға кедергi болатын олар қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      4) өз құзыретiнiң шектерiнде Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiне атқарылуға мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
      5) өз құзыретiнiң шектерiнде халықаралық шарттар жасасуға, шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдарымен, және шетел заңды тұлғаларымен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдерге қол қоюға;
      6) басқа мемлекеттiк органдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тартуға;
      7) мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен жасасатын экономикалық шарттары мен келiсiмдерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      8) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және басқа да мемлекеттiк органдармен бiрлесiп банкроттықтың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттiк қатысуы бар шаруашылық серiктестiктердi қайта ұйымдастыру және қайта құрылымдау жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және оларды iске асыру жөнiндегi шараларға қатысуға;
      9) қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялаудың мемлекеттiк

бағдарламасын iске асыруға қатысуға;
     10) бәсекеге қабiлеттiлiктi бағалауға және отандық тауар
өндiрушiлердiң өнiмдерiн iшкi және сыртқы рыноктарға шығару жөнiнде
мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз етуге, импортты алмастыруды дамыту
бағдарламаларын әзiрлеуге, тауарлық дайындығы жоғары өнiмдердi
шығару жөнiндегi жаңа өндiрiстердi құруға көмек көрсетуге;
     11) Үкiмет шешiмiн талап ететiн ұйымдарды құру, қайта
ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге құқылы.

         6. Министрлiктiң және оның лауазымды  адамдарының
                           жауапкершiлiгi

     10. Министрлiк өз комиссиясының, Министрлiкке жүктелген
мiндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшiн жауап
бередi.
     11. Министр Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн
жеке жауап бередi.
     12. Министрлiктiң құрылымына кiретiн департаменттердiң,
комитеттердiң, агенттiктiң, ұйымдардың оларға жүктелген мiндеттердiң
орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн олардың басшылары
жеке жауап бередi.
     13. Министрлiктiң қызметкерлерi тәртiптiк жағымсыз әрекет
жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдар белгiлеген тәртiпте
жауап бередi.

               7. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

     14. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке
тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.


      15. Министрдiң төрт орынбасары - вице-министрi, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болады, оларды Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, оның жүйесiне кiретiн департаменттердiң, комитеттердiң, агенттiктiң, ұйымдардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады.
      17. Министр:
      1) вице-министрлердiң арасындағы мiндеттердi бөледi, департаменттер директорларының, комитеттер, агенттiк төрағаларының және Министрлiктiң басқа да жауапты қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
      2) Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Министрлiктi барлық мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;
      4) заңды тұлға мәртебесiндегi құрылымдық бөлiмшелердi қоспағанда, министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң құрылымы мен олар туралы ережелердi бекiтедi;
      5) белгiленген сан шектерiнде Министрлiк орталық аппаратының штат кестесiн, заңды тұлға құқығындағы комитеттердiң, агенттiктердiң, департаменттердiң штат санын бекiтедi;
      6) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      18. Министрлiкте құрамында Министр, оның орынбасарлары (вице-министрлер), комитеттердiң, агенттiктiң, департаменттердiң жекелеген басшылары бар алқа құрылады. Алқаның құрамына өзге де адамдар ене алады.
      19. Алқаның сандық құрамын Үкiмет бекiтедi. Алқа шешiмдерi Министрдiң бұйрықтарымен iске асырылады. Алқа мүшелерi арасында дауыстар тең болған жағдайда шешiмдi Алқа төрағасы қабылдайды.
      20. Алқаның жеке құрамын Министр бекiтедi.
      21. Министрлiк өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн тұрақты жұмыс iстейтiн әдiстемелiк (методологиялық) кеңестер мен уақытша жұмыс топтарын құра алады, оның құрамына министрлiктер мен ведомстволардың, басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ жеке ғалымдар мен мамандар енгiзiледi.
      22. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрығымен, ресiмделедi.
      23. Комитеттiң басшысы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап бередi.
      24. Комитет басшысы осы мақсаттарда:
      1) өз орынбасарларының және құрылымдық бөлiмшелер басшыларының мiндеттерi мен жауаптылық дәрежелерiн белгiлейдi;
      2) Министр бекiтетiн лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитет

қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
     3) тәртiптiк жаза қолданады;
     4) өз құзыретiнiң шектерiнде бұйрықтар шығарады;
     5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық
органдары туралы ережелердi бекiтедi;
     6) өз құзыретiнiң шектерiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
Комитеттi мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;
     7) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша
шешiмдер қабылдайды.
     25. Комитеттердi, агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды
қаржыландыру республикалық бюджетте Министрлiктi ұстауға көзделген
қаржының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
олардың алатын басқа да қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.


                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 22 шiлдедегi
                                           N 686 қаулысына
                                                2-қосымша

        Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және
                   сауда министрлiгiнiң құрылымы

     - Басшылық
     - Электр энергетикасы және қатты отын департаментi
     - Мұнай және газ департаментi
     - Өнеркәсiп департаментi
     - Экономикалық талдау және инвестициялық саясат департаментi
     - Сыртқы экономикалық саясат департаментi
     - Сауда департаментi
     - Жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi департамент
     - Қаржы және бухгалтерлiк есеп басқармасы
     - Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитет (заңды тұлға
       құқығында)
     - Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитет (заңды тұлға
       құқығында)
     - Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет
       (заңды тұлға құқығында)
     - Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына
       мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитет (заңды тұлға
       құқығында)
     - Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитет (заңды
       тұлға құқығында)
     - Мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi департамент (заңды тұлға
       құқығында)
     - Авторлық құқықтар жөнiндегi агенттiк (заңды тұлға құқығында)
     - Экспорттық бақылау және лицензиялау департаментi (заңды тұлға
       құқығында)
     - Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы Өкiлдiгi
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.11.11. N 1150
              қаулысымен.  

P981150_

 

                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 22 шiлдедегi
                                           N 686 қаулысына
                                                3-қосымша

        Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және
           сауда министрлiгiнiң қарауындағы мекемелердiң,
                    ұйымдар мен кәсiпорындардың
                              ТIЗБЕСI

     - Облыстық экономика басқармалары, Астана, Алматы қалаларының
экономика басқармалары


      - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi комитеттерiнiң, департаменттерiнiң, агенттiгiнiң
аумақтық органдары және комитеттердiң, департаменттердiң,
агенттiктiң ведомстволық бағынысындағы ұйымдар
     - "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік 
кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 
<*>

     - Республикалық "Мемэнергияқадағалау"
     - Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң  оқу орталығы (Алматы қаласы)
     - Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы
     - "Өндiрiстiк-пайдалану басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорны
(Астана қаласы)
     ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.04.27. N 488 
              қаулысымен.  

P990488_

   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады