1. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.02.25. N 173
қаулысымен. P990173_
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің штат саны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің штат санын 477, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің штат санын 20 бірлікке қысқартудың есебінен 497 бірлік мөлшерінде, оның ішінде орталық аппарат 120 бірлік (қызмет көрсететін персоналды есепке алмағанда), салық комитеті - 99, Салық полициясы комитеті - 124, Кеден комитеті - 134, Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет - 20 бірлік болып;
<*>
3. <*>
4. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301
қаулысымен. P991301_
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі екі апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне:
Салық комитетінің, Салық полициясы комитетінің, Кеден комитетінің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді;
қысқартылған штат санын;
берілетін штат санына сәйкес көлемде материалдық-техникалық құралдарды және өзге мүлiкті, оның ішінде тұрғын үй салуға, сатып алу мен бөлуге, сондай-ақ аталған ведомстволардың қызметкерлерiне бекiтiп берілген жалға алынған тұрғын үйге қатысты жасалған шарттар бойынша материалдық-техникалық құралдар мен өзге мүлiктi;
"Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегі агенттік" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқығын берсін.
6. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі екі апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне Алкоголь өнімдерін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді, сондай-ақ оның штат санын берсін.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті екі апта мерзім ішінде қызметтік үй-жайды белгілеп және оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің қарауына берілуін қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің қызметін 1998 жылға арналған мемлекеттік бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің қайта ұйымдастырылып отырған ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелерін ұстауға көзделген қаржының есебінен, сондай-ақ беріліп отырған штат санына сай көлемде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігін ұстауға қажетті қаражатты көздейтін болсын.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі және Мемлекеттік кіріс министрлігі бір ай мерзім ішінде бөлу балансын жасап, бекітсін.
11. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Қаржы министрлігімен, Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Әділет министрлігімен бірлесе отырып, 1998 жылдың 25 қарашасына дейінгі мерзімде қолданылып жүрген заңдарды, сонымен қатар Қазақстан
Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған актілерін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі реформалау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 4114 U984114_ Жарлығына және осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін. 12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Қасымбеков Б.