Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi реформалау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 12 қазандағы N 4114. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстанның Даму стратегиясының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi (бұдан былай - Министрлiк) құрылсын. 
      2. Министрлiкке мынадай негiзгi мiндеттердi атқару жүктелсiн: 
      1) Қазақстан Республикасының фискальдық және кеден саясатын қалыптастыруға қатысу және осы саясатты iске асыру; 
      2) кеден iсiн ұйымдастыру және жетiлдiру; 
      3) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгi мен мүдделерiн қамтамасыз ету; 
      4) бюджетке салықтардың, төлемдердiң түсуiн және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету; 
      5) алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау; 
      6) мемлекетке зиян келтiруге әкеп соққан экономикалық қылмыстар мен құқық бұзушылыққа қарсы күрес; 
      7) экономикалық қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық. 
      3. Министрлiк Қазақстан Республикасының аймақтық салық және кеден органдарының қызметiне басшылық етедi деп белгiленсiн. 
      4. Мыналар: 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң, Кеден комитетiнiң және Салық полициясы комитетiнiң функциялары және мүлкi мен iстерiне басшылық жасау жөнiндегi өкiлеттiктерi жаңадан құрылған министрлiкке берiлу жолымен қайта құрылсын. 
      "Кәсiпорындарды қайта құру және тарту жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарамағынан жаңадан құрылған Министрлiктiң қарамағына берiлсiн. 
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитеттiң функциясы және мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiгi жаңадан құрылған Министрлiкке берiлу жолымен қайта құрылсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде: 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң тиiстi ведомстволары мен құрылымдық бөлiмшелерiн қайта құруды және штат санын, осы штат санын жаңадан құрылған Министрлiкке бере отырып, қысқартуды қамтамасыз етсiн; 
      жаңадан құрылған Министрлiкке жүктелген мiндеттер мен Министрлiкке берiлетiн штат саны көлемiнде оған қажеттi материалдық-техникалық жабдықтар мен басқа да мүлiктi беретiн болсын; 
      Министрлiк қызметiн қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қайта құрылып отырған ведомстволары мен құрылымдық бөлiмшелерiн қамтуға арнап 1998 жылғы республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен қамтамасыз етсiн; 
      осы Жарлыққа сәйкес жаңадан құрылған және қайта құрылған министрлiктер туралы ережелердi бекiтсiн; 
      қолданылып жүрген заңдарды осы Жарлыққа сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметінiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
      осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын;
      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады