Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлудің және жалдаудың тетігін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. "Ақмола қаласына көшірілуге жататын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жалдаудың үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 24 шілдедегі N 1173 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 34, 315-құжат):
аталған қаулымен бекітілген, Ақмола қаласына көшірілуге жататын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жалдаудың үлгі шартында:
атауындағы және мәтініндегі "Ақмола" деген сөздер "Астана" деген сөздермен ауыстырылсын;
"VI. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді сатып алу кезіндегі шарттар" деген тарау алынып тасталсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі