Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 24 шілдедегі N 1173 және 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы N 1148 қаулысы

      Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлудің және жалдаудың тетігін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. "Ақмола қаласына көшірілуге жататын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жалдаудың үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 24 шілдедегі N 1173 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 34, 315-құжат):
      аталған қаулымен бекітілген, Ақмола қаласына көшірілуге жататын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жалдаудың үлгі шартында:
      атауындағы және мәтініндегі "Ақмола" деген сөздер "Астана" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "VI. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді сатып алу кезіндегі шарттар" деген тарау алынып тасталсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады