Ақмола қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдi жалдаудың үлгi шартын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 шiлдедегi N 1173

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қоса берiлiп отырған Ақмола қаласына көшiрiлуге жататын

мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне мемлекеттiк

тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдi жалдаудың үлгi шарты

бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрiнiң

        бiрiншi орынбасары


                                      Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                      1997 жылғы 24 шiлдедегi

                                         N 1173 қаулысымен

                                         бекiтiлген 




             Астана қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк

                органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне

                мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлген

                        тұрғын үйдi жалдаудың

                             ҮЛГI ШАРТЫ



     Ескерту. Атауы және мәтiнiнде сөздер өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң

              1998.11.11. N 1148 қаулысымен. 


P981148_
 



     Астана қаласы


                      199__ жылғы "___"__________


     Тараптар:

     Жарғының немесе өзге нормативтiк құқықтық актiнiң негiзiнде

iс-әрекет ететiн:

     Жалға берушi __________________________________________________

                              (заңды тұлғаның атауы)

     атынан ________________________________________________________

                      (лауазымы, аты, тегi, әкесiнiң аты)

     және бұдан әрi Жалға алушы деп аталатын қызметкер _____________

     _______________________________________________________________

             (аты, тегi, әкесiнiң аты, лауазымы, жұмыс орны)

     мыналар жөнiнде осы Шартты жасасты:


     I. Шарттың нысанасы


     1. Жалға берушi Жалға алушы мен оның отбасы мүшелерiне

мемлекеттiк тұрғын үй қорынан Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй

қатынастары туралы" Заңында көзделген нормалар бойынша пайдалы алаңы

___________ шаршы метр, қосымша алаңы (берiлген жағдайда) ____________

шаршы метр (егер жоқ болса, сызықша қойылады) мына мекен-жай бойынша

тұрғын үй бередi:

_____________________________________________________________________

                      (көше, бульвар, даңғыл)

     N ___________ үй N ___________ корпус N ___________ пәтер.



 
       2. Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй (қажетсiзi сызылып тасталады) жалға алушы негiзiнде осы тұрғын үй берiлген мемлекеттiк қызметте немесе бюджеттiк ұйымдарда жұмыс iстеген мерзiмге берiледi.
      3. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101, 111-баптарында көзделген жағдайларда, Шарттың қолданылуы көрсетiлген тұрғын үй берiлген мемлекеттiк қызметтегi немесе бюджеттiк ұйымдардағы еңбек қызметi тоқтатылғаннан кейiн де жалғастырылған болып саналады.
 
      II. Тараптардың құқықтары
 
      4. Жалға берушi:
      а) Жалға алушы мен берiлген тұрғын үйде тұратын оның отбасы мүшелерiнен тұрғын үй-жайларды пайдалану, тұрғын үй мен үй алдындағы аумақтарды ұстау жөнiндегi белгiленген талаптар мен ережелердi сақтауын талап етуге;
      б) Жалға алушыдан осы Шарттың 7-тармағының "г" тармақшасында аталған барлық төлемдердi уақтылы төлеудi талап етуге;
      в) осы Шарттың 7-тармағының "д" тармақшасында көрсетiлген жағдайлар болған ретте Жалға алушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшесiнiң немесе басқа тұрғынның көзiнше тұрғын үйдiң тұрғын және қосалқы жайларының конструкциясы мен техникалық құрылғыларының жай-күйiн тексеруге, тек Жалға алушының үй-жайынан ғана жүргiзiлуi мүмкiн үйдi жөндеу немесе ортақ мүлiктi ауыстыру жұмысын жүргiзуге құқылы.
      5. Жалға алушы:
      а) өзi алып отырған тұрғын үйге өз отбасының кәмелетке толған мүшелерiнен жазбаша келiсiм ала отырып, өзiнiң жұбайын, балаларын, ата-анасын, басқа адамдарды тұрғызуға (ата-аналарын, өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын тұрғызуы үшiн отбасының басқа мүшелерiнiң келiсiмi талап етiлмейдi);
      б) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген мемлекеттiк органның келiсiмiмен алып отырған тұрғын үйiн айырбастауға;
      в) уақытша болмаған жағдайда өзiнде және өз отбасының мүшелерiнде тұрғын үйдi пайдалану құқықтарын сақтап қалуға құқылы.
      Бұл ретте Жалға алушының отбасы мүшелерi осы Шарт бойынша құқықтарды жүзеге асырып, мiндеттердi орындайды.
      г) авариялық немесе адам денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн өзге төтенше жағдайларда Жалға берушiден тұрғын үйдiң конструкциялары мен техникалық құрылғыларының жай-күйiн жоспардан тыс тексерудi және қажет болған жағдайда оларды жөндеудi талап етуге;
      д) Жалға берушi 6-тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көзделген мiндеттерiн орындамаған кезде қызмет көрсету, үйдi жөндеу мен коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн төлемдердi қайта есептеудi талап етуге;
      е) қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген мемлекеттiк тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында көзделген шарттар бойынша қайта жалға беруге;
      ж) тұрғын үйдi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп және шарттар бойынша жекешелендiруге құқылы.
 
      III. Тараптардың мiндеттерi
 
      6. Жалға берушi:
      а) Жалға алушыға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан қаланың iшiнде орналасқан, тұруға жарамды күйдегi, белгiленген техникалық, санитарлық, өртке қарсы және басқа да мiндеттi талаптарға жауап беретiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй беруге;
      б) үйдi және жалға берiлген тұрғын үйдiң техникалық құрылғыларын ұстауды тұрғын үйлер мен үй алдындағы аумақтарды пайдалану мен ұстау талаптары мен ережелерiне сәйкес жүзеге асыруға;
      в) коммуналдық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
 
      7. Жалға алушы:
      а) егер осы Шарттың ерекше жағдайларында өзгеше көзделмесе, берiлген тұрғын үйдi мақсатқа сай пайдалануға;
      б) тұрғын үйлер мен үй алдындағы аумақтарды пайдалану мен ұстау талаптары мен ережелерiн сақтауға;
      в) жалға берiлген үйдiң элементтерiнiң анықталған ақаулары туралы Жалға берушiге дер кезiнде хабарлауға;
      г) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн және коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн есептi айдан кейiнгi айдың соңғы күнтiзбелiк күнiнен кешiктiрмей белгiленген мөлшерде төлем жасауға;
      д) алдын ала жiберiлген жазбаша құлақтандыру алған кезде тек Жалға алушының үй-жайынан ғана жүргiзiлуi мүмкiн ортақ мүлiктiң жай-күйiн тексеру, ортақ мүлiктi жөндеу немесе алмастыру қажет болса, Жалға алушы не басқа бiр тұрғын алып отырған тұрғын үйiне Жалға берушiнiң өкiлiн жiберуге мiндеттенедi.
      Авариялық немесе адам денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн өзге төтенше жағдайларда Жалға алушы немесе басқа бiр тұрғын алдын ала құлақтандырусыз-ақ тұрғын үйiне кiруге рұқсат беруге мiндеттi.
 
      IV. Тараптардың жауапкершiлiгi
 
      8. Жалға берушi Жалға алушыға осы Шарттың 6-тармағында көзделген мiндеттемелердi орындамауы нәтижесiнде келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша өтейдi.
      9. Жалға алушы Жалға берушiге осы Шарттың 7-тармағының "а", "б" және "д" тармақшаларында көзделген мiндеттемелердi орындамауы нәтижесiнде келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша өтейдi.
 
      V. Шартты өзгерту мен бұзудың негiздерi
 
      10. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу шарты Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында көзделгеннен басқа жағдайларда тек Жалға алушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң және Жалға берушiнiң келiсiмiмен ғана өзгертiле алады.
      11. Шарт Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 101-бабының 5-тармағында көзделген негiздер бойынша жұмыстан босатылғаннан басқа жағдайларда, мемлекеттiк қызметшi немесе бюджеттiк ұйымның қызметкерi мемлекеттiк қызметтегi немесе бюджеттiк ұйымдағы өз жұмысын (негiзiнде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiлген) тоқтатқан жағдайда бұзылады.
      12. Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы"

 

Заңында көзделген негiздер бойынша Жалға алушы мен оның отбасы

мүшелерiнiң үйдi босатуы еңбек қатынастарын тоқтатқан сәттен бастап

бiр айдан бұрын талап етiле алмайды.

     13. Жалға алушыны басқа жағдаяттар бойынша үйден шығарудың

шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.


     VI.



     Ескерту. VI-тарау алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.11.11. N 1148

              қаулысымен. 


P981148_
 


     VII. Қосымша шарттар


     16. Осы Шартты орындау кезiнде туындаған даулар сот тәртiбiмен

шешiледi.

     17. Осы Шарт екi данада жасалады және Жалға берушi мен Жалға

алушыда сақталады.

     18. Тұрғын үйдi жалдағаны, тұрғын үйге қызмет көрсету мен

жөндеу, коммуналдық және басқа да қызмет көрсетулер үшiн белгiленген

тарифтер Жалға берушi ұсынған есепте көрсетiледi.


     VIII. Ерекше шарттар


     19. Жалға берушi Жалға алушының келiсiмiмен шарттық

қатынастардың мынадай ерекше жағдайларын атап көрсетедi: ___________

____________________________________________________________________


     IХ. Шарттың қолданылу мерзiмi


     20. Мемлекеттiк орган немесе бюджеттiк ұйым қызметкерiнiң

мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдау шартының қолданылу

мерзiмi негiзiнде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiлген

еңбек қатынастарының күшiнде болу мерзiмiне сәйкес айқындалады.


     Жалға берушi                 Жалға алушы

     _________________________    _________________________

          (қолы)                         (қолы)


     М.О.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады