қаулысымен. P991022_
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті болып қайта аталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1778 P971778_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 55, 499-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауындағы және 1-тармақтағы "тұрғын үй және құрылыс саясаты" деген сөздер "құрылыс істері" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ережеде:
атауындағы және 1-тармақтағы "тұрғын үй және құрылыс саясаты" деген сөздер "құрылыс істері" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "бюджеттік жіктеу қорына сәйкес республикалық бюджеттің қаражаты" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігін ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан - 2030" Стратегиясына сәйкес тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру және тұрғын үй рыногын қалыптастыру";
7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және несиелендіру схемасын әзірлеуге қатысу";
"салаға инвестициялар тарту үшін жағдайды жақсарту және тұрғын үй рыногын дамыту";
алтыншы абзац алынып тасталсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"озық технологияларды қолдану және тиімді материалдар мен бұйымдар, импортты алмастырушы құрылыс өнімдерін шығару негізінде құрылыстың өндірістік базасын дамыту бағдарламасын іске асыру;";
он екінші абзац "қабілеттігін" деген сөзден кейін "жаңа құрылыста инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта:
алтыншы абзац "бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастырады" деген сөздермен толықтырылсын:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"инженерлік ізденістер, жобалау, қала құрылысы, құрылыс, күрделі жөндеу, қайта жаңарту, кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру саласында нормативтік актілерді, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін пайдалану саласында нормативтік актілерді әзірлейді";
сегізінші абзацта "тұрғын үй қорының сақталуы, жылу энергетика, ресурстарын үнемдеу" деген сөздер алынып тасталсын;
он бесінші абзацта "мемлекеттік қаражаттың" деген сөздер "республикалық бюджет қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырмасыншы абзац алынып тасталсын;
жиырма алтыншы мынадай редакцияда жазылсын:
"сертификаттауға және құрылыс өнімдеріне белгіленген тәртіппен сертификаттар беруге жәрдемдеседі;"
жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында сәулет-қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік нормалардың, ережелердің, басқа да міндетті талаптардың сақталуына, объектілер мен кешендердің мақсатына, меншік нысандарына, шетел инвестицияларын қоса алғанда қаржыландыру көздеріне қарамастан, олардың құрылысының, қайта жаңартудың, күрделі жөндеудің сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады";
отызыншы абзацтағы "мемлекетті қаражаттың" деген сөздер "республикалық бюджет қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз төртінші абзац алынып тасталсын;
9-тармақта:
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"қажет болған жағдайда заңдарда белгіленген тәртіппен өндірістің
басқа салаларының, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың мамандарын сарапшылар ретінде тартуға"; тоғызыншы абзац "мемлекеттік" деген сөздің алдынан "ведомстволық бағыныстағы" деген сөздермен толықтырылсын; он бірінші абзацтағы "Комитет" деген сөз "өз" деген сөзбен ауыстырылсын; 14-тармақтың екінші абзацындағы "орынбасары" деген сөз "екі орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын; 15-тармақтың төртінші абзацындағы "орынбасары" деген сөз "орынбасарлары" деген сөзбен ауыстырылсын; 16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Ғылыми-техникалық кеңестің жеке құрамы мен ол туралы Ережені Комитет төрағасы бекітеді"; 17-тармақ алынып тасталсын; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "18. Комитеті қайта ұйымдастыру мен тарату қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады."; аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін. 4. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 желтоқсандағы N 1256 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің (Қазқұрылыскомитеті) Құрылымы Басшылық Тұрғын үй саясаты және коммуналдық шаруашылық басқармасы Экономикалық талдау және жоспарлау басқармасы Сәулет, қала құрылысы және мемлекеттік қала құрылысы кадастры басқармасы Техникалық нормалау, жобалау және ғылыми басқармасы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің Астана қаласындағы өкілдігі