қаулысымен. P991022_
"Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика,
индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже бекiтiлсiн. <*> ЕСКЕРТУ. Атауы және 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256 қаулысымен. P981256_ 2. Комитеттiң құрылымы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 3. Ғылыми-техникалық кеңес Комитеттiң алқалық органы болып белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1778 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Респубикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi (Қазқұрылыскомитетi) туралы <*> ЕРЕЖЕ МИССИЯСЫ Адамның Қазақстан Республикасы аумағында өмiр сүруi мен тыныс-тiршiлiгiнiң толық мәндi ортасын құру. I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттiк басқару органы болып табылады. <*>
ЕСКЕРТУ. Атауы және 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256
қаулысымен. P981256_
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң шешiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын дербес жүзеге асырады.
Заңдарда және нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген шектерде құрылыс, сәулет, қала құрылысы, құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын дамыту, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында мемлекеттiк саясатты iске асыруда салааралық үйлестiру мен басшылықты жүргiзедi.
4. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады. 5. Комитеттiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржының есебiнен жүзеге асырылады. <*> ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256 қаулысымен. P981256_ II. БАСЫМДЫҚТАРЫ 6. Комитеттiң қызметiндегi басымдықтары мыналар болып табылады:
Қазақстан-2030 стратегиясына сәйкес тұрғын үй құрылысы
бағдарламасын iске асыру және тұрғын үй рыногын қалыптастыру; <*> нарықтық жағдайларда жұмыс iстеу үшiн шаруашылық жүргiзу принциптерi мен өндiрiс жүйелерiн реформалау; құрылыс саласы мен сәулет-қала құрылысы қызметiн нормативтiк қамтамасыз етудiң ұлттық жүйесiн дамыту; халықаралық сертификаттаумен бәсекелестiк қабiлетi құрылыс өнiмдерi өндiрiсiн дамыту. ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256 қаулысымен. P981256_ III. МIНДЕТТЕРI МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 7. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: елде тұрғын үй проблемасын кезең-кезеңiмен шешу; тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және несиелендiру схемасын әзiрлеуге қатысу; <*> салаға инвестициялар тарту үшiн жағдайды жақсарту және тұрғын үй рыногын дамыту; <*> аумақтарда оңтайлы құрылыс салу және елдi мекендердi дамыту; салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асыру;
өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерiн жобалауға, құрылысын салуға және пайдалануға арналған нормативтiк-техникалық құжаттамалардың базасын дамыту;
<*>
әлеуметтiк, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылымдарды, коммуналдық шаруашылықтың бас ғимараттарын дамыту;
озық технологияларды қолдану және тиiмдi материалдар мен бұйымдар, импортты алмастыратын құрылыс өнiмдерiн шығару негiзiнде құрылыстың өндiрiстiк базасын дамыту бағдарламасын iске асыру; <*>
құрылыс өнiмдерiн тұтынушылардың құқықтарын қорғау, объектiлердiң құрылысы мен оларды пайдаланудың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
отандық жобалау және құрылыс өнiмдерiнiң сапасы мен бәсекелестiк қабiлеттiгiн жаңа құрылыста инвестицияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру; <*>
еңбек пен құрылыс өнiмдерiнiң iшкi рыногын қорғау;
құрылыс қызметiнде интеграциялық процестердi тереңдету болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256 қаулысымен.
P981256_
8. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:
саланы мемлекеттiк басқаруды, сәулет-қала құрылысы қызметiн салааралық және аумақтық үйлестiру мен мемлекеттiк тұрғын үй және құрылыс саясатын iске асыруды жүзеге асырады;
құрылыс, сәулет, қала құрылысы салаларында мемлекеттiк саясатты, тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң, құрылыс индустриясының өндiрiстiк базаларын дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын қалыптастырады және олардың iске асырылу барысына бақылау жасайды:
сәулет-қала құрылысы қызметi саласында мемлекеттiк реттеудiң қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға бара-бар әдiстерiнiң жүйесiн әзiрлейдi, нарықтық қатынастарды жетiлдiруге, әлеуметтiк әрiптестiктi дамытуға ықпал етедi;
өз құзыретiнiң шегiнде өзге де мемлекеттiк органдардың құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
салалық ғылыми-техникалық саясатты әзiрлейдi және жүргiзедi, бағдарламаларды iске асыруды ұйымдастырады; <*>
инженерлiк iзденiстер, жобалау, қала құрылысы, құрылыс, күрделi жөндеу, қайта жаңарту, кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру саласында нормативтiк актiлердi, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн пайдалану саласында нормативтiк актiлердi әзiрлейдi; <*>
мемлекеттiк тұрғын үй саясатын, тұрғын үй құрылысы, құрылыс материалдары өндiрiсiнде жаңа технологияларды дамыту және құрылыс индустариясының өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құру бағдарламаларын iске асыру жөнiндегi iс-қимылды үйлестiредi; <*>
халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн толық мәндi орта жасау мақсатында қалалар мен басқа да елдi мекендерде құрылыс салу барысында халықты орналастыру жүйесiн жетiлдiру, үйлер мен ғимараттардың конструктивтiк сенiмдiлiгi мен сәулет-көркемдiк шешiмдерiнiң сапасын арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
белгiленген тәртiппен тұрғын үй саясаты, құрылыс, сәулет, қала құрылысы мәселелерi, құрылыстың, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң, құрылыс индустриясының және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын дамытудың басымдықты бағыттары жөнiндегi заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi және енгiзедi;
Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң, сондай-ақ басқа да министрлiктер мен ведомстволардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
сәулет-қала құрылысы саласындағы мемлекеттiк техникалық нормативтердi, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану мен күтiп ұстау жөнiндегi нормативтердi әзiрлеудi қамтамасыз етедi, қабылдайды және бекiтедi, қолданысқа енгiзедi және шығарады, олардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
министрлiктер, ведомстволар, ұйымдар, кәсiпорындар және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер әзiрлеген құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына арналған техникалық шарттар мен стандарттарға сараптау мен келiсудi қамтамасыз етедi;
инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалаудың әдiстемелерiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi және енгiзедi;
республикалық бюджет қаражатының, инвестициялардың және Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен берiлетiн несиелердiң, тiкелей инвестициялар мен басқа да осындай көздердiң есебiнен қаржыландырылатын объектiлердi жобалау мен құрылысын салуға арналған мердiгерлiк тендерлердi ұйымдастыруға және өткiзуге қатысады, тендерлердiң жеңiмпаздарымен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеудi жүзеге асырады; <*>
инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасын әлеуметтiк-экономикалық дамыту стратегиясының жылдық жоспарларын әзiрлеуге қатысады;
Қазақстан Республикасының құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне талдау жасауға және болжамдар әзiрлеуге қатысады;
сәулет пен қала құрылысының жергiлiктi органдарымен бiрлесiп, қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау мен құрылысын салудың нормалары мен ережелерiнiң сақталуына, аумақтардың, қала құрылысын реттеудiң айрықша режимiмен пайдаланылуына, тарихи қала құрылысы мұраларының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
республика аумағы бойынша Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзудi және оны ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
<*>
басқа да мемлекеттiк органдар мен құрылыс ұйымдарының құрылыс саласындағы инвестициялық бағдарламаларды орындау жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
өз құзыретiнiң шегiнде құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдары мен кәсiпорындарының қызметiн үйлестiрудi және әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi үйлестiру мен әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
құрылыста баға белгiлеуге, құрылыс-монтаж жұмыстарының өзiндiк құнына талдау жүргiзедi, құрылыс өнiмдерiне бағаны қалыптастыру үшiн әдiстемелiк негiз әзiрлейдi, құрылыстың сметалық құнын анықтаудың тәртiбiн белгiлейдi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылыс саласындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн басқарады, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырады;
сертификаттауға және құрылыс өнiмдерiне белгiленген тәртiппен сертификаттар беруге жәрдемдеседi; <*>
Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын қызмет түрлерi бойынша лицензиар рөлiнде iс-әрекет етедi;
Қазақстан Республикасының аумағында сәулет-қала құрылысы қызметi саласында мемлекеттiк нормалардың, ережелердiң, басқа да мiндеттi талаптардың сақталуына, объектiлер мен кешендердiң мақсатына, меншiк нысандарына, шетел инвестицияларын қоса алғанда қаржыландыру көздерiне қарамастан, олардың құрылысының, қайта жаңартудың, күрделi жөндеудiң сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады; <*>
белгiленген тәртiпте инвестициялардың, құрылысқа арналған жобалардың, сондай-ақ қала құрылысы құжаттамаларының техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамасын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
олардың арналу мақсатына қарамастан, республикалық бюджет қаражатының, инвестициялардың немесе мемлекеттiң кепiлдiгiмен шетелдiк несиелердiң есебiнен қаржыландырылатын объектiлердiң құрылысын салудың, кеңейтудiң және қайта жаңартудың техникалық-экономикалық негiздемелерi мен жобаларын бекiтудiң тәртiбiн әзiрлейдi; <*>
күрделi құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың мұқтажы үшiн озық технологияларды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлер құрылысының эксперименттiк, үлгiлiк және базалық жобалық шешiмдерiн әзiрлеудi және бекiтудi ұйымдастырады;
жобалауда, құрылыс салуда, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын шығаруда, өндiрiсте және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер ұсынуда шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге қатысады;
еңбектi ұйымдастыру мен нормалауды жетiлдiру мәселелерi бойынша әдiстемелiк қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолданылып жүрген тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына енбеген жұмысшылардың мамандықтары мен қызметшiлердiң лауазымдары бойынша тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлеуге қатысады;
<*>
ғылыми зерттеудiң бағыттарын айқындауға қатысады, республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын салалық ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстарын орындауды ұйымдастырады;
халықаралық ынтымақтастықтың жалпы жүйесiнiң аясында шетелдермен және халықаралық ұйымдармен құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық және экономикалық байланыстарды жүзеге асырады, ТМД елдерiнiң құрылыс қызметiндегi ынтымақтастық жөнiндегi Үкiметаралық кеңесiнiң жұмысына қатысады;
құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық салаларында әлеуметтiк, экономикалық және техникалық саясатты әзiрлеуде қоғамдық бiрлестiктермен және ұйымдармен ынтымақтастық жүргiзедi; төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және азаматтық қорғаныс жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеуге қатысады. ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256 қаулысымен. P981256_ IV. ҚҰҚЫҚТАРЫ 9. Комитеттiң өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру барысында:
өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық нормативтiк актiлердi қабылдауға және бекiтуге, құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту салаларында атқару үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге;
белгiленген тәртiппен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет-қала құрылысы қызметi саласындағы нормативтiк актiлерге қайшы келетiн актiлерi мен жекелеген шешiмдерiнiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату жөнiнен ұсыныстар енгiзуге, құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, жылжымайтын мүлiктi бағалау салаларында нормаларды, ережелердi, нұсқаулықтарды және әдiстемелiк құжаттарды қолдану мәселелерi жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдауға;
құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi жөнiнде басқа да орталық атқарушы органдар әзiрлеген заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
белгiленген тәртiппен құрылыс өнiмдерiн сертификаттау жөнiндегi сынақ лабораторияларын (орталықтарын) тiркеудi жүзеге асыруға;
заңдармен белгiленген жағдайларда және тәртiппен лицензиялауды жүзеге асыруға;
қажет болған жағдайда заңдарда белгiленген тәртiппен өндiрiстiң басқа салаларының, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың мамандарын сарапшылар ретiнде тартуға; <*>
құрылыстың барлық сатысында құрылыс өнiмдерiн шығару кезiнде нормативтiк-техникалық және жобалық құжаттамалар талаптарының сақталуына сәулет-қала құрылысы бақылауы мен қадағалауды жүзеге асыруға, анықталған тәртiп бұзушылықтар үшiн заңдарда белгiленген санкцияларды қолдануға;
жергiлiктi құрылысты, сәулеттi, қала құрылысын, аумақтарда құрылыс салуды және мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын басқару органдарының қызметiне, әдiстемелiк басшылық жасау мен оны үйлестiрудi жүзеге асыруға;
ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; <*>
өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк органдардан,
ұйымдардан, кәсiпорындардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпараттар сұратуға және алуға; <*> қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi пайдалануға құқықтары бар. ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256 қаулысымен. P981256_ 10. Комитеттiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылданған шешiмдерi барлық басқару органдарының, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың атқаруы үшiн мiндеттi. V. ЖАУАПКЕРШIЛIГI 11. Комитет өзiне жүктелген мiндеттердiң уақытылы және сапалы атқарылуы үшiн жауапкершiлiкте болады. 12. Комитеттiң төрағасы: мемлекеттiк стратегиялар мен Комитеттiң басымдықты мақсаттарының iске асырылуы үшiн;
мемлекеттiк басқару органдарының тұрғын үй және құрылыс саясаты мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру iсiнiң жай-күйi үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
VI. ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
13. Комитеттiң жүйесiне жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау (Мемсараптау), мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы (Мемсәулетқұрылысинспекциясы), жылжымайтын мүлiктi бағалау (Меммүлiкбағалау) жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары, сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялаудың республикалық мемлекеттiк орталығы (Мемқұрылыслицензия), Қазақ жер сiлкiнiсiне төзiмдi құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты (КазНИИССА) кiредi.
14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын екi орынбасары болады. <*>
ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256 қаулысымен.
P981256_
15. Төраға:
Комитеттiң қызметiне басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
белгiленген тәртiппен Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi;
орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi жетекшiлерiнiң мiндеттерiн бөледi; <*>
Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады, көтермелейдi және тәртiптiк жаза қолданады;
қызметкерлердiң белгiленген саны мен еңбекақы төлеу қорының шегiнде Комитеттiң штаттық кестесiн, бөлiнетiн қаржының шегiнде аппаратты ұстауға арналған шығыстардың сметасын, сондай-ақ Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
Комитет бойынша бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
лауазымы бойынша Комитеттiң Ғылыми-техникалық Кеңесiнiң төрағасы болып табылады;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз өкiлеттiгiнiң шегiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша халықаралық қоғамдастықтар мен ұйымдарда мемлекеттiк басқару органдарын бiлдiредi;
өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256
қаулысымен. P981256_
16. Комитетте құрылыс, сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы проблемаларды талдау, бағдарламаларды, жобаларды және нормативтiк-техникалық құжаттарды қарау және бекiту үшiн сәулет, құрылыс, тұрғын үй және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi бойынша Ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Ғылыми-техникалық кеңестiң жеке құрамы мен ол туралы Ереженi Комитет төрағасы бекiтедi. <*> ЕСКЕРТУ. 16-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256 қаулысымен. P981256_ 17. <*> ЕСКЕРТУ. 17-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256 қаулысымен. P981256_ 18. Комитеттi қайта ұйымдастыру мен тарату қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. <*> ЕСКЕРТУ. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256 қаулысымен. P981256_ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1778 қаулысына қосымша <*> ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.12.08. N 1256 қаулысымен. P981256_ Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң (Қазқұрылыскомитетi) ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Тұрғын үй саясаты және коммуналдық шаруашылық басқармасы Экономикалық талдау және жоспарлау басқармасы Сәулет, қала құрылысы және мемлекеттiк қала құрылысы кадастры басқармасы Техникалық нормалау, жобалау және ғылым басқармасы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Астана қаласындағы өкiлдiгi