Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 22 желтоқсан N 1314. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.11.06. N 1675 қаулысымен. ~P001675

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларын бекіту туралы" 1998 жылғы 4 тамыздағы N 737 P980737_ қаулысының 1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу кезінде осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын.
      2-1. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi-мемлекеттiк мекемелер республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын Мемлекеттiк тапсырыс туралы ереженi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгімен келiсетiн болсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.17.
               N 1169 қаулысымен. P991169_
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


                                                  Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысымен бекітілген


           Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын
               мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді
                         әзірлеу жөніндегі
                            Нұсқаулық

      Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі осы Нұсқаулық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленді.
      Ережені әр бағдарлама (кіші бағдарлама) үшін әрбір орталық және жергілікті мемлекеттік органдар дербес әзірлейді.
      Ереже мынадай тарауларды қамтуы тиіс:

                      1. Жалпы ережелер

      1. Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауын, аталған бағдарламаның (кіші бағдарламаның) қажеттілігі мен дамуын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге сілтемелерді қамтиды.

            2. Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) мазмұны

      2. Аталған бағдарламаның (кіші бағдарламаның) орындалуын қамтамасыз ететін қаржыландыру кезiнде қолданылатын әрбiр бағдарлама бойынша, есеп айырысу принциптерiнiң түрлері бойынша қажетті барлық шаралардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің сипаттамасын қамтиды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.17. N 1169 қаулысымен. P991169_
      3. Егер аталған бағдарламаның (кіші бағдарламаның) орындалуы бірнеше жылға есептелсе, онда шаралардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің сипаттамасы жылдар бойынша бөлу арқылы ұсынылады.

                  3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру

      4. Осы тарау мемлекеттік сатып алу туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әзірленеді.
      5. Жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырыс конкурстық негізде орналастырылады.
      6. Осы тарау, есепке алынатын, тапсырысшы конкурсқа (тендерге) қатысушыларға қоятын шарттар мен талаптарды, тапсырысшы конкурстық тапсырыстың жеңімпазын анықтау кезінде ескеретін өлшемдердің тізбесін көздейді. Осы тарауда айтылуы тиіс негізгі шарттар мыналар болып табылады:
      1) тапсырысты орындаушы конкурсқа мынадай ақпаратты қамтитын өтінімді тапсырады:
      тапсырысты орындаушының біліктілік мүмкіндіктерін растайтын құжаттар;
      орындалатын жұмыстардың, қызмет көрсетулердің, орындауға жататын қосымша қызмет көрсетулердің техникалық және сапалық сипаттамалары, көлемі, жұмыстардың қызмет көрсетулердің орындалу мерзімдері;
      жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындауға арналған шығыстардың сметасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейтін әдістемелер мен нысандар бойынша экономикалық жіктеудің әр ерекшелігі бойынша есептемелер;
      2) мемлекеттік орган тапсырылған құжаттаманың белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексереді, шығыстардың сметасы мен тиісті есептемелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіледі;
      3) мемлекеттік тапсырыстарды орындауға қатысушы қызметкерлерге

еңбекақы есептеу мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы 
төлеудің тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің негізінде 
жүзеге асырылуы тиіс.
     
           4. Мемлекеттiк тапсырысты атқарудың өлшемдерi 
<*>

     
     7. Бұл тарауда мемлекеттік тапсырыстың сапалы орындалуының 
көрсеткiштерi болып табылатын өлшемдер көрсетiледi.
     ЕСКЕРТУ. Жаңа 4-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.17.
              N 1169 қаулысымен.  

P991169_

 

  Оқығандар:
 Орынбекова Д.К.
 Кобдалиева Н.М.    
     
      
      


Об утверждении Инструкции по разработке типовых Правил о государственном заказе, выполняемом за счет средств государственного бюджета

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 1998 г. N 1314. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 6 ноября 2000 г. N 1675 ~P001675

      Во исполнение пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 4 августа 1998 года № 737 P980737_ "Об утверждении программ и подпрограмм Министерства образования, культуры и здравоохранения Республики Казахстан для разработки государственного бюджета на 1999 год" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по разработке типовых Правил о государственном заказе, выполняемом за счет средств государственного бюджета.
      2. Центральными и местными исполнительными органами при разработке типовых Правил о государственном заказе, выполняемом за счет средств государственного бюджета, руководствоваться настоящей Инструкцией.
      2-1. Государственным учреждениям-администраторам республиканских бюджетных программ Правила о государственном заказе, выполняемом за счет средств республиканского бюджета, согласовывать с Министерством финансов Республики Казахстан. <*>
      Сноска. Дополнено пунктом 2-1 - постановлением Правительства РК от 17 августа 1999 г. N 1169 P991169_ .
      3. Настоящее постановление вступает в действие со дня подписания.

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан
                                                      Утверждена

постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 1998 года № 1314

                                Инструкция



                       по разработке типовых Правил
              о государственном заказе, выполняемом за счет средств
                         государственного бюджета

      Настоящая Инструкция по разработке типовых Правил о государственном заказе, выполняемом за счет государственного бюджета, разработана с целью оказания методической помощи центральным и местным государственным органам по формированию государственного заказа.
      Правила разрабатываются каждым центральным и местным государственным органом самостоятельно, отдельно для каждой программы (подпрограммы).
      Правила должны включать в себя следующие главы:

                          1. Общие положения
      1. Включает в себя наименование программы (подпрограммы), ссылки на нормативные правовые акты, определяющие необходимость и развитие данной программы (подпрограммы).

                      2. Содержание программы (подпрограммы)
      2. Включает в себя описание всех необходимых мероприятий, работ и услуг по видам, обеспечивающих выполнение данной программы (подпрограммы), принципы расчета по каждой программе, применяемые при финансировании. <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 17 августа 1999 г. N 1169 P991169_ .
      3. Если реализация данной программы (подпрограммы) рассчитана на несколько лет, то описание мероприятий, работ и услуг представляется с разбивкой по годам.
                  3. Размещение государственного заказа
      4. Данная глава разрабатывается в соответствии с действующим законодательством о государственных закупках.
      5. Государственный заказ на выполнение работ, оказание услуг размещается на конкурсной основе.
      6. Данная глава предусматривает условия и требования, предъявляемые заказчиком к участникам конкурса (тендера), перечень критериев, которые будут учитываться заказчиком при определении выигравшей конкурсной заявки. Основными условиями, которые должны быть оговорены в данной главе, являются следующие:
      1) исполнитель заказа представляет на конкурс заявку, включающую следующую информацию:
      документы, подтверждающие квалификационные возможности исполнителя заказа;
      технические и качественные характеристики, объем выполняемых работ, услуг, сопутствующие услуги, подлежащие выполнению, сроки выполнения работ, услуг;
      смету расходов на выполнение работ и услуг, а также расчеты по каждой специфике экономической классификации по методике и формам, определяемым Министерством финансов Республики Казахстан;
      2) государственный орган проверяет представленную документацию на соответствие установленным требованиям и условиям, смету расходов и соответствующие расчеты согласовывает с Министерством финансов Республики Казахстан;
      3) расчет оплаты труда работников, участвующих в выполнении государственного заказа, должен осуществляться на основании нормативных правовых актов, регулирующих порядок оплаты труда работников государственных учреждений.

              4. Критерии исполнения государственного заказа
      7. В данной главе отражаются критерии, являющиеся показателями качественного выполнения государственного заказа. <*>
      Сноска. Дополнено разделом 4 и пунктом 7 - постановлением Правительства РК от 17 августа 1999 г. N 1169 P991169_ .
(Корректор:  И.Склярова
 Специалист: Э.Жакупова)