1. "Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс туралы үлгi ережені әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 P981314_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 440-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi-мемлекеттiк мекемелер республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын Мемлекеттiк тапсырыс туралы ереженi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгімен келiсетiн болсын";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты
есебiнен орындалатын Мемлекеттiк тапсырыс туралы үлгi ереженi әзiрлеу жөнiндегі нұсқаулықта: 2-тармақта: "олардың көлемiн көрсете отырып" деген сөздер алынып тасталсын; "қаржыландыру кезiнде қолданылатын әрбiр бағдарлама бойынша есеп айырысу принциптерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-бөлiммен және 7-тармақпен толықтырылсын: "4. Мемлекеттiк тапсырысты атқарудың өлшемдерi 7. Бұл тарауда мемлекеттік тапсырыстың сапалы орындалуының көрсеткiштерi болып табылатын өлшемдер көрсетiледi. ". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.