Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы" 1997 жылғы 17 қарашадағы N 3761 U973761_ Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымы туралы" 1998 жылғы 23 ақпандағы N 127 P980127_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалауға байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын органдардың қызметкерлері еңбекақысының бірыңғай жүйесі туралы" 1997 жылғы 1 сәуірдегі N 3436 U973436_ Жарлығының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әскери қызметшілердің, Мемлекеттік
тергеу комитетінің органдары, ішкі істер органдары қызметкерлерінің,
әскери және арнайы атақтары жоқ жекелеген санаттағы адамдардың лауазымдық
жалақыларын белгілеу туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1554 қаулысына
мынадай толықтыру енгізілсін:
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1343 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1997 жылғы 12 қарашадағы
N 1554 қаулысына
1-1-қосымша
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі орталық
аппаратының қызметкерлері жекелеген санаттарының
жаңадан енгізілген лауазымдар бойынша
Лауазымдық жалақылары
_____________________________________________________________________
| Лауазым | Айлық лауазымдық жалақы |
| | (теңгемен) |
|___________________________________________|_________________________|
|Бас әскери инспекциясының бастығы | 13400 |
|Генерал-инспектор | 13200 |
|Қорғаныс министрі аппаратының бастығы | 12600 |
|Орталық командалық пункттің бастығы | 12000 |
|Орталық командалық пункт бастығының | 11000 |
|орынбасары | |
|Жедел кезекшілер орталығының бастығы | 10000 |
|Орталық командалық пункттің жедел | 7800 |
|кезекшісі | |
|Орталық командалық пункт жедел | 7200 |
|кезекшісінің көмекшісі | |
|Аға инспектор-ұшқыш | 5900 |
| | ____ |
| | 7200 |
|___________________________________________|_________________________|
Ескерту. Бөлгіштегі лауазымдық жалақы - ұшу құрамы үшін белгіленген
ұшу мөлшерін орындау шартымен ұшу жалақысы.
Оқығандар:
Орынбекова Д.К.
Қобдалиева Н.М.