"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн реформалау жөнiндегi бұдан былайғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 17 қарашадағы N 3761 U973761_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құрылымы қоса
берiлген қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң төрт орынбасары,
оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ тоғыз адамнан тұратын алқа болуына
рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құрылымы
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 13 маусымдағы N
970
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 23 ақпандағы
N 127 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Қорғаныс министрiнiң аппараты
Орталық командалық пункт
Бас әскери инспекция
Қару-жарақ департаментi
Тыл департаментi
Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстар департаментi
Кадр департаментi
Экономика және қаржы департаментi
Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет
(заңды тұлға құқында)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы:
жедел жоспарлау департаментi
ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментi
жауынгерлiк даярлық департаментi
жедел қамтамасыз ету департаментi
әскерлердi тылдық және техникалық
қамтамасыз ету департаментi
медициналық қамтамасыз ету департаментi
байланыс департаментi
әскери қызметi басқармасы
құпиялылық режимiн қамтамасыз ету басқармасы