Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 1993 жылғы 9 сәуірдегі Z931500_ Заңының 18-бабына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы 1993 ж., N 8, 202-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегі N 924 P980924_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 2-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жолдағы "Атауы" деген бағанадағы "Әскерге шақыруды
жүргізу" деген сөздер "Жалпыға бірдей әскери міндеттілікті жүзеге асыру
жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.
Кобдалиева Н.