Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегі N 924 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 1395

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 1993 жылғы 9 сәуірдегі Z931500_ Заңының 18-бабына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы 1993 ж., N 8, 202-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегі N 924 P980924_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

 

     аталған қаулының 2-қосымшада:

     реттік нөмірі 2-жолдағы "Атауы" деген бағанадағы "Әскерге шақыруды

жүргізу" деген сөздер "Жалпыға бірдей әскери міндеттілікті жүзеге асыру

жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Оқығандар:

Орынбекова Д.

Кобдалиева Н.    








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады