1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік карантині жөніндегі комитеті туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік карантині жөніндегі комитетінің құрылымы бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 476 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Өсімдік карантині жөніндегі комитеті туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Өсiмдiк карантинi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ өсiмдiк карантинi саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен. P991093_
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банкте шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер Комитетке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, онда оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар.
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен. P991093_
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, Пушкин көшесi,166.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігiнiң Өсiмдiк карантинi жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
10 Комитеттің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының аумағын шет елдерден немесе республиканың карантиндік аймақтарынан карантиндік объектілердің әкелінуінен немесе өздігінен енуінен қорғау;
2) карантиндік объектілерді анықтау, шектеу және жою, сондай-ақ олардың Республиканың карантиндік объектілер жоқ аймақтарына енуінің алдын алу;
3) өсімдіктер карантині саласындағы заңдар мен белгіленген ережелердің сақталуына және республиканың аумағында өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізу болып табылады:
11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыретіне сәйкес карантиндік зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың көлемін, қалыптасып отырған карантиндік жағдайды және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды ескере отырып, фумигация және залалсыздандыру құралдарына қажеттілікті және оларды пайдаланудың тәртібін белгілейді;
2) республикалық бюджеттің есебінен жүргізілетін карантиндік іс-шараларды жүргізуге арналған қаржының мөлшері туралы, осы қаражатты карантиндік ахуалға қарай бөлу туралы ұсыныстар енгізеді және олардың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
3) өсімдік карантині саласында заң және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
4) басқа мемлекеттерден әкелінетін карантиндік өнімге, сондай-ақ республиканың аумағы арқылы транзитпен өтетін карантиндік жүктерге импорттық карантиндік рұқсаттамалар береді;
5) карантинге жататын өнімге фитосанитарлық сертификаттар береді;
6) карантинге жататын өнімді, көлік құралдарын карантиндік қарау, лабораториялық сараптама және тексеру жүргізеді;
7) импорттық және басқа да карантинделетін өнімдерді, көлік құралдарын, қойма және басқа да үй-жайларын залалсыздандыруды ұйымдастырады және жүргізеді;
8) республикадағы карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізеді және мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
9) Комитеттiң интродукциялық-карантиндiк питомниктерiнде карантинделетiн импорттық өнiмдерге тексеру жүргiзiледi және карантинделетiн материалды карантиндiк тексерудi жүзеге асыратын басқа да интродукциялық-карантиндiк питомниктердiң, сорт учаскелерiнiң, оранжереялардың қызметiн бақылайды;
10) өсiмдiк карантинi саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын әзiрлеуге қатысады;
11) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша шекара кеден құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
12) өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық ұйымдарда республиканың өсiмдiк карантинi мәселелерi жөнiндегi мүдделерiн білдiредi;
13) өсiмдiк карантинi бойынша мемлекеттiк iс-шаралардың жүйесiн әзiрлейдi және ұйымдастырады, оның iшiнде карантиндiк объектiлердiң енуi мен таралуының алдын алу жөнiндегi мақсатты бағдарламаларды әзiрлейдi, өз құзыретiнiң шегiнде меншiк нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың оларды орындауын бақылайды;
14) өсiмдiк карантинi бойынша бақылау объектiлерiне бақылау жүргiзедi;
15) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп, халықаралық нормалар мен ұсынымдарға және оларды меншiк нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асыруға негiзделген карантиндiк iс-шараларды әзiрлейдi;
16) жеке және заңды тұлғалардың өсiмдiк карантинi жөнiндегi заңдарды сақтауын бақылайды;
17) өсiмдiк карантинi саласындағы ғылыми жетiстiктер мен озық тәжiрибенi насихаттауды және енгiзудi ұйымдастырады;
18) өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларды даярлау мен қайта даярлау жөнiндегi негiзгі бағыттарын айқындайды және бағдарламаларды қалыптастырады;
19) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Комитеттiң негiзгi мiндеттерiн iске асыруы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) заңдардың нормаларының орындалуын және Өсiмдiк карантинi жөнiндегi ереженiң сақталуын тексеру мақсатында меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдарға кедергiсiз кiруге және тексерiстер жүргiзуге, өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алуға;
2) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен бiрлесіп теңiз және өзен порттары (пристаньдары), темiр жол станциялары, әуежайлар, почта байланысы кәсiпорындары, базарлар, автовокзалдар (автостанциялар) және өзге де объектiлер иелерiнiң немесе уәкiлеттi органдарының карантиндiк iс-шараларды жүргiзуiн бақылауды жүзеге асыруға;
3) лабораториялық сараптама жүргiзу үшiн карантиндiк өнiмдердiң үлгiлерiн алуға;
4) жеке және заңды тұлғаларға карантиндiк объектiлер ошақтарында және көлiкте қажеттi iс-шаралар жүргiзу туралы талап қоюға;
5) карантиндiк жүктер мен объектiлердi олар фитосанитарлық (карантиндiк) сертификатсыз тасымалданған немесе импорттық карантиндiк рұқсатсыз шетелден әкелiнген кезде фитосанитарлық сараптама жүргiзу кезеңіне тоқтата тұруға;
6) өсiмдiк карантинi жөнiндегі заңдардың бұзылуына жол берген лауазымды адамдар мен азаматтарды әкiмшiлiк жауапқа тартуға;
7) өз құзыретiнiң шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;
8) өсiмдiк карантинi жөнiндегi ережелердi бұзушылық жойылғанға дейiн жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiн тоқтата тұруға, оның iшiнде карантиндiк объектiлермен зақымданған карантинделетiн материалдарды тиеу мен түсiруге тыйым салуға;
9) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттiң мүлкi
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттің өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Комитет төрағасы лауазымы бойынша сонымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Өсiмдiк карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы, оның орынбасары - Қазақстан Республикасы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары болып табылады.
17. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
18. Комитеттiң төрағасы осы мақсатта:
1) өз орынбасарының, Комитеттiң басқа да қызметкерлерiнiң
мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртіптiк жаза қолданады; 4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; 5) құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi бекiтедi; 6) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi; 7) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 19. Комитеттiң өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша шешiмдерi барлық ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi. 20. Өсiмдiктердiң карантинi саласындағы мәселелердiң негiзгi бағыттарын және даму тұжырымдамаларын қарау үшiн Комитеттiң жанынан ғалымдардың, жоғары бiлiктi мамандардың, сондай-ақ өзге де адамдардың қатарынан Ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Ғылыми-техникалық кеңестiң құрамы мен ол туралы ереженi Комитеттiң төрағасы бекiтедi. 21. Комитеттiң бiрыңғай жүйесiне мыналар кiредi: Республикалық карантиндiк лаборатория; Республикалық интродукциялық-карантиндiк питомник; Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Ақмола облыстық мемлекеттiк инспекциясы Астана қаласындағы филиалымен; Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Ақтөбе шекаралық мемлекеттiк инспекциясы; Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы шекаралық мемлекеттiк инспекциясы Талдықорған қаласындағы филиалымен; Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттік инспекциясы; Өсімдік карантині жөніндегі Атырау шекаралық мемлекеттік инспекциясы; Өсімдік карантині жөніндегі Шығыс Қазақстан шекаралық мемлекеттік инспекциясы Семей қаласындағы филиалымен; Өсімдік карантині жөніндегі Жамбыл шекаралық мемлекеттік инспекциясы; Өсімдік карантині жөніндегі Батыс Қазақстан шекаралық мемлекеттік инспекциясы; Өсімдік карантині жөніндегі Қарағанды облыстық мемлекеттік инспекциясы Жезқазған қаласындағы филиалымен; Өсімдік карантині жөніндегі Қызылорда шекаралық мемлекеттік инспекциясы; Өсімдік карантині жөніндегі Қостанай шекаралық мемлекеттік инспекциясы, Арқалық қаласындағы филиалымен; Өсімдік карантині жөніндегі Маңғыстау шекаралық мемлекеттік инспекциясы; Өсімдік карантині жөніндегі Павлодар шекаралық мемлекеттік инспекциясы; Өсімдік карантині жөніндегі Солтүстік Қазақстан шекаралық мемлекеттік инспекциясы, Көкшетау қаласындағы филиалымен; Өсімдік карантині жөніндегі Оңтүстік Қазақстан шекаралық мемлекеттік инспекциясы; өсімдік карантині жөніндегі шекаралық, облыстық, қалалық мемлекеттік инспекциялардың құрамына кіретін өсімдік карантині жөніндегі шекаралық постылар (ӨКШП). 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 22. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 476 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өсімдік карантині жөніндегі комитетінің Құрылымы Басшылық Карантиндік бақылау бөлімі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 476 қаулысымен қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "ССРО мемагроөнеркәсібінің Қазақ ССР бойынша Өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекциясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Өсімдік карантині жөніндегі Бас мемлекеттік инспекция етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 32, 497-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысының 5 тармағын ішінара өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 29 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 2, 22-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 шілдедегі N 1093 P971093_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 31, 285-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы N 5 мамырдағы N 708 P970708_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 18, 161-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі N 505 P970505_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 15, 121-құжат). Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.