Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 10 шiлде N 1093. Күшi жойылды - ҚР Президентiнiң 1998.04.27. N 3928 жарлығымен. ~U983928

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "КСРО Мемагроөнеркәсiбiнiң Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Қазақ КСР-i бойынша мемлекеттiк инспекциясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекциясы етiп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысына P920676_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 32, 497-бап) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет туралы ереженiң 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын;
      "Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет республикалық бюджет қаражаты, сондай-ақ карантиннен тыс өсiмдiктердi республикаға әкелгенi және одан шығарғаны үшiн, оларды кейiннен өндiрiстiк мақсаттарға пайдалана отырып залалсыздандырғаны үшiн заңды және жеке тұлғалардан алынатын арнаулы қаражат есебiнен қаржыландырылады";
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi

 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы

Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекциясының

кәсiпорындар мен ұйымдарға көрсететiн қызметiнiң бағаларының

прейскурантын бекiтсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрiнiң

        бiрiншi орынбасары





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады