Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 5 мамыр N 708. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.04.26. N 476 қаулысымен. ~P990476

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "ССРО Мемагроөнеркәсiбiнiң Қазақ ССР бойынша Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекция етiп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 32, 497-құжат) мына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      6-тармақтағы "Карантин лабораториясын" деген сөзден кейiн "Республикалық интродукциялық-карантин питомнигiн, Республикалық фумигациялық отрядты, Алматы қалалық мемлекеттiк және "сөздерiмен толықтырылсын";
      көрсетiлген қаулының "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекция жүйесiне кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесi" қосымшасына:
      "Республикалық карантин лабораториясы" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Республикалық интродукциялық-карантин питомнигi";
      "Республикалық фумигациялық отряд" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын;
      "Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттер инспекциясы";
      "Аймақтық карантин лабораториясымен қоса өсiмдiк карантинi жөнiндегi Ақмола облыстық мемлекеттiк инспекциясы" деген жолдағы "Аймақтық карантин лабораториясымен қоса" деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет туралы Бас мемлекеттiк инспекция туралы ережеде;
      1-тармағының екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекция, Республикалық карантин лабораториясы, Республикалық интродукциялық-карантин питомнигi, Республикалық фумигациялық отряд, Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттiк және облыстық мемлекеттiк инспекциялар".
      "Республикалық карантин лабораториясы мен Республикалық фумигациялық отрядымен қоса өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекция" деген бөлiмiнiң атауындағы "Республикалық карантин лабораториясы мен Республикалық фумигациялық отрядымен қоса" деген сөздерi алынып тасталсын;
      6-тармақтың бiрiншi абзацындағы "карантин лабораториясы мен фумигациялық отрядымен қоса" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Өсiмдiк карантинi жөнiндегi облыстық мемлекеттiк инспекция" деген бөлiмiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын;
      "Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттiк және облыстық мемлекеттiк инспекциялар".
      10-тармақта:
      бiрiншi-үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттiк және облыстық мемлекеттiк инспекцияларын лауазымы бойынша Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық және облыстық бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылатын бастықтар басқарады";
      "Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттiк және облыстық мемлекеттiк инспекциялар заңды тұлға құқығына ие, өзiнiң атауы жазылған елтаңбалы мөрi, бұрыштама және арнаулы мөртаңбалары бар, тiкелей Қазмемкарантинге бағынады;
      Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттiк және облыстық мемлекеттiк инспекцияларына мынадай мiндеттер жүктеледi:";
      жиырма үшiншi абзацтағы "облыстардың әкiмдерiне" деген сөз "тиiстi облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Теңiз немесе өзен портындағы (кемежайдағы), темiр жол станциясындағы, әуежайдағы, почтампттағы және тас жолдағы өсiмдiк карантинi жөнiндегi шекара пунктi тiкелей өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттiк және тиiстi облыстық мемлекеттiк инспекцияларға бағынады".
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады