Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 494. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1266 қаулысымен. ~P991266

       "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 P990206_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал дәрігерлік қадағалау комитеті туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің аймақтық органдары ретінде Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік шекарада және көлікте мемлекеттік мал дәрігерлік бақылау аймақтық қызметі мемлекеттік мекемелері құрылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал дәрігерлік қадағалау комитеті осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрігерлігі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1787 P971787_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 56, 506-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі N 651 P980651_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат) бекітілген өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


                                          Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 494 қаулысымен бекітілген


                Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
         министрлігінің Мал дәрігерлік қадағалау комитеті туралы
                           Ереже
                     1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ мал дәрiгерлiгi саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. <*>
      Комитеттiң аумақтық органдары - облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы мал дәрiгерлiк қадағалау басқармалары, сондай-ақ аудандық және қалалық мал дәрiгерлiгi қадағалау бөлiмдерi және шекарада және көлiкте мемлекеттiк мал дәрiгерлiк бақылаудың аймақтық қызметтерi болады.
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
                қаулысымен. P991093_
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер заңдарға сәйкес оған уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен республиканың аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады.
      5. Комитетінің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      6. Комитеттiң заңды мекенжайы:
      473000, Астана қаласы, Достық көшесi, 6.
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi" мемлекеттiк 
кәсiпорны.
     8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
     9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен 
жүзеге асырылады.
     Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау 
тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым 
салынады.
     Егер Комитетке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге 
асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер 
мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне есептеледi.
     
             2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары
                          және құқықтары
     
     10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:


      1) жануарлар мен құстардың аса қауiптi әрi карантиндi жұқпалы және паразиттi ауруларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi мақсатты бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
      2) меншiктiң барлық нысандарындағы заңды және жеке тұлғалардың мал дәрiгерлiгi ережелерiн сақтауын және мал дәрiгерлiгiнде биологиялық, химиялық және басқа да препараттардың қолданылуын бақылау функцияларын жүзеге асыру;
      3) мал дәрiгерлiгi саласында мамандар даярлау, мал дәрiгерлiк препараттарын шығару және мал дәрiгерлiгiнiң проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi негiзгi бағыттарды айқындауға және бағдарламаларды қалыптастыруға қатысу;
      4) республиканың аумақтарын басқа мемлекеттерден жануарлар ауруларының әкелiнуiнен қорғау, оның iшiнде шекарада және көлiкте мемлекеттiк мал дәрiгерлiк бақылауды қамтамасыз ету;
      5) өнiмнiң, жануар тегiнен шыққан шикiзаттың сапасын мал дәрiгерлiк-санитарлық бақылауды қамтамасыз ету;
      6) мал дәрiгерлiк-санитарлық тұрғыда қоршаған табиғи ортаның ластануының алдын алу болып табылады.
      11. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
      2) жануарлар ауруларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi бағдарламалардың мониторингін, оларды болжауды, әзiрлеудi ұйымдастырады, жануар тегiнен жасалған өнiмдер мен шикiзаттарға мал дәрiгерлік-санитарлық сараптама жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
      3) жануарлардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының тiзбесiн жасайды және оны Yкiметке бекiтуге ұсынады;
      4) жануарларды аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тiзбе бойынша, оқшаулау туралы барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нұсқау бередi;
      5)санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен өзара iс-қимылда халықты жануарлар мен адам үшiн ортақ аурулардан қорғауды қамтамасыз етудi және жануар тегiнен жасалған азық-түлiктермен уланудың алдын алуды жүзеге асырады;
      6) мал дәрiгерлiк нормалар мен ережелер бұзылған жағдайда, қажеттi мал дәрiгерлiк-санитарлық, эпизоотикаға қарсы ic шаралар жүргiзiлгенге дейiн мал өсiру объектiлерiн пайдалануды, ет және сүт өнеркәсiбiн ұйымдастыруды, жануарлар тектес азық-түлiктер мен шикiзаттарды қайта өңдеу және сақтау жөнiндегi ұйымдастыруды тоқтата тұрады;
      7) жануарлардың ауруына байланысты мал дәрiгерлiк статистикасын жүргiзедi, есеп пен есептiлiктiң нысандарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      8) заңды және жеке тұлғалардың мал дәрiгерлiк-алдын алу iс-шараларын жүргiзуiн, олардың қолданылып жүрген мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелердi сақтауын бақылайды, Қазақстан Республикасының мал дәрiгерлiк заңдарын бұзуды болдырмау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      9) республиканың аумақтарын шет мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылайды;
      10) шекаралық және көлiктiк мал дәрiгерлiк бақылау пункттерi арқылы мемлекеттiк мал дәрiгерлiк бақылауды, жануар тегiнен жасалған азық-түлiктер мен шикiзаттардың, жем-шөптiң, биологиялық, химия-фармацевтiк препараттардың және басқа да бақыланатын жүктердiң импортын, экспортын, транзитiн және республиканың iшiнде тасымалдануын, мал айдауды қадағалауды жүзеге асырады;
      11) өз құзыретiнiң шегінде мал дәрiгерлiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;
      12) лаборатория ici және жануарлар мен құстар ауруларының диагностикасын жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;
      13) отандық және импорттық мал дәрiгерлiгi препараттарына, аспаптарына, құралдарына, мал азығына қосымшаларға тiркеу көлiктерiн бередi және оларға арналған нормативтiк-техникалық құжаттаманы бекiтедi, оларды өндiруге және қолдануға рұқсат бередi;
      14) мал өсiру фермаларын, жануарларды сою және жануар тегiнен шыққан шикiзаттарды қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдарды жоспарлаудың және құрылысын салудың жобаларына, көрсетiлген объектiлердiң және жануарларға арналған су қорғандарының құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн бөлудiң жобаларына сараптаманы жүзеге асырады;
      15) халықтың арасында мал дәрiгерлiгi және мал дәрiгерлiк-санитарлық оқу ағарту жұмыстары саласында насихатты ұйымдастырады;
      16) республикалық бюджеттен мал дәрігерлiк-алдын алу, эпизоотикаға қарсы және сауықтыру іс-шараларын жүргiзуге бөлiнетiн қаражаттың мөлшерлерi туралы ұсыныс енгiзедi;
      17) мал дәрiгерлiгi қызметiн ұйымдастырудың отандық және шетелдiк тәжiрибесiн зерделейдi, ұсыныстар енгiзедi және өз құзыретiнiң шегiнде таяу және алыс шет елдермен мал дәрiгерлiгi саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Комитеттiң негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) өз құзыретінің шегiнде орындау үшiн мiндетті нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
      2) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға;
      3) өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi ақпараттар сұратуға және алуға;
      4) өз құзыретiнiң шегiнде лицензиялауды жүзеге асыруға;
      5) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiң меншiгiндегi мүлiктi пайдалануды жүзеге асыруға;
      6) меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдардың мал дәрiгерлiгi заңдарының нормаларын орындауын тексеру мақсатында оларды тексерудi жүргiзуге;
      7) заңды және жеке тұлғаларға эпизоотикаға қарсы және басқа да мал дәрiгерлiк-санитарлық iс-шаралар жүргiзу және мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелердiң бұзылуын жою туралы талаптар қоюға, сондай-ақ қойылған талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      8) мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелер мен нормалардың бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалар мен азаматтарды әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға, оның iшiнде айыппұл санкцияларын қолдануға;
      9) эпизоотикаға қарсы iс-шаралар мен жануарлар ауруларының диагностикасына арналған мемлекеттiк тапсырыстарды қалыптастыруға қатысуға;
      10) биологиялық, химиялық, фармацевтiк, жемдiк үстемелер мен мал дәрiгерлiгi мақсатына арналған басқа да препараттарды өндiрудi және пайдалануды бақылауға;
      11) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар

                        3. Комитеттiң мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      14. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      15. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өздiгiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

                      4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      Комитеттің төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік мал дәрігерлігі инспекторы болып табылады, ал оның орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік мал дәрігерлігі инспекторының орынбасарлары болып табылады.
      17. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
      18. Төраға осы мақсатта:
      1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
      6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
      7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

            5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
                                              Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 494 қаулысымен бекітілген


         Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

      министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің
                     Құрылымы
     
     Басшылық
     
     Мемлекеттік мал дәрігерлік инспекция бөлімі
     
     Мемлекеттік тапсырыстар және лицензия бөлімі
     
     Шекарада және көлікте мемлекеттік мал дәрігерлік бақылау жасау бөлімі
     
     Эпизоотикалық мониторинг және бағдарламалық тесттер бөлімі
     
     Мал дәрігерлігі препараттарын шығаруды және қолдануды бақылау 
және ғылыми-енгізбе жұмыстарын үйлестіру бөлімі
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкіметінің
                                       1999 жылғы 29 сәуірдегі
                                           N 494 қаулысымен
                                             бекітілген
     
            Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
        министрлігі мал дәрігерлік қадағалау комитетінің
                  қарауындағы ұйымдардың
                         Тізбесі
     
     Оңтүстік-Шығыс жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары 
жөніндегі аймақтық арнаулы мал дәрігерлігі лабораториясы
     "Мал-жан" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
     
     
     
  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.
 Омарбекова А.     
     
     
     
     
     
      
      


Вопросы Комитета ветеринарного надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 1999 года N 494 . Утратило силу - постановлением Правительства РК от 27 августа 1999 г. N 1266 ~P991266.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.08.1999 № 1266.

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1999 года N 206 P990206_ "Отдельные вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение о Комитете ветеринарного надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан;

      2) структуру Комитета ветеринарного надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан;

      3) перечень организаций, находящихся в ведении Комитета ветеринарного надзора, Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      2. Создать государственные учреждения: Восточную, Западную, Северную и Южную региональные службы государственного ветеринарного контроля на границе и транспорте, в качестве региональных органов Комитета ветеринарного надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Комитету ветеринарного надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан принять все необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Признать утратившим силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 1997 года № 1787 P971787_ "Вопросы Комитета ветеринарии Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., № 56, ст. 506);

      2) пункт 13 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые


      решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением

      Правительства Республики Казахстан от 9 июля 1998 года № 651

      P980651_

      "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 апреля 1998 г.

      № 3928" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 22, ст. 190).

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр

      Республики Казахстан

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
29 апреля 1999 года № 494
  Положение
о Комитете ветеринарного надзора
Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан
  1.Общие положения
 
 

      1. Комитет ветеринарного надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Комитет) является ведомством, осуществляющим в пределах компетенции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан специальные исполнительные и контрольно-надзорные функции, а также межотраслевую координацию в сфере ветеринарии.

      Комитет имеет территориальные органы - областные, городов Астаны и Алматы управления ветеринарного надзора, а также районные и городские отделы ветеринарного надзора и региональные службы государственного ветеринарного контроля на границе и транспорте.

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 2 августа 1999 г. N 1093 P991093_ .

      2. Комитет осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента, Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Комитет является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также в соответствии с законодательством счета в банке.

      Комитет вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      Комитет имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если он уполномочен на это в соответствии с законодательством.

      4. Комитет по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке издает приказы, которые имеют обязательную силу на территории Республики.

      5. Структура и лимит штатной численности Комитета утверждаются Правительством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции постановления Правительства РК от 2 августа 1999 г. N 1093 P991093_ .

      6. Юридический адрес Комитета:

      473000, город Астана, улица Дружбы, 6.

      7. Полное наименование Комитета - государственное учреждение "Комитет ветеринарного надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан".

      8. Настоящее положение является учредительным документом Комитета.

      9. Финансирование деятельности Комитета осуществляется только из республиканского бюджета.

      Комитету запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Комитета.

      Если Комитету законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.


      2. Основные задачи, функции и права Комитета

      10. Основными задачами Комитета являются:

      1) разработка и реализация целевых программ по предупреждению и ликвидации особо опасных и карантинных инфекционных и паразитарных болезней животных и птиц;

      2) осуществление контрольных функций за соблюдением ветеринарных правил юридическими и физическими лицами всех форм собственности и за применением в ветеринарии биологических, химических и других препаратов;

      3) участие в определении основных направлений и формирование программ по подготовке специалистов в области ветеринарии, производству ветеринарных препаратов и проведению научных исследований по проблемам ветеринарии;

      4) охрана территории республики от заноса из других государств болезней животных, в том числе обеспечение государственного ветеринарного контроля на границе и транспорте;

      5) обеспечение ветеринарно-санитарного контроля за качеством продуктов, сырья животного происхождения;

      6) предупреждение загрязнения в ветеринарно-санитарном отношении окружающей природной среды.

      11. Комитет в соответствии с возложенными на него задачами в установленном законодательством порядке осуществляет следующие функции:

      1) осуществляет лицензирование ветеринарной деятельности;

      2) организует мониторинг, прогнозирование, разработку программ по предупреждению и ликвидации болезней животных, устанавливает порядок проведения ветеринарно-санитарной экспертизы продуктов и сырья животного происхождения;

      3) составляет перечень особо опасных заразных болезней животных, и представляет его на утверждение в Правительство;

      4) дает обязательные для исполнения всем юридическим и физическим лицам указания об отчуждении животных в случае заболевания их особо опасными заразными болезнями по перечню, утвержденному Правительством Республики Казахстан;

      5) осуществляет взаимодействие с органами санитарно- эпидемиологического надзора в обеспечении защиты населения от болезней общих для животных и человека и предупреждения отравлений продуктами животного происхождения;

      6) приостанавливает до проведения необходимых ветеринарно-санитарных, противоэпизоотических мероприятий эксплуатацию животноводческих объектов, организаций мясной и молочной промышленности, организаций по переработке и хранению продуктов и сырья животного происхождения, в случае нарушения ветеринарных норм и правил;

      7) ведет ветеринарную статистику, связанную с заболеваниями животных, вносит предложения по совершенствованию форм учета и отчетности;

      8) контролирует проведение юридическими и физическими лицами ветеринарно-профилактических мероприятий, соблюдения ими действующих ветеринарно-санитарных правил, принимает меры по предупреждению нарушений ветеринарного законодательства Республики Казахстан;

      9) контролирует выполнение мероприятий по охране территории республики от заноса заразных болезней животных из иностранных государств;

      10) осуществляет государственный ветеринарный контроль через пограничные и транспортные контрольные ветеринарные пункты, надзор за импортом, экспортом, транзитом и внутри республиканскими перевозками продуктов и сырья животного происхождения, фуража, биологических, химико-фармацевтических препаратов и других подконтрольных грузов, перегонами животных;

      11) в пределах своей компетенции утверждает нормативные правовые акты по ветеринарии;

      12) осуществляет мероприятия по совершенствованию лабораторного дела и диагностики заболеваний животных и птиц;

      13) выдает регистрационные удостоверения на отечественные и импортные ветеринарные препараты, приборы, инструменты, кормовые добавки и утверждает нормативно-техническую документацию на них, дает разрешение на их производство и применение;

      14) осуществляет экспертизу проектов планировки и строительства животноводческих ферм, организации по убою и переработке животных и сырья животного происхождения, проектов отвода земельных участков для строительства указанных объектов и забора воды для животных;

      15) организует пропаганду знаний в области ветеринарии и ветеринарно-санитарную просветительскую работу среди населения;

      16) вносит предложения о размерах ассигнований из республиканского бюджета на проведение ветеринарно-профилактических, противо-эпизоотических и оздоровительных мероприятий;

      17) изучает отечественный и зарубежный опыт организации ветеринарной службы, вносит предложения и в пределах своей компетенции осуществляет сотрудничество в области ветеринарии со странами ближнего и дальнего зарубежья;

      18) осуществляет иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      12. Для реализации основных задач и осуществления возложенных на него функций Комитет имеет право в установленном законодательством порядке:

      1) издавать в пределах своей компетенции обязательные для исполнения нормативные правовые акты;

      2) выступать органом государственного управления республиканскими государственными предприятиями, утверждать их уставы, осуществлять в отношении их функции субъекта права государственной собственности;

      3) запрашивать и получать необходимую информацию от государственных органов и иных организаций для осуществления возложенных на него задач;

      4) осуществлять лицензирование в пределах своей компетенции;

      5) в пределах своей компетенции осуществлять пользование имуществом, находящимся в государственной собственности;

      6) проводить обследование организаций всех форм собственности с целью проверки выполнения ими норм ветеринарного законодательства;

      7) предъявлять юридическим и физическим лицам требования о проведении противоэпизоотических и других ветеринарно-санитарных мероприятий и устранении нарушений ветеринарно-санитарных правил, а также осуществлять контроль за выполнением предъявленных требований;

      8) привлекать к административной ответственности должностных лиц


      и граждан, допустивших нарушения ветеринарно-санитарных правил и норм,

      в том числе применять штрафные санкции;

      9) участвовать в формировании государственных заказов на

      противоэпизоотические мероприятия и диагностику болезней животных;

      10) контролировать производство и использование биологических,

      химических, фармацевтических, кормовых добавок и других препаратов,

      предназначенных для ветеринарных целей;

      11) осуществлять иные права в соответствии с законодательством.

      3. Имущество Комитета

      13. Комитет имеет на праве оперативного управления обособленное

      имущество.

      14. Имущество, закрепленное за Комитетом относится к

      республиканской собственности.

      15. Комитет не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом

      распоряжаться закрепленным за ним имуществом.

      Комитету может быть представлено право распоряжения имуществом, в случаях и пределах установленных законодательством.


      4. Организация деятельности Комитета

      16. Комитет возглавляет Председатель, назначаемый на должность и освобождаемый от должности Правительством Республики Казахстан, по представлению Министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      Председатель Комитета имеет заместителей, назначаемых на должности и освобождаемых от должностей Министром сельского хозяйства Республики Казахстан.

      Председатель Комитета одновременно является Главным государственным ветеринарным инспектором Республики Казахстан, а его заместители одновременно являются заместителями Главного государственного ветеринарного инспектора Республики Казахстан.

      17. Председатель Комитета организует и руководит работой Комитета, и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Комитет задач и осуществление им своих функций.

      18. В этих целях Председатель:

      1) определяет обязанности и полномочия своих заместителей и руководителей структурных подразделений Комитета;

      2) в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников Комитета, руководителей территориальных органов Комитета;

      3) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Комитета;

      4) подписывает приказы;

      5) утверждает положения о структурных подразделениях Комитета;

      6) представляет Комитет в государственных органах, иных организациях;

      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.


      5. Реорганизация и ликвидация Комитета

      19. Реорганизация и ликвидация Комитета осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.


  Утверждена
 
 
  постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 апреля 1999 года № 494
 
 
  Структура
  Комитета ветеринарного надзора
  Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
 

      Руководство

      Отдел государственной ветеринарной инспекции

      Отдел государственных заказов и лицензирования

      Отдел государственного ветеринарного контроля на границе и

      транспорте

      Отдел эпизоотического мониторинга и программных тестов

      Отдел контроля производства и применения ветеринарных препаратов

      и координации научно-внедренческих работ


  Утвержден
 
 
  постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 апреля 1999 года № 494
 
 
  Перечень
  организаций, находящихся в ведении
  Комитета ветеринарного надзора Министерства сельского
  хозяйства Республики Казахстан
 

      Юго-Восточная зональная специальная ветеринарная лаборатория

      по особо опасным болезням животных и птиц

      Республиканское государственное предприятие "Мал-жан"