Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 18 желтоқсан N 1787. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.04.29. N 494 қаулысымен.

      ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚРҮ-нің 1999.04.29. N 494 қаулысымен.
               P990494_
      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 410-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiгi комитетi туралы ереже;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң құрылымы;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң қарауындағы аумақтық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органдарының, ұйымдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. "Мал дәрiгерлiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық және басқа

актiлердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы
2 қазандағы N 1205  

P961205_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 40, 379-құжат) 1-тармағының үшiншi және сегiзiншi
абзацтарының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                          N 1787 қаулысымен
                                             бекiтiлген

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
                   Мал дәрiгерлiгi комитетi туралы

                                ЕРЕЖЕ

                              Миссиясы



      Мал дәрiгерлiгiн басқару, мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметiнiң жүйесiне басшылық жасауды қамтамасыз ету және мал дәрiгерлiк саласында бiрыңғай саясат жүргiзу.

                           I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiгi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Министрлiк құзыретiнiң және өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқаруды дербес жүзеге асыратын және мал дәрiгерлiгi саласында бiрыңғай саясат жүргiзудi қамтамасыз ететiн мал дәрiгерлiгiн мемлекеттiк басқарудың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитет пен оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру мемлекеттiк бюджетте мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
      Комитетке мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқарудың аумақтық органдары (заңды тұлға құқығында) мен республикалық малдәрiгерлiгi ұйымдары тiкелей бағындырылған.

                            II. Мiндеттерi

      5. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      жануарлардың аса қауiптi және карантиндi жұқпалы және паразиттi ауруларының алдын алу және жою жөнiндегi мақсатты бағдарламаларды, мал шаруашылығына мал дәрiгерлiк қызмет көрсетудiң мал дәрiгерлiк тұрғыда қауiпсiз өнiмдер шығарудың жоспарларын әзiрлеу және iске асыру;
      негiзгi бағыттарды белгiлеу және мал дәрiгерлiгi саласында мамандарды даярлау, мал дәрiгерлiк дәрi-дәрмектердi өндiру және мал дәрiгерлiгiнiң проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi бағдарламаларды қалыптастыру;
      мемлекеттiк басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың - жануарлар мен мал шаруашылығы өнiмдерi иелерiнiң (бұдан әрi - ұйымдар мен азаматтар) мал дәрiгерлiк заңдарын сақтауына бақылау жасау, мал дәрiгерлiгiнде пайдаланылатын диагностикалық, емдеу және алдын алу құралдарының сапасына бақылау жасау;
      республиканың аумақтарын басқа мемлекеттерден жануарлардың ауруларының әкелiнуiнен қорғау;
      мал тегiнен шыққан өнiмдер мен шикiзаттың сапасына мал-дәрiгерлiк санитарлық бақылауды қамтамасыз ету;
      қоршаған табиғи ортаның мал дәрiгерлiк-санитарлық тұрғыда ластануын болдырмау және мал дәрiгерлiгiнде биологиялық, химиялық және басқа да дәрi-дәрмектердiң қолданылуына бақылау жасауды жүзеге асыру болып табылады.

                    III. Функциялары мен құқықтары

      6. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      жергiлiктi мал дәрiгерлiгi қызметтерi мен мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi ұйымдары туралы ережелердi әзiрлеп, бекiтедi және олардың желiсiн қалыптастырады;
      мал ауруларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi мониторингтi, болжамдарды, мемлекеттiк бағдарламалардың әзiрленуiн ұйымдастырады, мал және өсiмдiк тегiнен шыққан өнiмдер мен шикiзатқа мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптау жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi, олардың жүргiзiлуiне бақылау жасауды ұйымдастырады, сондай-ақ жануарлар мен қоршаған табиғи ортаның мал дәрiгерлiк қорғалуын қамтамасыз етедi;
      халықты малдар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау және оларды мал және өсiмдiк тегiнен шыққан өнiмдердi уланудан қорғауды қамтамасыз ету саласында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      жануарлардың аса қауiптi және карантиндiк жұқпалы ауруларының тiзбесiн жасайды және оны белгiленген тәртiппен Үкiметке бекiтуге ұсынады;
      жануарларды жатсындыру, сою, кәдеге жарату немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн аса қауiптi карантиндiк жұқпалы аурулармен ауырған жағдайда оларды жойып жiберу туралы барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi;
      мал шаруашылығы объектiлерiн, ет және сүт өнеркәсiбi ұйымдарын, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын ұқсату және сақтау жөнiндегi ұйымдарды жұқпалы мал аурулары анықталған немесе аталған объектiлердiң мал дәрiгерлiк-санитарлық жағдайы қанағаттанғысыз деп табылған жағдайда қажеттi мал дәрiгерлiк-санитарлық және эпизоотикалық қарсы шаралар жүргiзiлгенге дейiн оларды пайдалануға тыйым салады;
      мал ауруларына байланысты мал дәрiгерлiгi статистикасын жүргiзедi, заңда белгiленген тәртiппен мал дәрiгерлiгi бойынша есеп пен есеп беру нысандарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      ұйымдар мен азаматтардың мал дәрiгерлiк алдын-алу шараларын жүргiзуiн, олардың қолданылып жүрген мал дәрiгерлiгi ережелерiн сақтауын бақылайды, Қазақстан Республикасының мал дәрiгерлiгi туралы заңдарын бұзушылықтардың алдын алу жөнiнде шаралар қабылдайды;
      жануарлардың, жануар тегiнен шыққан өнiмдер мен шикiзаттардың, жем-шөптiң, биологиялық, химиялық-фармацевтiк препараттардың және басқа да бақылаудағы жүктердiң экспорттың, импорттың, транзиттiк тасымалдануына (айдалуына) бақылауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы аумағын шет мемлекеттерден малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын бақылайды;
      мал шаруашылығын жүргiзу, мал ұстау, мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, сақтау, тасымалдау және өткiзу кезiнде орындалуы мiндеттi болып табылатын мал дәрiгерлiгi ережелерi мен басқа да нормативтiк актiлердi республиканың заңдарына сәйкес әзiрлеп, бекiтедi;
      мал дәрiгерлiгi фармакологиялық кеңесi мен биологиялық препараттар жөнiндегi комиссияның жұмысына басшылық етедi;
      мал дәрiгерлiгi қызметiн ұйымдастырудың отандық және шетелдiк тәжiрибелерiн зерделейдi, мал дәрiгерлiгiн ұйымдастыру iсiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi және мал дәрiгерлiгi саласында өз құзыретi шегiнде жақын және алыс шет елмен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      зертханалық iс пен мал ауруларының диагностикасын жетiлдiру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      отандық және импорттық жаңа препараттарды, аспаптарды, құралдарды, қосымша азықтарды тiркейдi және оларға қорытынды бередi, оларға арналған нормативтiк-техникалық құжаттаманы бекiтедi, оларды өндiруге және сатуға рұқсат бередi;
      шетелдiк және отандық мал дәрiгерлiгi препараттарын байқап көрудi, мал дәрiгерлiгi препараттарын әкелуге және шығаруға арналған құжаттарды ресiмдеудi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ақылы қызметтер көрсетедi. <*>
      заңда белгiленген тәртiппен мал дәрiгерлiгi саласындағы өнертабыстарға қорытынды бередi, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстарды практикаға енгiзедi;
      ғылыми-зерттеу және басқа да мал дәрiгерлiгi ұйымдарында ерекше және шұғыл жағдайларда жоспарланбаған эпизоотикалық қарсы шаралар мен мал дәрiгерлiк-санитарлық шараларды жүргiзу кезiнде шұғыл мал дәрiгерлiк көмегiн көрсету үшiн арнаулы топтар құрады, олардың жұмысын үйлестiредi, эпизоотикалық ошақтарды жою жөнiндегi мал дәрiгерлiгi шараларының жүргiзiлуiн қадағалауды жүзеге асырады;
      биологиялық және емдiк препараттардың, дезинфекциялаушы заттардың және материалдық-техникалық ресурстардың резервiн жасайды және оларды сақтау орындарын белгiлейдi;
      ғылыми және өндiрiстiк ұйымдарда микроорганизмдер штаммдарын сақталынуы мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады, белгiленген тәртiппен ветеринариялық дәрi-дәрмектердi, жануар тегiнен жасалған дәрiлiк шикiзаттарды, мал дәрiгерлiгi техникасын, сондай-ақ мал аурулары қоздырғыштарының штаммдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан әкетуге рұқсат бередi, ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарға карантиндiк және аса қауiптi мал аурулары қоздырғыштарының уыттылық штаммдарын алуға рұқсат бередi;
      вакциналар және басқа да мал дәрiгерлiгi мақсаттарына пайдаланылатын биологиялық препараттар жасау үшiн тұрақты бекiтiлген пайдалы қасиеттерi бар микроорганизмдер штаммдарын сақтауға рұқсат бередi;
      белгiленген тәртiппен мал дәрiгерлiгi қызметiмен айналысу құқығына лицензиялар бередi;
      мал шаруашылығы фермаларын, малдарды сою және олардың шикiзаттарын ұқсату ұйымдарын жоспарлау және оларды салу жобаларына, аталған объектiлер мен малдарға арналған су жинағыштарының құрылысы үшiн жер учаскелерiн бөлу жобаларына сараптама жасауды жүзеге асырады;
      халық арасында мал дәрiгерлiгi саласындағы бiлiмдер мен мал дәрiгерлiк-санитарлық ағарту жұмысын насихаттауды ұйымдастырады;
      ауыл шаруашылығы ұйымдарында мал дәрiгерлiк алдын-алу, эпизоотикалық қарсы және сауықтыру шараларын жүргiзу үшiн республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржының мөлшерлерi туралы ұсыныстар енгiзедi, мал дәрiгерлiгi ұйымдарын ұстауға арналған шығыстар сметасын жасайды.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.09. N 651 қаулысымен.
               P980651_

                     IV. Қызметiнiң ұйымдастырылуы

      7. Комитет пен оның ұйымдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.
      8. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады, ол өз жұмысында Министрге есеп бередi.
      Комитеттiң Төрағасы мұнымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiк инспекторы болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша оны Халықаралық эпизоотикалық бюроға, Дүниежүзiлiк мал дәрiгерлiгi ассоциациясына және басқа да халықаралық мал дәрiгерлiк ұйымдарына бiлдiредi.
      Комитет Төрағасының орынбасары мұнымен бiз мезгiлде Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiк инспекторының орынбасары болып табылады, оны Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      9. Комитеттiң Төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiк инспекторы:
      Комитеттiң қызметiне басшылық жасайды және өзiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi, құрылымдық бөлiмшелердiң арасындағы мiндеттердi бөледi;
      Комитеттiң жұмысын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң басқа да бөлiмшелерiмен үйлестiредi;
      бекiтiлген лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Комитет қызметкерлерiн ынталандыру және оларға тәртiптiк шаралар қолдану мәселелерiн шешедi;
      ұйымдарда, сотта Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша өкiлдiк етедi, сондай-ақ Комитеттiң атынан шаруашылық шарттарын жасайды;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының министрiне Төраға орынбасарын, республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi ұйымдары мен мекемелерiнiң басшыларын қызметке тағайындау туралы ұсыныс бередi;
      облыстық және Ақмола, Алматы қалалары мал дәрiгерлiгi қызметтерiнiң басшыларын - облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiк инспекторларын жергiлiктi атқарушы органдардың келiсуi бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      белгiленген адам саны мен еңбек ақы қорының шегiнде Комитет аппаратының штат кестесiн, сондай-ақ құрылымын және Комитеттiң қарауындағы аумақтық органдар мен республикалық бағыныстағы ұйымдардың ережелерi мен жарғыларын бекiтедi;

     Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң алқасында қаралатын мал
дәрiгерлiгi мәселелерi бойынша дайындайды;
     өзiнiң құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiм
қабылдайды;
     эпизоотикалық қарсы және сауықтыру шараларын жүргiзу бөлiнетiн
қаражатқа және орталықтандырылған күрделi салымдарға билiк етушi
болып табылады.
     10. Комитет белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi
ұйымдары мен жергiліктi мал дәрiгерлiгi қызметтерiнiң басшыларын
аттестациядан өткiзедi. Аттестациялау туралы ереженi Комитеттiң
Төрағасы бекiтедi.
     11. Комитет мал дәрiгерлiгi ғылымы мен практикасының негiзгi
бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау үшiн iрi мамандар мен ғалымдардың
ғылыми-техникалық кеңес құрады. Кеңес туралы ереженi Комитеттiң
Төрағасы бекiтедi.
     12. Комитеттi қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                          N 1787 қаулысымен
                                              бекiтiлген

       Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
    Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң қарауындағы аумақтық мемлекеттiк
         мал дәрiгерлiгiн басқару органдары мен ұйымдарының

                               ТIЗБЕСI

     Ақмола облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Ақтөбе облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Алматы облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Атырау облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Шығыс Қазақстан облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Жамбыл облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Батыс Қазақстан облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Қарағанды облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Қостанай облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Қызылорда облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Маңғыстау облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Павлодар облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Солтүстiк Қазақстан облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Оңтүстiк Қазақстан облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Ақмола қаласының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Алматы қаласының мал дәрiгерлiгi комитетi
     Республикалық мал дәрiгерлiгi зертханасы
     Шекарада және көлiкте мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қадағалау бас
басқармасы
     Жануарлардың ауруларына қарсы күрес жөнiндегi республикалық
экспедиция
     Жануарлар мен құстардың аса қауiптi аурулары жөнiндегi
Оңтүстiк-Шығыс аймақтық арнаулы мал дәрiгерлiгi зертханасы
     "Мал-Жан" мал дәрiгерлiк жабдықтау жөнiндегi мемлекеттiк
кәсiпорын

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                          N 1787 қаулысымен
                                              бекiтiлген

       Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
                     Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң

                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Эпизоотикалық қарсы және емдеу-профилактика бөлiмi
     Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi инспекциясы бөлiмi


      Мал дәрiгерлiгi дәрi-дәрмектерiн бақылау, өндiру және мал дәрiгерлiгi саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiру бөлiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады