Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928  Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Мемлекеттiк органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң тәртiбi; 
      Мемлекеттiк органдардың қызмет көрсетулерi үшiн ақы белгiлеу мен оның мөлшерiн айқындаудың тәртiбi; 
      Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң Мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудiң тәртiбi; 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      1) "Қазақ ССР Көлемi шағын кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1984 жылғы 1 қазандағы N 404 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1984 ж., N 20, 68-құжат); 
      2) "Қазақ ССР Көлемi шағын кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы туралы ережеге өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 14 желтоқсандағы N 558 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1988 ж., N 5, 27-құжат); 
      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су заңдары мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 мамырдағы N 473 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су заңдары мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 21, 210-құжат).
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
1998 жылғы 9 шiлдедегi   
N 651 қаулысымен      
бекiтiлген      

  Мемлекеттiк органдардың ақылы қызметтер  көрсетуiнiң
ТӘРТIБI

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртiп "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес мемлекеттiк органдардың қызмет көрсетуiн алатын кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалар мен азаматтардың (бұдан әрi - тұтынушылар) мүдделерi мен құқықтарын қорғау, жеке және заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiнiң кепiлдiктерiн нығайту мақсатында әзiрлендi. Осы Тәртiп тұтынушылар мен ақылы қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органдардың арасындағы қатынастарды реттейдi. 
      2. Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтер бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) жүргiзетiн Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге тиiс. <*>
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.17. N 1075  қаулысымен .

  2. Қызмет көрсетулердi ұсынудың тәртiбi

      3. Мемлекеттiк органдардың тұтынушыларға ақылы қызметтер көрсететiн орындарда көрнектi ұсынылған мынадай ақпараттары: 
      1) толық көлемде (қысқартусыз) жазылған осы Тәртiп; 
      2) өтiнiштердi қараудың мерзiмдерiн көрсете отырып, аталған мемлекеттiк орган көрсететiн ақылы қызметтердiң тiзбесi; 
      3) ұсынылатын қызметтердiң монополияға қарсы органдар бекiткен, тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарымен келiсiлген бағалары; 
      4) тұтынушыларға қызмет көрсетулердi алу үшiн ұсынылатын құжаттардың түпкiлiктi тiзбесi; 
      5) тұтынушыға мемлекеттiк органға ұсыну үшiн қажет құжаттардың толтырылған үлгiлерi; 
      6) қызмет көрсетудiң тәртiбi мен шарттары (мемлекеттiк органның жұмыс режимi, деректемелерi, қызмет көрсету жөнiндегi жеңiлдiктер, өтiнiштi қараудың тәртiбi) болуы тиiс. 
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.17. N 1075  қаулысымен .
      4. Мемлекеттiк органдар тұтынушының ауызша немесе жазбаша өтiнiмiнiң негiзiнде ақылы қызметтер көрсетедi. Мемлекеттiк органдарға өтiнiмдер: 
      1) журналдағы жазбамен; 
      2) тiркелген нөмiрi, қабылданған күнi және өтiнiштi қараудың мерзiмi көрсетiлген құжат берумен көрсетiледi. 
      5. Көрсетiлетiн ақылы қызметтерге арналған өтiнiштердi қараудың мерзiмдерi қызмет көрсетулер түрлерiнiң әрқайсысы бойынша жұмыстардың нормативтiк еңбектi қажет етуiне сәйкес болуы тиiс және жетi күннен аспауы қажет. Өтiнiштердi қараудың мерзiмi тұтынушы ақысын төлегендiгiн растайтын және қолданылып жүрген прейскурантта көрсетiлген өзге де құжаттарды ұсынған сәттен бастап есептеледi.
      6. Прейскурантта көзделмеген ақы алуға тыйым салынады.
      7. Мемлекеттiк органдардың тұтынушыға заңдарда көзделмеген негiздерде ақылы қызметтер көрсетуден бас тартуға құқығы жоқ.
      8. Мемлекеттiк органдарға тұтынушылардан осы тәртiпте көзделген қандай да болмасын шарттарды орындауды талап етуге тыйым салынады.

  3. Мемлекеттiк органдардың, тұтынушылардың ақылы қызметтер көрсетуi (алуы) кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi

      9. Мемлекеттiк органдар:
      1) тұтынушыларға көрнекi және қол жетiмдi нысанда қажеттi және дұрыс ақпарат ұсынуға;
      2) тұтынушыларға ақылы қызметтердi сапалы көрсету үшiн жағдай жасауға;
      3) тұтынушыларға көрсетiлетiн ақылы қызметке жататын мәселелер бойынша жан-жақты тегiн консультациялар беруге;
      4) қызмет көрсетулерге алдын ала ақы төлеудi талап етуге;
      5) прейскурантта көзделген баға мен мерзiмдер бойынша толық көлемде қызметтер ұсынуға мiндеттi.
      10. Тұтынушылар:
      1) мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтер үшiн ақы төлеуге;
      2) заңды тұлғалар - өзiнiң деректемелерiн: ұйымның атауын, мекен-жайын, төлем деректемелерiн, СТН және басқалары;
      жеке тұлғалар - тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнi мен жерiн, үйiнiң мекен-жайын, СТН мемлекеттiк органға хабарлауға; 
      3) қызметтер көрсету үшiн қажеттi құжаттарын толық көлемде ұсынуға мiндеттi. 
      11. Тұтынушы мемлекеттiк органның бүкiл жұмыс күнiнiң iшiнде қызметтер көрсету туралы өтiнiшпен өтiнiм жасауға құқылы. 
      12. Тұтынушы ақылы қызмет көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген кезде, заңдарда белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органның қызметiне шағымдануға құқылы.
      13. Өтiнiштердi қараудың нәтижелерi туралы тұтынушыларға жазбаша хабарланады.
      14. Өтiнiштi қараудың нәтижелерiмен келiспеген немесе жетi күндiк мерзiм iшiнде жауап алмаған жағдайда, тұтынушы жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
      15. Осы Тәртiпте белгiленген ақылы қызметтер көрсетудiң тәртiбi бұзылған кезде мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары, оны бұзуға кiнәлiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
1998 жылғы 9 шiлдедегi    
N 651 қаулысымен     
бекiтiлген     

  Мемлекеттiк органдардың  қызмет  көрсетулерi үшiн ақы белгiлеу мен оның мөлшерiн айқындаудың тәртiбi

       Ескерту. Мәтiндегi "уәкілеттi органдарға", "уәкілеттi органдар", "уәкiлеттi органдардың", "уәкiлеттi органның" деген сөздер "монополияға қарсы органдарға", "монополияға қарсы органдар", "монополияға қарсы органдардың", "монополияға қарсы органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2001.08.17. N 1075  қаулысымен .

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтерге, жұмыстарға (бұдан әрi - қызмет көрсетулер) арналған бағаларды ұсынудың, қараудың және бекiтудiң бiрыңғай тәртiбiн орнықтыру мақсатында әзiрлендi.
      2. Мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтер бағаларын бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе оның тапсыруы бойынша, оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) бекiтедi және тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және жергіліктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарымен келiсiледi. <*>
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.17. N 1075  қаулысымен .
      3. Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтер монополияға қарсы органдар жүргізетiн, Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге тиiс. <*>
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.17. N 1075  қаулысымен .

  2. Бағалардың (прейскуранттардың) жобалардың бекiтуге ұсынудың тәртiбi мен мерзiмдерi

      4. Ақылы қызметтер көрсетуге арналған бағаларды бекiту немесе оларды өзгерту тоқсанына бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi, бекiтiлген бағалар тоқсанның 1-күнiнен енгiзiледi.
      Бағаларды бекiту мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) ақылы қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органдар тоқсан басталғанға немесе бұрын бекiтiлген прейскуранттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 45 күн бұрын бағалардың жобасын уәкiлеттi органдарға ұсынады;
      2) монополияға қарсы орган бағаларды бекiту үшiн қажеттi барлық материалдарды алған күннен бастап 20 күндiк мерзiмде ұсынылған жобаларды қарайды және тиiстi шешiм қабылдайды; 
      3) жаңа бағалар туралы шешiмдi мемлекеттiк органдар оларды енгiзгенге дейiн 10 күн бұрын баспасөзде ресми жариялайды. 
      5. Бағалардың жобалары Үкiмет белгiлеген Мемлекеттiк органдардың ақылы қызметтер көрсетуi тәртiбiнiң талаптары ескерiле отырып прейскуранттардың жобалары нысанында ұсынылады. 
      6. Прейскуранттардың жобаларына: 
      1) бағаларды бекiтудiң немесе қайта қараудың қажеттiлiгi көрсетiлетiн қызметтер үшiн ақы алудың негiздемесiне негiзделетiн түсiндiрме жазба; 
      2) қызметтер көрсету жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама; 
      3) қызмет көрсетулердiң әрбiр түрi бойынша шығындарды таратып көрсету қоса берiледi. 
      7. Ұсынылатын материалдардағы есептiк деректер бухгалтерлiк стандарттардың тиiстi нысандары көрсеткiштерiнiң негiзiнде толтырылады. 
      8. Монополияға қарсы органдар бағалардың жобаларына өзгерiстер енгiзген жағдайда ол туралы үш күндiк мерзiм iшiнде өзiнiң қарсылығын ұсынуға құқылы мемлекеттiк органға хабарлайды. Қарсылықтарды қараудың нәтижелерi бойынша түпкiлiктi шешiм қабылданады. 
      9. Ақылы қызмет көрсетулерге арналған прейскурант: титульдық парақты, "Жалпы нұсқаулар" тарауын, тұтынушы қызметтер көрсету үшiн мемлекеттiк органға ұсынатын құжаттардың тiзбесiн, тұтынушылардың өтiнiштерiн қараудың мерзiмдерiн, қызмет көрсетулердiң атауын және олардың құнын қамтуы тиiс. 
      10. Монополияға қарсы органдар прейскурант қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде 15 күн бұрын бағалардың жобаларын ұсынған мемлекеттiк органдарға қабылданған шешiм туралы хабарлайды. 

  3. Прейскуранттардың жобаларын қараудың тәртiбi

      11. Прейскуранттарды қарау кезiнде материалдардың шығындары, амортизациялық аударымдар, жалпы, әкiмшiлiк және басқа да шығындар нормаларының қолданылып жүрген нормалар мен сараптық бағаларға сәйкестiгi тексерiледi. 
      Нормаларды немесе сараптық бағаларды ақылы қызметтер көрсетушi мемлекеттiк орган айқындайды және егер заңдарда оларды бекiтудiң басқа тәртiбi көзделмесе оның жоғары тұрған органы бекiтедi. 
      Монополияға қарсы органдар прейскуранттардың негiздемесiне ұсынылған нормалар мен сараптық бағалардың есептелуiнiң дұрыстығына сараптау жүргiзуге құқылы. 
      Материалдық шығындардың құны қосылған құнға салықсыз, бағалардың калькуляциясында ескерiледi. 
      12. Ақылы қызметтер көрсету бағаларына енгiзілетiн еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды есептеу кезiнде қызметкерлердiң нақты, бiрақ нормативтен аспауға тиiс саны ескерiледi. 
      Мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтерге қызметкерлердiң нормативтiк саны мен еңбек шығынының (уақыт, еңбек сыйымдылығы) нормативтерi, тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiмен және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен келiсiледi. <*>
       Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.17. N 1075  қаулысымен .
      13. Бағаларды қалыптастыру кезiнде шығындардың құрамында ақылы қызметтер көрсетуге тiкелей байланысты емес шығыстар есептелмейдi. 
      14. Бағаларды бекiтетiн монополияға қарсы органдар бағалардың деңгейiн айқындау кезiнде ескерiлген iс жүзiндегi шығындарға талдау жүргiзедi, сондай-ақ бағаларды есептеу дұрыстығының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. 
      15. Монополияға қарсы органдар ақылы қызмет көрсетулер және олардың құнын есептеу бөлiктерiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы. Тексерулердiң нәтижелерi бойынша бағалардың негiздемесiне ұсынылған деректердiң iс жүзiндегiден айтарлықтай ауытқуы анықталған кезде монополияға қарсы органдардың өз шешiмiн тоқтатуға немесе прейскурантқа өзгерiс енгiзуге құқығы бар.

  4. Осы тәртiптiң талаптарын орындамағаны үшiн жауаптылық

      16. Бағаларды бекiту үшiн қажеттi материалдарды осы Тәртiптi бұза отырып ұсыну - уәкiлеттi органның прейскуранттардың жобаларын қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.
      17. Прейскуранттарды бекiтуге ұсынған мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары қасақана дұрыс емес немесе жалған мәлiметтер ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен жауаптылыққа тартылады.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
1998 жылғы 9 шiлдедегi   
N 651 қаулысымен     
бекiтiлген     

  Мемлекеттiк органдар  қызмет  көрсететiн ақылы қызметтердiң Мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудiң тәртiбi

      Ескерту. Мәтiндегi "уәкілеттi органдарға", "уәкілеттi орган" деген сөздер "монополияға қарсы органдарға", "монополияға қарсы орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2001.08.17. N 1075  қаулысымен .

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртiп Мемлекеттiк тiркелiмдi қалыптастырудың, жүргiзудiң және оған өзгерiстер енгiзудiң тәртiбiн айқындайды. 
      2. Мемлекеттік органдар көрсететiн және алымдар, аударымдар және төлемдер түрiнде ақы төленетiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмi (бұдан әрi - Тiркелiм), - ол мемлекеттiк органдар, олар үшiн ақы алу арқылы көрсетуге құқылы, қызмет көрсетулердiң тiзбесi. 
      3. Мемлекеттiк органдарға ақылы қызметтер көрсету кезiнде Тiркелiмде көзделмеген алымдар, аударымдар және төлемдер алуға тыйым салынады.

  2. Тiркелiмдi жасаудың, жүргiзудiң және оған өзгерiстер енгiзудiң тәртiбi

      4. Тiркелiмдi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар), тиiсiнше, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарының келiсiмi бойынша қалыптастырады және бекiтедi. <*>
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.17. N 1075  қаулысымен .
      5. Мемлекеттiк органдар Тiркелiмге ақылы қызмет көрсетулердi кiргiзу үшiн монополияға қарсы органдарға өтiнiмдер ұсынады. Өтiнiмдердiң нысаны мен оны ұсынудың тәртiбiн монополияға қарсы орган айқындайды. 
      6. Тiркелiм республикалық және жергiлiктi бөлiмдердi қамтиды. Тiркелiмнiң республикалық бөлiмi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен, Тiркелiмнiң жергiлiктi бөлiмдерi - оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бұйрықтарымен бекiтіледi. <*>
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.17. N 1075  қаулысымен .
      7. Тiркелiм мынадай деректемелердi: 
      1) мемлекеттiк органның атауын; 
      2) алымның, аударымның немесе төлемнiң түрiн; 
      3) ақылы қызметтер көрсету үшiн негiздеменi қамтиды. 
      8. Тiркелiмнiң республикалық және жергiлiктi тарамдарын нақтылауды жылына кемiнде екi рет (жылдың және жарты жылдықтың қорытындысы бойынша) уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      9. Тiркелiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн негiздеме:
      1) негiздеменi мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердi белгiлеу (алып тастау, өзгерту) бөлiгiнде өзгерту;
      2) ақылы қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органдарды құру, қайта атау, қайта ұйымдастыру немесе тарату.
      10. Тiркелiмдi монополияға қарсы орган "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес жылына кемiнде бiр рет, 1 сәуiрден кешiктiрмей ресми жариялайды.
      11. Тiркелiмге енгiзiлетiн өзгерiстер мiндеттi жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
1998 жылғы 9 шiлдедегi   
N 651 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.01.29. N 68  қаулысымен .
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.29. N 498  қаулысымен .
      3. <*>  Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.01.  N 142 қаулысымен.
      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.09. N 124  қаулысымен .
      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 1998.12.23. N 1322  қаулысымен .
      6. <*>
       Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.08.19. N 918  қаулысымен .
      7. <*>  Ескерту. 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646  Қаулысымен .
      8. <*>
       ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.03.17. N 251  қаулысымен .
      9. <*>
       Ескерту. 9-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.29. N 498  қаулысымен .
      10.<*>
      Ескерту. 10-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.28. N 407  қаулысымен.
        11. <*>
       Ескерту. 11-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.03.12. N 234  қаулысымен .
      12. <*>
       Ескерту. 12-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.12.04. N  1164 қаулысымен.
       Ескерту. 13-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.29. N 494  қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады