Республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қатынастарының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 4 мамыр N 529. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.19. N 1564 қаулысымен. ~P001564

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңын Z990357_ іске асыру және Заңның жобасын дайындау кезінде субвенциялар мен бюджеттік алулардың ұзақ мерзімдік мөлшерлерін айқындау жөніндегі негізгі бағыттарды әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Республикалық бюджеттен облыстардың бюджетіне берілетін субвенциялар мен облыстардың және Алматы қаласының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың ұзақ мерзімдік мөлшерлерін айқындаудың әдістемесі мақұлдансын (қоса беріліп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Субвенциялар және бюджеттік алулар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу кезінде бекітілген әдістеме бойынша айқындалған субвенциялар мен бюджеттік алымдардың мөлшерлеріне сүйенсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
       міндетін атқарушы


                                         Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 529 қаулысына қосымша


      Республикалық бюджеттен облыстардың бюджетіне берілетін
       субвенциялар мен облыстардың және Алматы қаласының
   бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың ұзақ
           мерзімдік мөлшерлерін айқындаудың әдістемесі

      Аймақтардың қаржы қаражатын басқарудағы дербестігін кеңейту мақсатында "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 Z990357_ Заңымен Республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін нақты бөлу енгізілді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға белгіленген көлемдердің шегінде қарызға алуды жүргізуге рұқсат берілді. Осы жүйенің шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы тікелей өзара қатынас республикалық бюджеттен облыстардың бюджетіне берілетін субвенциялар мен облыстардың бюджетінен республикалық бюджетке берілетін бюджеттік алулар арқылы қалыптасады. Субвенциялар мен бюджеттік алулардың мөлшерлері мынадай тұрғыда айқындалған жергілікті бюджеттердің шығыстары мен кірістері көлемдерінің негізінде есептелді.
      1. Облыстар мен Алматы қаласының бюджеттері шығыстарының көлемдерін айқындаудың негізгі принципі 1999-2001 жылдардың ішінде, одан кейінгі жылдарға белгіленетін, облыстар мен Алматы қаласы бюджетінің халықтың жан басына шаққандағы шығыстарының бірыңғай нормативіне бірте-бірте көшу болып табылады:
      1) Аймақтардың арасындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі жағдайына әсер етудің негізгі және айқындаушы объективті факторы болып табылатын табиғат-ауа райы жағдайындағы (температуралық режим, шөлейттену және жерлердің тұздану дәрежесі) өзгешеліктер ескеріле отырып, облыстардың үш негізгі топтары бөлектенді (1 қосымша). Бұл ретте туберкулезбен, гепатитпен аурудың дәрежесі, обаның табиғи ошақтарының болуы, автомобиль жолдарының ұзындығы және басқалар сияқты басқа маңызды факторлар да ескерілді.
      Бірінші топ, ел үшін қалыпты табиғат жағдайларының белгісі бойынша бірлескен аймақтардың үлкен бөлігін қамтиды. Бұл топқа 1,0 нормативі берілді. Бірінші топқа: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы кірді.
      Екінші топқа кірген облыстар бірінші топтағы аймақтардағы жағдайлармен салыстырғанда едәуір қатаң табиғат-ауа райы жағдайларының белгісі бойынша бөлінді. Бұл топ, бірінші топтағы облыстар бюджеттерінің шығыстарымен салыстырғанда бір тұрғынға едәуір жоғары шығыстарды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, бірліктен жоғары нормативтер берілген Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ақмола облыстарын біріктіреді.
      Үшінші топ салыстырмалы түрде қолайлы табиғат-ауа райы жағдайымен ерекшеленетін үш оңтүстік облысты: Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын біріктіреді, осыған байланысты оларға бірліктен төмен нормативтер берілді.
      Берілген нормативтер облыстар бюджеттерінің аймақтық құрылымын алдын ала айқындай отырып, облыстар бюджетінің бір тұрғынға арналған шығыстарының бірінші топтағы облыстар бюджетінен бір тұрғынға арналған шығыстарға ара-қатынасы болып табылады.
      2) Осы нормативтер мен құрылымдардың негізінде 2001 жылға арналған коэффициенттер есептелді. Коэффициенттер облыстардың бюджеттерінен бір тұрғынға арналған шығыстардың орташа республикалық деңгейге ара-қатынасы болып табылады. Облыстар бюджеттері шығыстарының 2000 жылға арналған коэффициенттері мен аймақтық құрылымы облыстар мен Алматы қаласының 2001 жылғы бюджеттері шығыстарының аймақтық құрылымына дәйекті ауысуды қамтамасыз ете отырып, 1999 және 2001 жылдардың коэффициенттері мен аймақтық құрылымдарының арасындағы аралық мәндер болып табылады (2-қосымша). Жергілікті бюджеттер шығыстарының 1999 жылға арналған коэффициенттері мен аймақтық құрылымы "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 359-1 Z990359_ Заңына сәйкес келетін 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджеттің есептері негізінде қабылданды.
      Жоғарыда айтылған әдістеме бойынша айқындалған коэффициенттердің негізінде 1999 жылғы бағада және шарттармен облыстар мен Алматы қаласы бюджеттерінің 2000 және 2001 жылдарға арналған шығыстары есептелді.
      ІІ. Облыстар мен Алматы қаласы бюджеттерінің кіріс бөлігінің 2000-2001 жылдарға арналған көлемдері "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 Заңына сәйкес облыстардың бюджетіне түсімдердің бекітілген түрлерінің негізінде нақты көрсетіліп айқындалды.
      Субвенциялар мен бюджеттік алулардың ұзақ мерзімдік мөлшерлері "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 Заңына сәйкес түсімдердің барлық түрлерін бөлшектеумен айқындалған облыстар бюджетінің кіріс бөлігі мен облыстар

бюджеттерінің шығыстары көлемдерінің арасындағы айырмашылық ретінде 
1999 жылдың жағдайымен айқындалады.
     4-қосымшада субвенциялар мен бюджеттік алулардың 1999-2001 
жылдарға және одан кейінгі жылдарға арналған мөлшерлері берілген.
     Аталған әдістеме Астана қаласында қолданылып отырған арнайы 
экономикалық аймақтың бюджетіне қолданылмайды.
     
     
                                                   1-қосымша
     
          Облыстардың бюджеттері шығыстарының нормативтері
               бойынша облыстардың топтары
     
     Бірінші топ
     Ақтөбе              1,00
     Шығыс Қазақстан     1,00
     Батыс Қазақстан     1,00
     Қарағанды           1,00
     Қостанай            1,00
     Павлодар            1,00     
     Солтүстік Қазақстан 1,00
     Алматы қаласы       1,00
     
     Екінші топ    
     Ақмола              1,15
     Атырау              1,15
     Қызылорда           1,10
     Маңғыстау           1,15
     
     Үшінші топ             
     Алматы              0,90
     Жамбыл              0,90
     Оңтүстік Қазақстан  0,85
     
                                                   2-қосымша
     
      Бір тұрғынға арналған шығыстардың орташа республикалық
                шығыстарға арақатынасы
     
     Облыстардың         1999 жыл    2000 жыл    2001 жыл
     
     Ақмола              1,22         1,20        1,17
     Ақтөбе              0,90         0,96        1,02 
     Алматы              0,83         0,87        0,92
     Атырау              1,17         1,17        1,17
     Шығыс Қазақстан     1,12         1,07        1,02        
     Жамбыл              0,78         0,85        0,92
     Батыс Қазақстан     1,09         1,06        1,02
     Қарағанды           1,03         1,02        1,02
     Қызылорда           1,41         1,27        1,12 
     Қостанай            1,01         1,02        1,02
     Маңғыстау           1,20         1,19        1,17
     Павлодар            1,10         1,06        1,02     
     Солтүстік Қазақстан 1,04         1,03        1,02
     Оңтүстік Қазақстан  0,72         0,79        0,87
     Алматы қаласы       1,16         1,09        1,02  

     Барлығы:              1            1          1

   
     
                                              3-қосымша
     
      Облыстардың бюджеттерінің 1999 жылдың жағдайындағы шығыстары
                    
                                             мың теңге
     ____________________________________________________________
     
     Облыстардың         1999 жыл    2000 жыл    2001 жыл
     ____________________________________________________________
     Ақмола              6 647 034    6 510 023   6 373 012
     Ақтөбе              6 177 275    6 578 171   6 979 068
     Алматы             12 874 543   13 602 138  14 329 733
     Атырау              5 149 582    5 156 443   5 163 304
     Шығыс Қазақстан    17 174 816   16 381 229  15 587 641   
     Жамбыл              7 722 229    8 383 146   9 044 062
     Батыс Қазақстан     6 701 139    6 478 218   6 255 298
     Қарағанды          14 507 339   14 467 349  14 427 360
     Қызылорда           8 573 022    7 694 876   6 816 731
     Қостанай           10 319 822   10 357 666  10 395 509
     Маңғыстау           3 811 522    3 767 936   3 724 350
     Павлодар            8 996 967    8 867 764   8 378 562
     Солтүстік Қазақстан 10 715 567  10 629 653  10 543 739
     Оңтүстік Қазақстан 14 221 267   15 695 695  17 170 122
     Алматы қаласы      12 985 527   12 187 344  11 389 160

     Барлығы:           146 577 651  146 577 651 146 577 651

  


                                                  4 қосымша
     
     1999 жылдың жағдайындағы субвенциялар (+) мен
      бюджеттік алулардың (-) мөлшерлері
                    
                                             мың теңге
     ____________________________________________________________
     
     Облыстардың           Жергілікті  1999 жыл    2000 жыл    2001 жыл
        атауы              бюджеттер-
                           дің 1999
                           жылға
                           арналған
                           кірістері
     ____________________________________________________________
     Ақмола                3 380 900   3 226 134   3 129 123   2 992 112 
     Ақтөбе                7 823 043  -1 645 768   -1 244 872  -843 975
     Алматы                6 827 196   6 047 347   6 774 942    7 502 537
     Атырау               11 915 498  -6 765 916  -6 759 055    6 752 194
     Шығыс Қазақстан      16 892 364   282 452    -511 135     -1 304 723
     Жамбыл                5 375 442  2 346 787   3 007 704     3 668 620
     Батыс Қазақстан       6 357 050    344 089   121 168      -101 752
     Қарағанды            18 891 654  -4 384 315  -4 424 305   -4 464 294
     Қызылорда             5 320 323  3 252 699   2 374 553    1 496 408
     Қостанай           10 682 341    -362 519   -324 675      -286 832
     Маңғыстау           8 655 787    -4 844 265 -4 887 851    -4 931 437
     Павлодар           12 737 289    -3 740 322 -4 049 525    -4 358 727
     Солтүстік Қазақстан 6 900 300    3 815 267   3 729 353    3 643 439
     Оңтүстік Қазақстан  8 104 256   6 117 011   7 591 439     9 065 866
     Алматы қаласы      29 147 371   -16 161 844 -16 960 027  -17 758 211

     Барлығы:           159 010 814  -12 433 163 -12 433 163  -12 433 163
     
     
     
  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.
 Омарбекова А.     
      
      


О некоторых вопросах взаимоотношений республиканского и местных бюджетов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 1999 года N 529 . Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 октября 2000 г. N 1564 ~P001564.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.10.2000 № 1564.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года Z990357_ "О бюджетной системе" и разработки основных направлений по определению долговременных размеров субвенций и бюджетных изъятий при подготовке проекта Закона, Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Одобрить методику определения долговременных размеров субвенций, передаваемых из республиканского бюджета в бюджеты областей, и бюджетных изъятий из бюджетов областей и г. Алматы в республиканский бюджет (прилагается).

      2. Министерству финансов Республики Казахстан при разработке проекта Закона Республики Казахстан "О субвенциях и бюджетных изъятиях" исходить из размеров субвенций и бюджетных изъятий, определенных по утвержденной методике.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


      Исполняющий обязанности

      Премьер-Министра

      Республики Казахстан


  Одобрена
 
 
  постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 4 мая 1999 года № 529
 
 
  Методика определения долговременных размеров
  субвенций, передаваемых из республиканского бюджета в
  бюджеты областей, и бюджетных изъятий из бюджетов
  областей и г. Алматы в республиканский бюджет
 

      С целью расширения самостоятельности регионов в управлении финансовыми средствами Законом Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года № 357-1 "О бюджетной системе" введено четкое разделение доходной и расходной частей государственного бюджета между республиканским и местными бюджетами. Также местным исполнительным органам разрешено проводить заимствование в пределах определенных объемов. В рамках этой системы прямые взаимоотношения между республиканским и местными бюджетами складываются через субвенции, передаваемые из республиканского бюджета в бюджеты областей, и бюджетные изъятия, передаваемые из бюджетов областей в республиканский бюджет. Размеры субвенций и бюджетных изъятий рассчитаны, исходя из объемов расходов и доходов местных бюджетов, определенных следующим образом.

      I. Основным принципом определения объемов расходов бюджетов областей и г. Алматы является постепенный переход в течение 1999-2001 гг. к единому нормативу расходов бюджетов областей и г. Алматы на душу населения, который будет установлен на последующие годы:

      1) Учитывая существующие между регионами различия в природно- климатических условиях (температурный режим, степень опустынивания и засоления земель), являющихся основным и определяющим объективным фактором влияния на условия проживания населения, выделены три основные группы областей (Приложение 1). При этом были учтены также и другие значимые факторы, такие, как степень заболеваемости туберкулезом, гепатитом, наличие природных очагов чумы, протяженность автомобильных дорог и др.

      Первая группа включает большую часть регионов, объединенных по признаку типичных для страны природных условий. Этой группе присвоен норматив 1,0. В первую группу вошли следующие области: Актюбинская, Восточно-Казахстанская, Западно-Казахстанская, Карагандинская, Костанайская, Павлодарская, Северо-Казахстанская и г. Алматы.

      Области, вошедшие во вторую группу, были выделены по признаку более жестких природно-климатических условий по сравнению с условиями в регионах первой группы. Эта группа объединяет Атыраускую, Мангистаускую, Кызылординскую и Акмолинскую области, которым присвоены нормативы выше единицы, позволяющие обеспечить более высокие расходы на одного жителя по сравнению с расходами бюджетов областей первой группы.

      Третья группа объединяет три южные области: Алматинскую, Жамбылскую и Южно-Казахстанскую, отличающиеся относительно благоприятными природно-климатическими условиями, в связи с чем им присвоены нормативы ниже единицы.

      Присвоенные нормативы являются соотношением расходов бюджета области на одного жителя к расходам на одного жителя из бюджета области первой группы, предопределяя региональную структуру бюджетов областей;

      2) На основании этих нормативов и структуры были рассчитаны коэффициенты на 2001 год. Коэффициенты являются соотношением расходов на одного жителя из бюджета области к среднереспубликанскому уровню расходов на одного жителя. Коэффициенты и региональная структура расходов бюджетов областей на 2000 гг. являются промежуточными значениями между коэффициентами и региональной структурой 1999 и 2001 годов, обеспечивая последовательный переход к региональной структуре расходов бюджетов областей и г. Алматы 2001 года (Приложение 2). Коэффициенты и региональная структура расходов местных бюджетов на 1999 год приняты на основании расчетов государственного бюджета на 1999 год, соответствующего Закону Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года № 359-1 "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 1999 год".

      Исходя из коэффициентов, определенных по вышеизложенной методике, были рассчитаны расходы бюджетов областей и г. Алматы на 2000 и 2001 годы в ценах и условиях 1999 года (Приложение 3).

      II. Объемы доходной части бюджетов областей и г. Алматы на 2000-2001 гг. определены на уровне 1999 года в реальном выражении на основании закрепленных видов поступлений в бюджеты областей в соответствии с Законом Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года № 357-1 "О бюджетной системе".

      Долговременные размеры субвенций и бюджетных изъятий определяются в условиях 1999 года как разница между доходной частью бюджета области, определяемой расщеплением всех видов поступлений в соответствии с Законом Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года № 357-1 "О бюджетной системе" и объемами расходов бюджетов областей.

      В Приложении 4 приведены размеры субвенций и бюджетных изъятий на 1999-2001 гг. и последующие годы.

      Данная методика не распространяется на бюджет специальной экономической зоны, действующей в г. Астане.


  Приложение 1
 
 
 
 
  Группировка областей по нормативам расходов
 
  бюджетов областей

      Первая группа

      Актюбинская 1,00

      В-Казахстанская 1,00

      З-Казахстанская 1,00

      Карагандинская 1,00

      Костанайская 1,00

      Павлодарская 1,00

      С-Казахстанская 1,00

      г. Алматы 1,00


      Вторая группа

      Акмолинская 1,15

      Атырауская 1,15

      Кызылординская 1,10

      Мангистауская 1,15


      Третья группа

      Алматинская 0,90

      Жамбылская 0,90

      Ю-Казахстанская 0,85


  Приложение 2
 
 
 
 
  Соотношение расходов на одного жителя
 
  к среднереспубликанским расходам

      Наименование области 1999 год 2000 год 2001 год


      Акмолинская 1,22 1,20 1,17

      Актюбинская 0,90 0,96 1,02

      Алматинская 0,83 0,87 0,92

      Атырауская 1,17 1,17 1,17

      В-Казахстанская 1,12 1,07 1,02

      Жамбылская 0,78 0,85 0,92

      З-Казахстанская 1,09 1,06 1,02

      Карагандинская 1,03 1,02 1,02

      Кызылординская 1,41 1,27 1,12

      Костанайская 1,01 1,02 1,02

      Мангистауская 1,20 1,19 1,17

      Павлодарская 1,10 1,06 1,02

      С-Казахстанская 1,04 1,03 1,02

      Ю-Казахстанская 0,72 0,79 0,87

      г. Алматы 1,16 1,09 1,02

      Всего 1 1 1



      Приложение 3


      Расходы бюджетов областей в условиях 1999 года


      тыс. тенге

      Наименование области 1999 год 2000 год 2001 год

      Акмолинская 6 647 034 6 510 023 6 373 012

      Актюбинская 6 177 275 6 578 171 6 979 068

      Алматинская 12 874 543 13 602 138 14 329 733

      Атырауская 5 149 582 5 156 443 5 163 304

      В-Казахстанская 17 174 816 16 381 229 15 587 641

      Жамбылская 7 722 229 8 383 146 9 044 062

      З-Казахстанская 6 701 139 6 478 218 6 255 298

      Карагандинская 14 507 339 14 467 349 14 427 360

      Кызылординская 8 573 022 7 694 876 6 816 731

      Костанайская 10 319 822 10 357 666 10 395 509

      Мангистауская 3 811 522 3 767 936 3 724 350

      Павлодарская 8 996 967 8 687 764 8 378 562

      С-Казахстанская 10 715 567 10 629 653 10 543 739

      Ю-Казахстанская 14 221 267 15 695 695 17 170 122

      г. Алматы 12 985 527 12 187 344 11 389 160

      Всего 146 577 651 146 577 651 146 577 651