1. Республикалық бюджеттен облыстардың бюджетіне берілетін субвенциялар мен облыстардың және Алматы қаласының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың ұзақ мерзімдік мөлшерлерін айқындаудың әдістемесі мақұлдансын (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Субвенциялар және бюджеттік алулар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу кезінде бекітілген әдістеме бойынша айқындалған субвенциялар мен бюджеттік алымдардың мөлшерлеріне сүйенсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 529 қаулысына қосымша
Республикалық бюджеттен облыстардың бюджетіне берілетін
субвенциялар мен облыстардың және Алматы қаласының
бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың ұзақ
мерзімдік мөлшерлерін айқындаудың әдістемесі
Аймақтардың қаржы қаражатын басқарудағы дербестігін кеңейту мақсатында "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 Z990357_ Заңымен Республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін нақты бөлу енгізілді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға белгіленген көлемдердің шегінде қарызға алуды жүргізуге рұқсат берілді. Осы жүйенің шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы тікелей өзара қатынас республикалық бюджеттен облыстардың бюджетіне берілетін субвенциялар мен облыстардың бюджетінен республикалық бюджетке берілетін бюджеттік алулар арқылы қалыптасады. Субвенциялар мен бюджеттік алулардың мөлшерлері мынадай тұрғыда айқындалған жергілікті бюджеттердің шығыстары мен кірістері көлемдерінің негізінде есептелді.
1. Облыстар мен Алматы қаласының бюджеттері шығыстарының көлемдерін айқындаудың негізгі принципі 1999-2001 жылдардың ішінде, одан кейінгі жылдарға белгіленетін, облыстар мен Алматы қаласы бюджетінің халықтың жан басына шаққандағы шығыстарының бірыңғай нормативіне бірте-бірте көшу болып табылады:
1) Аймақтардың арасындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі жағдайына әсер етудің негізгі және айқындаушы объективті факторы болып табылатын табиғат-ауа райы жағдайындағы (температуралық режим, шөлейттену және жерлердің тұздану дәрежесі) өзгешеліктер ескеріле отырып, облыстардың үш негізгі топтары бөлектенді (1 қосымша). Бұл ретте туберкулезбен, гепатитпен аурудың дәрежесі, обаның табиғи ошақтарының болуы, автомобиль жолдарының ұзындығы және басқалар сияқты басқа маңызды факторлар да ескерілді.
Бірінші топ, ел үшін қалыпты табиғат жағдайларының белгісі бойынша бірлескен аймақтардың үлкен бөлігін қамтиды. Бұл топқа 1,0 нормативі берілді. Бірінші топқа: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы кірді.
Екінші топқа кірген облыстар бірінші топтағы аймақтардағы жағдайлармен салыстырғанда едәуір қатаң табиғат-ауа райы жағдайларының белгісі бойынша бөлінді. Бұл топ, бірінші топтағы облыстар бюджеттерінің шығыстарымен салыстырғанда бір тұрғынға едәуір жоғары шығыстарды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, бірліктен жоғары нормативтер берілген Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ақмола облыстарын біріктіреді.
Үшінші топ салыстырмалы түрде қолайлы табиғат-ауа райы жағдайымен ерекшеленетін үш оңтүстік облысты: Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын біріктіреді, осыған байланысты оларға бірліктен төмен нормативтер берілді.
Берілген нормативтер облыстар бюджеттерінің аймақтық құрылымын алдын ала айқындай отырып, облыстар бюджетінің бір тұрғынға арналған шығыстарының бірінші топтағы облыстар бюджетінен бір тұрғынға арналған шығыстарға ара-қатынасы болып табылады.
2) Осы нормативтер мен құрылымдардың негізінде 2001 жылға арналған коэффициенттер есептелді. Коэффициенттер облыстардың бюджеттерінен бір тұрғынға арналған шығыстардың орташа республикалық деңгейге ара-қатынасы болып табылады. Облыстар бюджеттері шығыстарының 2000 жылға арналған коэффициенттері мен аймақтық құрылымы облыстар мен Алматы қаласының 2001 жылғы бюджеттері шығыстарының аймақтық құрылымына дәйекті ауысуды қамтамасыз ете отырып, 1999 және 2001 жылдардың коэффициенттері мен аймақтық құрылымдарының арасындағы аралық мәндер болып табылады (2-қосымша). Жергілікті бюджеттер шығыстарының 1999 жылға арналған коэффициенттері мен аймақтық құрылымы "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 359-1 Z990359_ Заңына сәйкес келетін 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджеттің есептері негізінде қабылданды.
Жоғарыда айтылған әдістеме бойынша айқындалған коэффициенттердің негізінде 1999 жылғы бағада және шарттармен облыстар мен Алматы қаласы бюджеттерінің 2000 және 2001 жылдарға арналған шығыстары есептелді.
ІІ. Облыстар мен Алматы қаласы бюджеттерінің кіріс бөлігінің 2000-2001 жылдарға арналған көлемдері "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 Заңына сәйкес облыстардың бюджетіне түсімдердің бекітілген түрлерінің негізінде нақты көрсетіліп айқындалды.
Субвенциялар мен бюджеттік алулардың ұзақ мерзімдік мөлшерлері "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 Заңына сәйкес түсімдердің барлық түрлерін бөлшектеумен айқындалған облыстар бюджетінің кіріс бөлігі мен облыстар
бюджеттерінің шығыстары көлемдерінің арасындағы айырмашылық ретінде 1999 жылдың жағдайымен айқындалады. 4-қосымшада субвенциялар мен бюджеттік алулардың 1999-2001 жылдарға және одан кейінгі жылдарға арналған мөлшерлері берілген. Аталған әдістеме Астана қаласында қолданылып отырған арнайы экономикалық аймақтың бюджетіне қолданылмайды. 1-қосымша Облыстардың бюджеттері шығыстарының нормативтері бойынша облыстардың топтары Бірінші топ Ақтөбе 1,00 Шығыс Қазақстан 1,00 Батыс Қазақстан 1,00 Қарағанды 1,00 Қостанай 1,00 Павлодар 1,00 Солтүстік Қазақстан 1,00 Алматы қаласы 1,00 Екінші топ Ақмола 1,15 Атырау 1,15 Қызылорда 1,10 Маңғыстау 1,15 Үшінші топ Алматы 0,90 Жамбыл 0,90 Оңтүстік Қазақстан 0,85 2-қосымша Бір тұрғынға арналған шығыстардың орташа республикалық шығыстарға арақатынасы Облыстардың 1999 жыл 2000 жыл 2001 жыл Ақмола 1,22 1,20 1,17 Ақтөбе 0,90 0,96 1,02 Алматы 0,83 0,87 0,92 Атырау 1,17 1,17 1,17 Шығыс Қазақстан 1,12 1,07 1,02 Жамбыл 0,78 0,85 0,92 Батыс Қазақстан 1,09 1,06 1,02 Қарағанды 1,03 1,02 1,02 Қызылорда 1,41 1,27 1,12 Қостанай 1,01 1,02 1,02 Маңғыстау 1,20 1,19 1,17 Павлодар 1,10 1,06 1,02 Солтүстік Қазақстан 1,04 1,03 1,02 Оңтүстік Қазақстан 0,72 0,79 0,87 Алматы қаласы 1,16 1,09 1,02 Барлығы: 1 1 1 3-қосымша Облыстардың бюджеттерінің 1999 жылдың жағдайындағы шығыстары мың теңге ____________________________________________________________ Облыстардың 1999 жыл 2000 жыл 2001 жыл ____________________________________________________________ Ақмола 6 647 034 6 510 023 6 373 012 Ақтөбе 6 177 275 6 578 171 6 979 068 Алматы 12 874 543 13 602 138 14 329 733 Атырау 5 149 582 5 156 443 5 163 304 Шығыс Қазақстан 17 174 816 16 381 229 15 587 641 Жамбыл 7 722 229 8 383 146 9 044 062 Батыс Қазақстан 6 701 139 6 478 218 6 255 298 Қарағанды 14 507 339 14 467 349 14 427 360 Қызылорда 8 573 022 7 694 876 6 816 731 Қостанай 10 319 822 10 357 666 10 395 509 Маңғыстау 3 811 522 3 767 936 3 724 350 Павлодар 8 996 967 8 867 764 8 378 562 Солтүстік Қазақстан 10 715 567 10 629 653 10 543 739 Оңтүстік Қазақстан 14 221 267 15 695 695 17 170 122 Алматы қаласы 12 985 527 12 187 344 11 389 160 Барлығы: 146 577 651 146 577 651 146 577 651 4 қосымша 1999 жылдың жағдайындағы субвенциялар (+) мен бюджеттік алулардың (-) мөлшерлері мың теңге ____________________________________________________________ Облыстардың Жергілікті 1999 жыл 2000 жыл 2001 жыл атауы бюджеттер- дің 1999 жылға арналған кірістері ____________________________________________________________ Ақмола 3 380 900 3 226 134 3 129 123 2 992 112 Ақтөбе 7 823 043 -1 645 768 -1 244 872 -843 975 Алматы 6 827 196 6 047 347 6 774 942 7 502 537 Атырау 11 915 498 -6 765 916 -6 759 055 6 752 194 Шығыс Қазақстан 16 892 364 282 452 -511 135 -1 304 723 Жамбыл 5 375 442 2 346 787 3 007 704 3 668 620 Батыс Қазақстан 6 357 050 344 089 121 168 -101 752 Қарағанды 18 891 654 -4 384 315 -4 424 305 -4 464 294 Қызылорда 5 320 323 3 252 699 2 374 553 1 496 408 Қостанай 10 682 341 -362 519 -324 675 -286 832 Маңғыстау 8 655 787 -4 844 265 -4 887 851 -4 931 437 Павлодар 12 737 289 -3 740 322 -4 049 525 -4 358 727 Солтүстік Қазақстан 6 900 300 3 815 267 3 729 353 3 643 439 Оңтүстік Қазақстан 8 104 256 6 117 011 7 591 439 9 065 866 Алматы қаласы 29 147 371 -16 161 844 -16 960 027 -17 758 211 Барлығы: 159 010 814 -12 433 163 -12 433 163 -12 433 163 Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.