Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1311 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.  N 1311  (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңын  орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.27. N  525  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз). 

     1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі өзінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.27. N  525  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз). 

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
1999 жылғы 10 мамырдағы   
N 556 қаулысымен      
бекітілген           

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N  334 ,   2000.03.02. N  344 , 2002.12.26. N  1373 , 2003.10.02. N  1015  қаулыларымен.

  Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын
түрлеріне қойылатын
Біліктілік талаптары

       Біліктілік талаптары қызметтің лицензиялауға жататын мынадай түрлері:
      электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату;
      өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiсiн, электр станцияларын, электр желілерi мен кiшi станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ-мұнай өнімдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерін жобалау және пайдалану және мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары; 
      химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахталық, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электртехникасы жабдықтарын, бақылау аппаратуралары мен жүйелерін, апатқа қарсы қорғаныс пен белгі бергіштерді, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандарды, ыдыстарды және құбыр желілерін жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу; 
      электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу; 
      тұрғын және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйелерін жасау, жөндеу; 
      минералдық шикізатты өңдеу бойынша лицензиялар алуға талапкер заңды және жеке тұлғаларға қолданылады; 
      мұнай өнiмдерiн өндiру; <*>
       Ескерту. Өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.27. N  525  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз), 2007.11.27.  N 1137  (ресми жарияланған күнінен бастап 21 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен. 

  Электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды , электр станцияларын, электр желiлерi мен кіші станцияларды пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік талаптары <*> 

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.26. N  1373  қаулысымен. 

      1. Біліктілік талаптары: 
      1) энергиямен жабдықтаудың жұмыс істеп тұрған жүйесімен өлшемдері мен режимдері бойынша (кернеу, ток жиілігі, релелік және апатқа қарсы қорғаныш) технологиялық үйлесушілікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердің; 
      2) жобалық құжаттамалар мен қолданылып жүрген санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес электр, өрт, жарылыс қауіпсіздігі талаптарына, техника қауіпсіздігі мен техниканы пайдалану ережелеріне сәйкес келетін мамандандырылған өндірістік ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың; технологиялық жабдықтың, құралдар мен технологиялық жарақтанудың; электр және жылу энергияларын есептеу, тарату және жұмсау аспаптарымен қамтамасыз етілудің; 
      3) жабдықтарды, механизмдерді, құралдарды және жарақтарды пайдалану мен техникалық күтім жасауды; 
      жедел-диспетчерлік басқаруды және байланыс каналдарын; 
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды; 
      метрологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін қызметтердің; 
      4) мемлекеттік энергия қадағалау органының қорытындысымен, белгіленген тәртіппен бекітілген энергиямен жабдықтау, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтардың, бағдарламалардың және іс-шаралардың, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін - ағымдағы және күрделі жөндеулердің кестесінің; 
      5) оларды пайдаланған жағдайда, шетелдік жұмыс күшін тартуға лицензиялардың; 
      6) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар басшылардың, техникалық пайдалану ережелері мен қауіпсіздік ережелері білімдері біліктілік тексеруінен өткен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.     

   Өнеркәсiптiк жарылыс, өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiсiн, гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ, мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн жобалауды және пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын бiлiктілік талаптары 

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.26. N  1373 , 2005.05.27. N  525  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).    

      1. Біліктілік талаптары: 
      1) жер қойнауын пайдалану, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік талаптарға сәйкес келетін технологиялық регламенттер мен технологиялық жобалардың; 
      2) өндірістік-техникалық базаның: мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың (машиналар, механизмдер, жабдықтар, газ-мұнай өнімдері, қазандықтар, ыдыстар) және технологиялық желілердің, сондай-ақ жобалау жұмыстарын орындау кезiнде конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзiрлеу, есептеулердi, сызуларды, сметаларды орындау үшiн ұйымдастыру техникасы мен электрондық техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң; 
      3) дайын өнімдердің, жарылыс-өрт қаупі бар, күшті әсер ететін улы заттарды және өртке қарсы материалдарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, сондай-ақ орындалған жобалық құжаттаманың; 
      4) жабдықтарды, механизмдерді, құралдар мен жарақтарды пайдалануды және техникалық күтім жасауды (жобалау кезiнде талап етілмейді); 
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды және қоршаған ортаны қорғауды; 
      метрологиялық қамтамасыз етуді; 
      жер қойнауын пайдалану кезіндегі маркшейдерлік жұмыстарды қамтамасыз ететін қызметтердің;
      4-1) жобаның сапасын бақылау жүйесiнің (жобалау кезiнде); 
      5) тау-кен техникалық және экологиялық қадағалау органдарының өтініш берушінің еңбек қауіпсіздігі және қорғау ережелерінің талаптарына, экологиялық (көтергiш құрылғыларды жобалау және пайдалану кезiнде талап етілмейді) нормаларға сәйкестігін растайтын қорытындыларының; 
      6) объектілерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі белгіленген тәртіппен бекітілген нұсқаулықтардың, өндірістегі болуы мүмкін аварияларды жою жоспарларының, сондай-ақ тиiстi қызмет саласында жобалау жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаның, нормативтік-техникалық, анықтамалық, әдiстемелiк әдебиеттiң; 
      7) арнайы жұмыс түріне лицензиялардың (жер қойнауын пайдалану) құқығына, оларды пайдаланған жағдайда шетелдік жұмыс күшіне арналған); 
      8) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, техникалық пайдалану ережелері мен қауіпсіздік ережелері білімдерінен біліктілік тексеруден өткен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.27. N  525  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).   

  Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахталық, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электртехникасы жабдықтарын, бақылау аппаратуралары мен жүйелерін, аварияға қарсы қорғаныс пен белгі бергіштерді, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандарды, ыдыстарды және құбыр желілерін жобалауды, дайындауды, монтаждауды және жөндеуді жүзеге асыратын шаруашылық 
жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік талаптары <*> 

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.26. N  1373  қаулысымен. 

      1. Біліктілік талаптары: 
      1) өндірістік-техникалық (жөндеу-механикалық) базаның: еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі саласындағы регламенттерге, техникалық жобаларға, заңдардың ережелеріне сәйкес келетін мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, машиналардың, механизмдердің, жабдықтардың; 
      2) өнімдердің, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестігіне аттестацияланған лабораторияның (қызмет көрсетуге шарт); 
      3) жабдықтарды, механизмдерді, құралдарды және жарақтарды пайдалану мен техникалық күтім жасауды; 
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды; 
      метрологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін қызметтердің; 
      4) тау-кен техникалық және санитарлық қадағалау органдарының өтініш берушінің қауіпсіздік ережелері мен еңбек қорғау талаптарына, санитарлық нормаларға сәйкестігін растайтын қорытындыларының;
      5) шетелдік жұмыс күштерін пайдаланған жағдайда, оларды тартуға лицензиялардың;
      6) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар басшылардың, техникалық пайдалану ережелері және қауіпсіздік ережелері білімдерінен біліктілік тексеруден өткен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.

  Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары 

      1. Біліктiлiк талаптары:
      1) электр энергиясын тұтынушыларға, оның iшiнде аймақтан тысқары жерлерге де берудiң техникалық мүмкiндігінің; 
      2) тиiсті бiлiм деңгейiне жауап беретiн басшылары мен мамандарының бiлiктiлiк құрамының және аймақтық диспетчерлiк орталықпен жедел келiссөздер жүргiзу құқығы бар тәулiк бойғы жедел-диспетчерлiк қызмет үшiн оқытылған және аттестацияланған қызметшiлердiң; 
      3) коммерциялық есеп жүргiзудi және көрсеткiштердi интеграцияланған жинауды қамтамасыз ететiн қызметтің, сондай-ақ жедел-диспетчерлiк қызметтің немесе қандай да бiр болмасын құқықтық күшi бар диспетчерлiк орталықпен диспетчерлiк қызмет көрсету жөнiндегi шарттардың (ой-ниет хаттамасының); 
      4) 10 000 ең төмен есептi көрсеткiштен кем емес мөлшерде айналымдық қаражатының; 
      5) өтінiш берушi мен энергия өндiрушiнiң, сондай-ақ энергия берушi ұйымдардың арасындағы авария жағдайына арналған резервтiк алмастыру шартымен электр энергиясын тұтынушыға беру және тасымалдауға арналған шарттардың немесе ой-ниет хаттамаларының болуын қамтиды.
      6) мемлекеттік энергия қадағалау органының қорытындысы; <*>
       Ескерту. 6) тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.26. N  1373  қаулысымен.  

  Уларды өндiрудi, қайта өңдеудi, тасымалдауды, сатып алуды, сақтауды, сатуды, пайдалануды және жоюды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары*

       Ескерту. Бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.27.  N 1137  (ресми жарияланған күнінен бастап 21 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  Тұрғын және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйелерін жасап шығаруды, жөндеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік талаптары

       1. Біліктілік талаптары: 
      1) өндірістік-техникалық (жөндеу-механикалық) базаның: технологиялық регламенттерге, техникалық жобаларға және газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес келетін технологиялық желілердің, мамандандырылған өндірістік ғимараттардың және инженерлік құрылыстардың; 
      2) жарылу, өртену қаупі бар газдарды (табиғи және сұйытылған), өртке қарсы құралдарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың, сиымдылықтардың; 
      3) газ құбырлары мен баллондарды, оларды жөндеу жөніндегі (ауыр қалдықтарды баллондардан төгу, баллондарды буландыру, куәліктендіру және бояу) құралдар мен жарақтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; 
      тұрғын және коммуналдық-тұрмыстық объектілер жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектінің авариясыз жұмысын (өздерінің авариялық қызметі немесе авариялық қызметпен шарттың болуы); 
      еңбектің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды бақылауды; 
      өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз етуші қызметтердің; 
      4) тау-кен техникалық қазандық газ қадағалаудың өтініш берушінің еңбек қауіпсіздігі және қорғау ережелері талаптарына сәйкестігін растайтын қорытындысының; 
      5) жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін белгіленген тәртіппен бекітілген нұсқаулықтарының - ыдыстар мен құбыр желілерін техникалық куәліктендіру, негізгі технологиялық жабдықты ағымдағы және күрделі жөндеулер кестелерінің; 
      6) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар басшылардың, газ шаруашылығында техникалық пайдалану ережелері және қауіпсіздік ережелері білімдерінен біліктілік тексеруден өткен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды. 

  Минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын шаруашылық 
жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік талаптары 

      1. Біліктілік талаптары: 
      1) қауіпсіздік және техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес келетін техникалық жобалар мен технологиялық регламенттердің, мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, жабдықтар мен механизмдердің, технологиялық желілердің, инженерлік құрылыстардың, қалдық сақтағыштардың, шлам тұндырғыштардың; 
      2) дайын өнімдерді, жарылғыш, өртенгіш, күшті әсер ететін улы заттар мен өртке қарсы материалдарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сиымдылықтардың; 
      3) жабдықтарды, механизмдерді, құралдар мен жарақтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; 
      еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды бақылауды; 
      өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін қызметтердің; 
      4) экологиялық және тау-кен техникалық қадағалаудың, өтініш берушінің еңбек қауіпсіздігі және қорғау ережелері талаптарына сәйкестігін растайтын қорытындысының; 
      5) оларды пайдаланған жағдайда, шетелдік жұмыс күшін тартуға лицензиялардың; 
      6) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар инженерлік-техникалық және басшы қызметкерлердің білікті құрамының болуын қамтиды. 

  Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстарын жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары

       Бiлiктiлiк талаптары: 
      1) жер қойнауын қорғау қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк талаптарға сәйкес келетiн техникалық жобалар мен технологиялық регламенттердiң; 
      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы өндiрiстiк-техникалық базаның: регламенттерге, нормативтерге, қауiпсiздiк ережелерiне сәйкес келетiн мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттың, машиналардың, агрегаттардың, бұрғылау қондырғыларының, механизмдердiң, жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының; 
      3) скважиналарды бұрғылау кезiнде пайдаланылатын жарылыс-өрт қауiпі бар, күштi әсер ететiн улы заттар мен өртке қарсы материалдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың; 
      4) бұрғылау қондырғыларын, агрегаттарды, жабдықтарды, механизмдердi, құралдар мен жарақтарды пайдалануды және оларға техникалық күтiм жасауды; 
      еңбек қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды бақылауды; 
      метрологиялық қамтамасыз етудi қамтамасыз ететiн қызметтердiң; 
      5) тау-кен техникалық және экологиялық қадағалау органдарының өтiнiш берушiнiң техника қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау ережелерiнiң талаптарына, экологиялық нормаларына сәйкестiгiн растайтын қорытындыларының; 
      6) мұнайгаз фонтандары мен атқылауларының алдын алу және жою жөнiндегi ұйымдастыру жоспарының, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтардың; 
      7) оларды пайдаланған жағдайда, шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатының; 
      8) тиiстi бiлiм деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар техникалық басшылардың, техникалық пайдалану ережелерi мен қауiпсiздiк ережелерiн бiлетiндiгiне біліктілік тексеруден өткен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.

        Мұнай өнiмдерiн өндiруге қойылатын бiлiктiлiк талаптары

       Ескерту. Бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.10.02. N  1015  қаулысымен.

       Бiлiктiлiк талаптары:
      1) еңбек пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік талаптарға сәйкес келетін өндiрiс паспорты мен технологиялық регламенттің;
      2) өндірістік-техникалық базаның:
      мамандандырылған өндiрiс ғимараттарының;
      мұнай және (немесе) газ өңдеуші жабдықтардың, соның iшiнде стандарттау және өлшемдердiң бiртұтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi нормативтiк құжаттарға жауап беретiн технологиялық желiлер мен өлшеу құралдарының;
      3) уәкiлетті органмен келiсiм бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мемлекеттiк орган белгiлейтiн талаптарға жауап беретiн мұнай өнiмдерiн өндiру мен сату көлемдерi туралы ақпаратты уәкiлеттi органға автоматтандырылған берудi қамтамасыз ететiн есепке алуды бақылау приборларының;
      4) шикiзатты және дайын өнiмдi, жарылыс-өрт қаупі бар, әсерi күштi улы заттар мен өртке қарсы материалдарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;
      5) өнiм сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестiгін бақылау жөнiндегi аттестатталған зертхананың (қызмет көрсетуге арналған шарт);
      6) белгiленген тәртiппен бекiтiлген:
      объектiлердi қауiпсiз пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтың;
      өндiрiсте болуы мүмкiн аварияларды жою жоспарының;
      7) мыналарды қамтамасыз ететiн қызметтердiң:
      технологиялық процестердiң сақталуын және берiлген сападағы өнiмнiң шығарылуын;
      жабдықтарды, тетіктерді, құрылғылар мен жарақтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi;
      еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      өндiрiсті метрологиялық қамтамасыз етудi;
      8) өтiнiш берушiнiң қауiпсiздiк, қоршаған ортаны қорғау ережелерiне және санитарлық талаптарға сәйкестiгiн растайтын тау-кен-техникалық, экологиялық және санитарлық қадағалау қорытындыларының;
      9) жұмыстың арнайы түрлерiне (мұнай өнiмдерiн тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсету болған кезде қауiпті жүктердi тасымалдауға, оны пайдаланған жағдайда шетелдiк жұмыс күшiн тартуға) лицензияның (рұқсаттың);
      10) тиiстi бiлiм беру деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша нақты жұмыс тәжiрибесi бар техникалық басшылардың бiлiктi құрамының, техникалық пайдалану мен қауiпсiздiк ережелерiн бiлуге бiлiктiлiк тексеруден өткен мамандардың болуын қамтиды.

Об утверждении Квалификационных требований к лицензируемым видам деятельности в сфере промышленности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 мая 1999 года N 556. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года N 1311.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.12.2007 № 1311 (вводится в действие по истечении 21 дня после официального опубликования).

      Во исполнение Закона Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года N 2200 Z952200_ "О лицензировании" Правительство Республики Казахстан постановляет: <*>

      Сноска. В преамбулу внесены изменения - постановлением Правительства РК от 27 мая 2005 г. N 525 (порядок введения в действие см. п.2).

      1. Утвердить прилагаемые Квалификационные требования к лицензируемым видам деятельности в сфере промышленности.

      2. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан привести свои ранее принятые решения в соответствие с настоящим постановлением. <*>

      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 27 мая 2005 г. N 525 (порядок введения в действие см. п.2).

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

Исполняющий обязанности


Премьер-Министра


Республики Казахстан



  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 10 мая 1999 года N 556

Квалификационные
требования к лицензируемым видам деятельности
в сфере промышленности <*>

      Сноска. Внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 1 марта 2000 г. N 334 ; от 2 марта 2000 N 344 ; от 26 декабря 2002 г. N 1373 ; от 2 октября 2003 г. N 1015 ; от 27 мая 2005 г. N 525 (порядок введения в действие см. п.2); от 27 ноября 2007 г. N 1137 (вводится в действие по истечении 21 календарного дня после официального опубликования).

      Квалификационные требования распространяются на юридические и физические лица, претендующие на получение лицензии по следующим лицензируемым видам деятельности:

      производство, передача и распределение электрической и тепловой энергии;

      проектирование и эксплуатация промышленных взрывопожароопасных и горных производств, электрических станций, электрических сетей и подстанций, гидротехнических сооружений, магистральных газонефтепродуктопроводов, подъемных сооружений, а также котлов, сосудов и трубопроводов, работающих под давлением и буровые работы на нефть и газ;

      проектирование, изготовление, монтаж и ремонт химического, бурового, нефтегазопромыслового, геологоразведочного, горно-шахтного металлургического, энергетического оборудования, взрывозащищенного электротехнического оборудования, аппаратуры и систем контроля, противоаварийной защиты и сигнализации, подъемных сооружений, а также котлов, сосудов и трубопроводов, работающих под давлением;

      покупка в целях перепродажи электрической энергии;

      производство, ремонт систем газификации жилых и коммунально-бытовых объектов;

      переработка минерального сырья;

      производство нефтепродуктов.

Квалификационные требования к хозяйствующим
субъектам, осуществляющим производство, передачу и
распределение электрической и тепловой энергии
эксплуатацию электрических станций, электрических
сетей и подстанций <*>

      Сноска. Внесены изменения - постановлением Правительства РК от от 26 декабря 2002 г. N 1373 .

      1. Квалификационные требования включают наличие:

      1) служб по обеспечению технологической совместимости с действующей системой энергоснабжения по параметрам и режимам (напряжение, частота тока, релейная и противоаварийная защита);

      2) специализированных производственных зданий и инженерных сооружений, соответствующих проектной документации и действующим санитарным и экологическим нормам, требованиям электропожаровзрывобезопасности, правилам техники безопасности и технической эксплуатации; технологического оборудования, приспособлений и технологической оснастки; обеспеченности приборами учета, распределения и расхода электрической и тепловой энергии;

      3) служб, обеспечивающих:

      эксплуатацию и техническое обслуживание оборудования, механизмов, приспособлений и оснастки;

      оперативно-диспетчерское управление и каналы связи;

      контроль безопасности труда;

      метрологическое обеспечение;

      4) заключения органа госэнергонадзора и утвержденных в установленном порядке инструкций, программ и мероприятий по энергосбережению, охране окружающей среды и технике безопасности, для действующих предприятий - графиков текущих и капитальных ремонтов;

      5) лицензии на привлечение иностранной рабочей силы, в случае ее использования;

      6) квалификационного состава технических руководителей, отвечающих соответствующему образовательному уровню и имеющих опыт практической работы по специальности, специалистов, прошедших квалификационную проверку знаний правил технической эксплуатации и правил безопасности.

Квалификационные требования к хозяйствующим субъектам,
осуществляющим проектирование и эксплуатацию промышленных взрыво-,
пожароопасных и горных производств, гидротехнических сооружений,
магистральных газо-, нефтепродуктопроводов, подъемных сооружений,
а также котлов, сосудов и трубопроводов, работающих под давлением <*>

      Сноска. Внесены изменения - постановлениями Правительства РК от от 26 декабря 2002 г. N 1373 ; от 27 мая 2005 г. N 525 (порядок введения в действие см. п.2).
      1. Квалификационные требования включают наличие:

      1) технологических регламентов и технического проекта, соответствующих нормативным требованиям в области недропользования, охраны труда и окружающей среды;

      2) производственно-технической базы: специализированные производственные здания, инженерные сооружения (машины, механизмы, оборудование, газонефтепродуктопроводы, котлы, сосуды) и технологические линии, а также оргтехники и электронной техники, программного обеспечения для разработки конструкторско-технологической документации, выполнения расчетов, чертежей, сметы при выполнении проектных работ;

      3) специально оборудованных складов, помещений и емкостей для хранения готовой продукции, взрывопожароопасных, ядовитых сильнодействующих веществ и противопожарных материалов, а также выполненной проектной документации;

      4) служб, обеспечивающих:

      эксплуатацию и техническое обслуживание оборудования, механизмов, приспособлений и оснастки;

      контроль безопасности труда и охраны окружающей среды (при проектировании не требуется);

      метрологическое обеспечение;

      маркшейдерские работы при пользовании недрами;

      4-1) системы контроля качества проекта (при проектировании);

      5) заключений органов горнотехнического и экологического (при проектировании и эксплуатации подъемных сооружений не требуется) надзора, подтверждающих соответствие заявителя требованиям правил безопасности и охраны труда, экологическим нормам;

      6) утвержденных в установленном порядке инструкций по безопасной эксплуатации объектов, плана ликвидации возможных аварий на производстве, а также нормативной правовой базы, нормативно-технической, справочной, методической литературы по проектированию в соответствующей сфере деятельности;

      7) лицензии на специальные виды работ (на право недропользования, на привлечение иностранной рабочей силы, в случае ее использования);

      8) квалификационного состава технических руководителей, отвечающих соответствующему образовательному уровню и имеющих опыт практической работы по специальности, специалистов, прошедших квалификационную проверку знаний правил технической эксплуатации и правил безопасности.

Квалификационные требования к хозяйствующим субъектам, осуществляющим
проектирование изготовление, монтаж и ремонт химического, бурового,
нефтегазопромыслового, геологоразведочного, горно-шахтного металлургического,
энергетического оборудования, взрывозащищенного электротехнического оборудования,
аппаратуры и систем контроля, противоаварийной защиты и сигнализации,
подъемных сооружений, а также котлов, сосудов и трубопроводов,
работающих под давлением

      1. Квалификационные требования включают наличие:

      1) производственно-технической (ремонтно-механической) базы: специализированные производственные здания, машины, механизмы, оборудование, соответствующие регламентам, техническому проекту, положениям законодательства в области охраны труда и техники безопасности;

      2) аттестованной лаборатории (договор на обслуживание), соответствие стандартам, нормам и техническим условиям продукции, работ и услуг;

      3) служб, обеспечивающих:

      эксплуатацию и техническое обслуживание оборудования, механизмов, приспособлений и оснастки;

      контроль безопасности труда;

      метрологическое обеспечение;

      4) заключений органов горнотехнического и санитарного надзора, подтверждающих соответствие заявителя требованиям правил безопасности и охраны труда, санитарным нормам;

      5) лицензии на привлечение иностранной рабочей силы, в случае ее использования;

      6) квалификационного состава технических руководителей, отвечающих соответствующему образовательному уровню и имеющих опыт практической работы по специальности, специалистов, прошедших квалификационную проверку знаний правил технической эксплуатации и правил безопасности. <*>

      Сноска. Внесены изменения - постановлением Правительства РК от от 26 декабря 2002 г. N 1373 .

Квалификационные требования к хозяйствующим субъектам,
осуществляющим покупку в целях перепродажи электрической энергии <*>

      Сноска. Глава - в новой редакции согласно постановлению Правительства РК от 2.03.2000 N 344 P000344_ . Внесены изменения - постановлением Правительства РК от от 26 декабря 2002 г. N 1373 .

      Квалификационные требования включают наличие:

      1) технической возможности поставки электрической энергии потребителям, в том числе и за пределы региона;

      2) квалификационного состава руководителей и специалистов, отвечающих соответствующему образовательному уровню, и наличие обученного и аттестованного персонала для круглосуточной оперативно-диспетчерской деятельности с правом ведения оперативных переговоров с региональным диспетчерским центром;

      3) служб, обеспечивающих ведение коммерческого учета и интегрированный сбор показаний, а также оперативно-диспетчерскую деятельность или наличие договоров (протокол намерений) с каким-либо правомочным диспетчерским центром по оказанию диспетчерских услуг;

      4) оборотных средств в размере не менее 10 000 месячных расчетных показателей;

      5) договоров или протоколов намерений между заявителем и энергопроизводящей, а также энергопередающей организациями на поставку и транспортировку электрической энергии до потребителя с условием резервного замещения на случай аварий;

      6) заключение органа госэнергонадзора.

Квалификационные требования к хозяйствующим субъектам, осуществляющим
производство, переработку, перевозку, приобретение, хранение,
реализацию, использование и уничтожение ядов*

      Сноска. Требования исключены постановлением Правительства РК от 27 ноября 2007 г. N 1137 (вводится в действие по истечении 21 календарного дня после официального опубликования).

Квалификационные требования к хозяйствующим субъектам,
осуществляющим производство, ремонт систем газификации
жилых и коммунально-бытовых объектов

      1. Квалификационные требования включают наличие:

      1) производственно-технической (ремонтно-механической) базы: технологические линии, специализированные производственные здания и инженерные сооружения, приборы учета, соответствующие технологическим регламентам, техническим проектам и требованиям правил безопасности в газовом хозяйстве;

      2) специально оборудованных складов, помещений и емкостей для хранения взрывопожароопасных (природных и сжиженных) газов, противопожарных средств;

      3) служб, обеспечивающих:

      эксплуатацию и техническое обслуживание газопроводов и баллонов, приспособлений и оснастки по их ремонту (слив из баллона тяжелых остатков, пропарка, освидетельствование и покраска баллонов и т.д.);

      безаварийную работу хозяйствующего субъекта в системе газификации жилых и коммунально-бытовых объектов (собственная аварийная служба или наличие договора с аварийной службой);

      контроль безопасности труда и охраны окружающей среды;

      метрологическое обеспечение производства;

      4) заключения горнотехнического котлогазового надзора, подтверждающее соответствие заявителя требованиям правил безопасности и охраны труда;

      5) утвержденных в установленном порядке инструкций, для действующих хозяйствующих субъектов - графиков технического освидетельствования сосудов и трубопроводов, текущих и капитальных ремонтов основного технологического оборудования;

      6) квалификационного состава технических руководителей, отвечающих соответствующему образовательному уровню и имеющих опыт практической работы по специальности, специалистов, прошедших квалификационную проверку знаний правил технической эксплуатации и правил безопасности в газовом хозяйстве.

Квалификационные требования к хозяйствующим субъектам,
осуществляющим переработку минерального сырья

      1. Квалификационные требования включают наличие:

      1) технических проектов и технологических регламентов, специализированных производственных зданий, оборудования и механизмов, технологических линий, инженерных сооружений, хвостохранилища, шламоотстойников, соответствующих правилам безопасности и технической эксплуатации;

      2) специально оборудованных складов, помещений и емкостей для хранения готовой продукции, взрывопожароопасных, ядовитых сильнодействующих веществ и противопожарных материалов;

      3) служб, обеспечивающих:

      эксплуатацию и техническое обслуживание оборудования, механизмов, приспособлений и оснастки;

      контроль безопасности труда и охраны окружающей среды;

      метрологическое обеспечение производства;

      4) заключений экологического и горнотехнического надзора, подтверждающих соответствие заявителя экологическим требованиям, правилам безопасности и охраны труда;

      5) лицензии на привлечение иностранной рабочей силы, в случае ее использования;

      6) квалификационного состава инженерно-технических и руководящих работников, отвечающих соответствующему образовательному уровню и имеющих опыт практической работы по специальности.

Квалификационные требования к хозяйствующим субъектам,
осуществляющим буровые работы на нефть и газ. <*>

      Сноска. Дополнено новой главой - постановлением Правительства РК от 1 марта 2000 г. N 334 P000334_ .

      Квалификационные требования включают наличие:

      1) технического проекта и технологических регламентов, соответствующих нормативным требованиям в сфере охраны недр, техники безопасности и охраны труда;

      2) производственно-технической базы на территории Республики Казахстан: специализированные производственные здания, машины, агрегаты, буровые установки, механизмы, оборудование и контрольно-измерительные приборы, соответствующие регламентам, нормативам, правилам безопасности;

      3) специально оборудованных складов, помещений и емкостей, предназначенных для хранения взрывопожароопасных, сильнодействующих ядовитых реагентов и противопожарных материалов, используемых при бурении скважин;

      4) служб, обеспечивающих:

      эксплуатацию, техническое обслуживание буровых установок, агрегатов, оборудования, механизмов, инструментов и оснастки;

      контроль безопасности труда и охраны окружающей среды;

      метрологическое обеспечение;

      5) заключения органов горно-технического и экологического надзора, подтверждающих соответствие заявителя требованиям правил техники безопасности и охраны труда, экологическим нормам;

      6) плана организации по предупреждению и ликвидации нефтегазовых фонтанов и выбросов, а также инструкций по безопасному ведению буровых работ на нефть и газ, утвержденных в установленном порядке;

      7) разрешения на привлечение иностранной рабочей силы, в случае ее использования;

      8) квалификационного состава технических руководителей, отвечающих соответствующему образовательному уровню и имеющих опыт практической работы по специальности, специалистов, прошедших квалификационную проверку знаний правил технической эксплуатации, правил и норм техники безопасности.

Квалификационные требования к производству нефтепродуктов <*>

      Сноска. Дополнено разделом - постановлением Правительства РК от 2 октября 2003 г. N 1015 .

      Квалификационные требования включают наличие:

      1) паспорта производства и технологического регламента, соответствующих нормативным требованиям в области труда и охраны окружающей среды;

      2) производственно-технической базы:

      специализированных производственных зданий;

      нефте- и (или) газоперерабатывающего оборудования, в том числе технологических линий и средств измерений, отвечающих соответствующим нормативным документам по стандартизации и обеспечению единства измерений;

      3) контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу уполномоченному органу информации об объемах производства и реализации нефтепродуктов, отвечающим требованиям, устанавливаемым государственным органом в области стандартизации, метрологии и сертификации по согласованию с уполномоченным органом;

      4) специально оборудованных складов, помещений и емкостей для хранения сырья и готовой продукции, взрывопожароопасных, ядовитых сильнодействующих веществ и противопожарных материалов;

      5) аттестованной лаборатории (договор на обслуживание) по контролю соответствия качества продукции стандартам, нормам и техническим условиям;

      6) утвержденных в установленном порядке:

      инструкций по безопасной эксплуатации объектов;

      плана ликвидации возможных аварий на производстве;

      7) служб, обеспечивающих:

      соблюдение технологического процесса и выпуск продукции заданного качества;

      эксплуатацию и техническое обслуживание оборудования, механизмов, приспособлений и оснастки;

      контроль безопасности труда и охраны окружающей среды;

      метрологическое обеспечение производства;

      8) заключений горнотехнического, экологического и санитарного надзора, подтверждающих соответствие заявителя правилам безопасности, охраны окружающей среды и санитарным требованиям;

      9) лицензии (разрешения) на специальные виды работ (на перевозку опасных грузов при наличии услуг по транспортировке нефтепродуктов, на привлечение иностранной рабочей силы, в случае ее использования);

      10) квалификационного состава технических руководителей, отвечающих соответствующему образовательному уровню и имеющих опыт практической работы по специальности, специалистов, прошедших квалификационную проверку знаний правил технической эксплуатации и правил безопасности.