Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретін нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 168 Қаулысымен.
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат).
аталған қаулыға 1-қосымшада:
реттік нөмiрi 2-жолда:
2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi" деген сөздер Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Аэроғарыш комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бағандағы "байланыстың геостационарлық спутииктерi орбиталарын пайдалану" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк саны 4-жолда:
2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгінiң жанындағы Атом энергиясы жөніндегi агенттiк" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, жобалау, құру, пайдалануға енгiзу, пайдалану, консервациялау және пайдаланудан шығару;
радиоактивтiк қалдықтармен жұмыс iстеу;
ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау;
ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi бақылау жөнiндегi қызмет көрсетулер;
радиоэкологиялық зерттеулер мен радиациялық оңалту жөнiндегі жұмыстарды жүргізу;
ядролық жарылыстар өткiзiлген жерлердегi қызметтiң барлық түрi;
ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау (транзиттік тасымалдауды қоса алғанда);
атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет үшiн қызметкерлердi, мамандарды даярлау және аттестациялау;
арнайы қорғану құралдарын қолдану қажеттiгiнсiз оларды пайдалану үшiн жол берiлетін нормадан асатын мөлшерде радиоактивтi заттар бар өнiмдердi дайындау және сату;
радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдалана отырып рентген жабдығын, аспаптарды және жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату".
реттiк саны 5-жолда:
2-бағанындағы "Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-баған "электр энергиясын қайта сату мақсатындағы сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк саны 7-жолда:
3-бағанда:
бiрiншi абзацтағы "жарылу-өртену қаупі бар тау-кен өндiрiстерiн" деген сөздерден кейiн "электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды " деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "дайындау" деген сөздiң алдынан "жобалау" деген сөзбен толықтырылсын, "тау-кен-шахталық" деген сөздерден кейiн "металлургиялық, энергетикалық" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзац алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 8-жолда:
2-бағанындағы "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк саны 14-жолда:
2-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi комитеті деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бағандағы "сату және прокатқа беру" деген сөздер алынып тасталсын.
көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада
І тарауда:
19-тармақтағы "тау-кен шахта" деген сөздерден кейiн "металлургия, энергетика" деген сөздермен толықтырылсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу";
IІ тарауда:
7-тармақтағы "жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн" деген сөздерден кейiн "электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды" деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақ алынып тасталсын;
18-тармақтағы "сақтау" деген сөздiң алдынан "жинау (дайындау)" деген сөздермен толықтырылсын;
III тарауда:
3-тармақтағы "тау-кен-шахталық құралдарды" деген сөздерден кейiн "металлургиялық, энергетикалық" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ алынып тасталсын;
3) күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1311 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі