Мемлекеттік қордағы астықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі 2001 жылдың 1 тамызына дейін "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны темір жол көлігімен мемлекеттік қордағы астықты сақтайтын ұйымдардан астықты тасуды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісуді қамтамасыз етсін.
ЕСКЕРТУ.1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999.07.16. N 991 қаулысымен. P990991_
ЕСКЕРТУ.1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999.09.09. N 1348 қаулысымен. P991348_
ЕСКЕРТУ.1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000.07.27. N 1143 қаулысымен. P001143_
ЕСКЕРТУ.1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001.01.23. N 103 қаулысымен. P010103_
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті "Азық-түлік корпорациясымен" бірлесіп бір апта мерзім ішінде, мемлекеттік қордағы астықты сақтайтын ұйымдардың тізімін Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда
белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік қордағы астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылауды;
ЕСКЕРТУ.3-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999.07.16. N 991 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ.3-тармағының 3 және 4-абзацтары алынып тасталды - Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999.09.09. N 1348 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.