2001 жылғы егінді жинауға дейінгі кезеңде мемлекеттік ресурстар
астығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік қордағы астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі
шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28
мамырдағы N 664
қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "2000 жылдың 31 желтоқсанына" деген сөздер "2001 жылдың
1 тамызына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.