Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 мамырдағы N 664 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 шілде N 991. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.09.09. N 1348 қаулысымен. ~P991348

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттік қордағы астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 мамырдағы N 664 P990664_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтағы "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамымен (бұдан әрі- Азық-түлік корпорациясы)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

 

     3-тармақтың 4-абзацындағы "Азық-түлік корпорациясымен" деген

сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда

министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетімен"

деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

         Омарбекова А.Т.

         Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады