"Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етеді:
1. "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттік мекемесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелерді қосу арқылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып (бұдан әрі - Кәсіпорын)қайта ұйымдастырылсын.
2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің Кәсіпорынға қатысты функциясын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізі нысанасы мыналар болып айқындалсын:
1) ғылыми әлеует туралы ақпаратты қоса алғанда, елдің ғылыми-техникалық саладағы ұлттық ақпарат ресурсын, қалыптастыру жұмыстарын үйлестіру және оған қатысу;
2) ұжымдық және жеке абоненттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының отандық және әлеуметтік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету және осы негізде ақпараттық қызмет көрсетудің барлық спектрын ұсыну;
3) ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесін жетілдіру жөнінде зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу;
4) ақпараттық қызметкерлерінің біліктілігі мен мамандардың ақпараттық мәдениетін көтеру, ғылыми-техникалық насихат, аударма және баспа қызметі.
4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бір ай мерзімде заңда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;
2) әділет органдарында оны мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шалаларды қабылдасын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Кәсіпорынға 2-қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат етілсін.
7. "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы есептеу орталығы бар Қазақ ғылыми-техникалық және конъюнктуралық-коммерциялық ақпарат ғылыми-зерттеу институтын Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 сәуірдегі N 336 P930336_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 14, 173 құжат) күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 14 маусымдағы
N 744 қаулысына
1-қосымша
Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердің
Тізбесі
1. Ақмола облыстық салааралық Астана қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
2. Ақтөбе облыстық салааралық Ақтөбе қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
3. Атырау облыстық салааралық Атырау қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
4. Шығыс Қазақстан облыстық салааралық Өскемен қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
5. Жамбыл облыстық салааралық Тараз қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
6. Жезқазған облыстық салааралық Жезқазған қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
7. Батыс Қазақстан облыстық салааралық Орал қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
8. Қарағанды облыстық салааралық Қарағанды қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
9. Қостанай облыстық салааралық Қостанай қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
10. Көкшетау облыстық салааралық Көкшетау қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
11. Қызылорда облыстық салааралық Қызылорда қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
12. Павлодар облыстық салааралық Павлодар қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
13. Солтүстік Қазақстан облыстық салааралық Петропавл қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
14. Семей облыстық салааралық Семей қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
15. Оңтүстік Қазақстан облыстық салааралық Шымкент қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
16. ҚазмемҒТАИ (Қазақ мемлекеттік ғылыми- Ақтау қаласы
техникалық ақпарат институтының) Ақтау
бөлімшесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 14 маусымдағы
N 744 қаулысына
2-қосымша
"Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу
институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы
еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының
Тізбесі
1. "Ақмола салааралық аумақтық Астана қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
2. "Ақтау салааралық аумақтық Ақтау қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
3. "Ақтөбе салааралық аумақтық Ақтөбе қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
4. "Атырау салааралық аумақтық Атырау қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
5. "Шығыс Қазақстан салааралық аумақтық Өскемен қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
6. "Жамбыл салааралық аумақтық Тараз қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
7. "Жезқазған салааралық аумақтық Жезқазған қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
8. "Батыс Қазақстан салааралық аумақтық Орал қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
9. "Қарағанды салааралық аумақтық Қарағанды қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
10. "Қостанай салааралық аумақтық Қостанай қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
11. "Көкшетау салааралық аумақтық Көкшетау қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
12. "Қызылорда салааралық аумақтық Қызылорда қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
13. "Павлодар салааралық аумақтық Павлодар қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
14. "Солтүстік Қазақстан салааралық аумақтық Петропавл қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
15. "Семей салааралық аумақтық Семей қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны
16. "Оңтүстік Қазақстан салааралық аумақтық Шымкент қаласы
ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
еншілес мемлекеттік кәсіпорны