Радиоактивті сәулелену көздерін әкелу және әкету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 758

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасындағы "Рейнхольд мала" құрылыс-оқшаулау жұмыстары жөніндегі жауапкершілігі шектеулі қоғамының Теңіз филиалына Венгер Республикасынан Қазақстан Республикасына "Тенгизтехносервис" фирмасымен 1998 жылғы 1 маусымдағы шартқа сәйкес Теңіз мұнай-газ кешенінде дәнекерлеу жіктерінің сапасына бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін белсенділігі 2,96 ТБк Ir-192 (СЭҚ ТН коды-2844) төрт радиоактивті сәулелену көзін әкелуге (кейіннен әкетуге) рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлігі белгіленген тәртіппен лицензия берсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі комитетіне

жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




        Оқығандар:

              Омарбекова А.

              Нарбаев Е. 





О ввозе и вывозе источников радиоактивного излучения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 1999 года № 758

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года № 1037 P971037_ "О лицензировании экспорта и импорта товаров (работ, услуг) в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1997 г. № 29, ст. 266) Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Разрешить Тенгизскому филиалу Общества с ограниченной ответственностью по строительно-изоляционным работам "Рейнхольд Мала" в Республике Казахстан ввоз (с последующим вывозом) из Венгерской Республики в Республику Казахстан четырех источников радиоактивного излучения Ir-192 активностью 2,96 ТБк (код ТН ВЭД-2844) для проведения работ по контролю качества сварных швов на Тенгизском нефтегазовом комплексе согласно договору с фирмой "Тенгизтехносервис" от 1 июня 1998 года.
      2. Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан

 

выдать лицензию в установленном порядке.

     3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на

Комитет по атомной энергии Министерства науки и высшего образования

Республики Казахстан.

     4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



    (Специалисты: Кушенова Д.

                  Жакупова Э.)