"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасындағы "Рейнхольд мала" құрылыс-оқшаулау жұмыстары жөніндегі жауапкершілігі шектеулі қоғамының Теңіз филиалына Венгер Республикасынан Қазақстан Республикасына "Тенгизтехносервис" фирмасымен 1998 жылғы 1 маусымдағы шартқа сәйкес Теңіз мұнай-газ кешенінде дәнекерлеу жіктерінің сапасына бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін белсенділігі 2,96 ТБк Ir-192 (СЭҚ ТН коды-2844) төрт радиоактивті сәулелену көзін әкелуге (кейіннен әкетуге) рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі белгіленген тәртіппен лицензия берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі комитетіне
жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Нарбаев Е.