Қант қызылшасын өндiрудiң өсуiн және оны қайта өңдеу өнiмдерiн ынталандыру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" P990357_ 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Алматы облысы әкiмiнiң "Қазақстан Ұлттық Жинақ банкi" ААҚ-нан заңдарда белгiленген тәртiппен қант қызылшасын өндiрудi және өңдеуді қаржыландыру үшiн "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңымен бекiтiлген жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуының жиынтық лимитiнiң шегiнде 250 (екi жүз елу) миллион теңгеге дейiн көлемде заем тарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.09. N 946
қаулысымен. P990946_
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi жобаны техникалық-экономикалық сараптамалауды жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қорытынды берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1) заем қаражатын тартудың қаржылық шарттарын сараптамалауды жүзеге
асырсын;
2) мемлекеттiк борышты басқарудың шеңберiнде жергiлiктi атқарушы
органдардың заемды тiркеуiн және тартудың мониторингiн, оны өтеуiн
және оған қызмет көрсетуiн қамтамасыз етсiн.
4. Алматы облысының әкiмi:
1) заем қаражаттарын мақсатты пайдалануды;
2) қарыз алудың нәтижесiнде туындайтын мiндеттемелердi
жергiлiктi бюджеттiң қаражатынан өтеуді және қызмет көрсетудi қамтамасыз
етсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Нарбаев Е.