Алматы облысында қант қызылшасын өндiрудi қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 765

      Қант қызылшасын өндiрудiң өсуiн және оны қайта өңдеу өнiмдерiн ынталандыру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" P990357_ 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Алматы облысы әкiмiнiң "Қазақстан Ұлттық Жинақ банкi" ААҚ-нан заңдарда белгiленген тәртiппен қант қызылшасын өндiрудi және өңдеуді қаржыландыру үшiн "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңымен бекiтiлген жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуының жиынтық лимитiнiң шегiнде 250 (екi жүз елу) миллион теңгеге дейiн көлемде заем тарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.09. N 946
               қаулысымен. P990946_
      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi жобаны техникалық-экономикалық сараптамалауды жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қорытынды берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) заем қаражатын тартудың қаржылық шарттарын сараптамалауды жүзеге

 

асырсын;

     2) мемлекеттiк борышты басқарудың шеңберiнде жергiлiктi атқарушы

органдардың заемды тiркеуiн және тартудың мониторингiн, оны өтеуiн

және оған қызмет көрсетуiн қамтамасыз етсiн.

     4. Алматы облысының әкiмi:

     1) заем қаражаттарын мақсатты пайдалануды;

     2) қарыз алудың нәтижесiнде туындайтын мiндеттемелердi

жергiлiктi бюджеттiң қаражатынан өтеуді және қызмет көрсетудi қамтамасыз

етсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



      Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады