Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығының аса құнды өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түрлерін сақтау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ заң күшi бар Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ведомостілері, 1995 ж., N 24, 159-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығына тұрақты жер пайдалануға
жалпы көлемі 15192 га жер учаскесі мына жер құрамынан берілсін:
Ақмола облысы Қорғалжын ауданының арнайы жер қорынан 13045 га,
оның ішінде шабындықтан 88 га, жайылымнан 12633 га және басқа жерлерден
324 га;
Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Амангелді селолық округінің
жерінен 2147 га, оның ішінде жайылымнан 2138 га және басқа жерлерден 9 га.
2. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Нарбаев Е.