Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығына жер учаскелерін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 767

      Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығының аса құнды өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түрлерін сақтау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ заң күшi бар Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ведомостілері, 1995 ж., N 24, 159-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығына тұрақты жер пайдалануға

 

жалпы көлемі 15192 га жер учаскесі мына жер құрамынан берілсін:

     Ақмола облысы Қорғалжын ауданының арнайы жер қорынан 13045 га,

оның ішінде шабындықтан 88 га, жайылымнан 12633 га және басқа жерлерден 

324 га;

     Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Амангелді селолық округінің

жерінен 2147 га, оның ішінде жайылымнан 2138 га және басқа жерлерден 9 га.

     2. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

           Омарбекова А.

           Нарбаев Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады