Қазақстанның Бірыңғай энергия жүйесін орталық диспетчерлік басқару жұмысының толық қауіпсіздігі мен құпиялығы режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен келісім бойынша "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) мүлкінің (активтерінің) құрамынан Қоғамның жарғылық капиталын бара-бар азайту арқылы Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 142 мекен-жай бойынша орналасқан ғимаратты шығаруды;
2) көрсетілген ғимаратты оның жарғылық капиталын бара-бар ұлғайту арқылы "KEGOC" ашық акционерлік қоғамы мүлкінің құрамына беруді қамтамасыз етсін.
2. "Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің
Шаруашылық басқармасын "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік
қоғамы етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998
жылғы 31 тамыздағы N 822
қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Бөгенбай батыр көшесі, 142" деген жол алынып тасталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Орынбекова Д.