Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Шаруашылық басқармасын "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамы етіп қайта құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 31 тамыз N 822

       "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының құрылымын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 тамыздағы N 4034 U984034_ Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Шаруашылық басқармасы жарғылық капиталына мемлекеттің жүз проценттік қатысуымен "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылсын.
      2. "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына мемлекеттің жарнасы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі Шаруашылық басқармасының балансындағы мүлік, қосымшаға сәйкес тізбе бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және өзге де ұйымдардың мүлкі берілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп мүлкі мемлекеттің жарнасы ретінде "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берілетін республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдарға қатысты қажетті қайта құру рәсімдерін жүргізсін;
      2) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі Шаруашылық басқармасының "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылуына байланысты осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына "Шаруашылық

 

басқармасы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне ие

болу, пайдалану және басқару жөнінде өкілеттік берілсін.

     5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан

Республикасы Президентінің Іс басқармасымен келісім бойынша Қазақстан

Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған актілерін осы қаулыға сәйкес

келтіру туралы ұсыныс енгізсін.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                          Қазақстан Республикасы

                                               Үкіметінің

                                           1998 жылғы 31 тамыздағы

                                              N 822 қаулысына

                                                 қосымша


     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.26. N 639

              қаулысымен. 


P990639_



     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.17. N 784

              қаулысымен. 


P990784_



     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.17. N 1401

              қаулысымен. 


P991401_



     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.22. N 1765

              қаулысымен. 


P991765_



     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.07. N 1680

              қаулысымен. 


P001680_



     ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.29. N 1781

              қаулысымен. 


P001781_




          Мүлкі мемлекеттің жарнасы ретінде "Шаруашылық басқармасы"

      жабық акционерлік қоғамына берілетін республикалық мемлекеттік

                  кәсіпорындар мен өзге де ұйымдардың

                             ТІЗБЕСІ


     Үкімет резиденцияларының бірлескен дирекциясы

     құрамында:

     Бас меймандық резиденция

     N 1-4 резиденциялар



     N 7 резиденция

     Қабылдау үйі




     "Қапшағай" резиденциясы

     "Арман" демалыс үйі

     құрамында:

     N 6 резиденция

     N 8 резиденция

     N 9 резиденция

     Кіші резиденция

     Қазақстан Республикасының Президенті резиденциясының N 1 асханасы

     "Жалын" мейрамханасы

     Саяжайлық шаруашылық

     "Алмалы" демалыс үйі

     құрамында:

     Қонақ үй кешені

     Саяжайлық шаруашылық

     "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Өндірістік-

пайдалану бірлестігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мына

мекен-жайлар бойынша ғимараттармен бірге:




     Республика алаңы, 15




     Желтоқсан көшесі, 115



     Желтоқсан көшесі, 118

     Сейфуллин көшесі, 460







     Әйтеке би көшесі, 62/94

     Наурызбай батыр көшесі, 65/69

     Панфилов көшесі, 106а, 106






     Желтоқсан көшесі, 96






     Гоголь көшесі, 111 - бұрынғы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және

сауда министрлігінің гараждары



     Бөгенбай батыр көшесі, 142



     "Іскер" халықаралық ынтымақтастық орталығы" республикалық мемлекеттік

кәсіпорны

     N 1 автошаруашылық

     Қарашеңгел мемлекеттік аңшылық шаруашылығы

     Материалдық-техникалық қамтамасыз ету кәсіпорны

     Жөндеу-құрылыс басқармасы

     "Алатау" совхозы

     "Тау күні" балалар сауықтыру лагері

     N 1 бөбек-бақша

     N 212 бөбек-бақша

     N 239 бөбек-бақша

     Ателье

     Кинобейне қызмет көрсету дирекциясы

     "Панфилов" асыл тұқымды мал зауыты












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады