1999 жылғы республикалық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) мүлкінің (активтерінің) құрамынан Қоғамның жарғылық капиталын бара-бар азайту арқылы:
1) "Маңғыстау мұнай-газ" акционерлік қоғамы акцияларының 25%
мөлшеріндегі пакетін;
2) "Ақтөбе мұнай-газ" акционерлік қоғамы акцияларының 20,5%
мөлшеріндегі пакетін шығарсын.
2. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік
қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24
наурыздағы N 410
қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Маңғыстау мұнай-газ" АҚ 25
"Ақтөбе мұнай-газ" АҚ 20,5"
деген жолдар алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Қасымбеков Б.