"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ертіс мыс балқыту зауытының, Ертіс кен-байыту комбинаты мен кен орны кешенінің базасында Шығыс Қазақстан мыс кешенін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-1-бабымен белгіленген жергілікті атқарушы органдар бойынша қарыз алудың жиынтық лимитінің шегінде инвестициялық аймақтық жобаларды қаржыландыру үшін мынадай көлемде:
1) "Шығыс Қазақстан мыс кешенін құру" жобасын қаржыландыру үшін 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлсін;
2) "Семей қаласының жылумен жабдықтау объектілерін қалпына келтіру және коммуналдық кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыру" жобасын қаржыландыру үшін 100000000 (жүз миллион) теңгеге дейін заемдар тарту туралы ұсынысына келісім берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1256
қаулысымен. P991256_
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі жобаның техникалық-экономикалық сараптамасын жүргізсін және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қорытынды ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) тартылатын заемның қаржылық шарттарына сараптаманы жүзеге асырсын;
2) мемлекеттік борышты басқарудың шеңберінде жергілікті атқарушы
органның заемын тіркеуді және оны тартудың, өтеудің және оған қызмет
көрсетудің мониторингін қамтамасыз етсін.
4. Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
1) заем қаражатының мақсатты пайдаланылуын;
2) жергілікті бюджеттің қаражатынан заемды өтеуді және оған
қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.