Шығыс Қазақстан мыс кешенін дамыту жоспарының өзгеруіне және Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жылу көздерін дамытудың қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шығыс Қазақстан мыс кешенін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 838 P990838_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Шығыс Қазақстан облысы әкімінің "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-1-бабымен белгіленген жергілікті атқарушы органдар бойынша қарыз алудың жиынтық лимитінің шегінде инвестициялық аймақтық жобаларды қаржыландыру үшін мынадай көлемде:
1) "Шығыс Қазақстан мыс кешенін құру" жобасын қаржыландыру үшін
400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлсін;
2) "Семей қаласының жылумен жабдықтау объектілерін қалпына келтіру
және коммуналдық кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыру" жобасын
қаржыландыру үшін 100000000 (жүз миллион) теңгеге дейін заемдар тарту
туралы ұсынысына келісім берілсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.