Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04 N 406 Қаулысымен.
Каспий теңiзi мен iшкi су айдындарының экологиялық жүйесiн сақтаудың маңыздылығын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі екi апта мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен "Мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған теңiз бен Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында ден қою жөнiндегi ұлттық жоспарды" (бұдан әрi - Ұлттық жоспар) әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі, Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгі, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша), "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының әкiмi өкiлдерiнiң қатарынан жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнiң жобасын енгiзсiн.
2. Мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған көңiл бөлу жөнiндегі ұлттық жоспарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобы құрылғаннан кейiн) 1999 жылдың 1 қарашасына дейiн мерзiмде:
1) салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттарын, сондай-ақ мұнайдың төгілуiне қарсы күресуде тәжiрибесi бар шетелдiк компанияларды тарта отырып, Ұлттық жоспарды әзiрлесiн және заңдарда белгіленген тәртiппен оның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын;
2) Ұлттық жоспарға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының теңiздегi және iшкi су айдындарындағы мұнай операцияларымен байланысты теңiз ғылыми зерттеулер жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекіту туралы" 1996 жылғы 5 маусымдағы N 693 және "Қазақстан Республикасының теңiздерi мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзудің тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 105 қаулыларына сәйкес әзiрленетiн мұнай операцияларын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi барлық мүдделі орталық атқарушы органдармен және ведомстволармен келiсiм бойынша, 1999 жылдың 1 тамызына дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөнiндегi сараптамалық кеңесiне Қазақстан Республикасының 1971 жылғы мұнаймен ластауды өтеу жөнiндегi халықаралық қор құру туралы халықаралық конвенция мен 1990 жылғы мұнаймен ластану кезiндегi дайындық, оған көңіл бөлу және ынтымақтастық жөнiндегi халықаралық конвенцияға қосылуы туралы ұсыныс енгiзсiн.
4. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстанның аумағында жобаны қаржылық қолдау мәселесi жөнiнде халықаралық қаржы ұйымдары мен донор елдерге өтiнiм жасасын және 1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiн мерзiмде Ұлттық жоспарды әзiрлеудi қаржыландырудың тәртiбi мен көздерi бойынша ұсыныс енгiзсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары Қ.К.Тоқаевқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі