Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 4157 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
20 шілдедегі
N 1015 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық
шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы
____________________________________________________________________
| N | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны
|___|__________________________________|____________________________
| 1 |Жеке бизнестегі қолма-қол ақша |Үкіметінің қаулысы
| |айналысы саласын дәйекті түрде |
| |тарылту және төлем |
| |карточкаларын пайдалана отырып, |
| |төлемдерді жүзеге асыру кезінде |
| |қолданылатын жабдықтардың құнын |
| |төмендету мақсатында Қазақстан |
| |Республикасы Үкіметінің 14.04.97 ж.|
| |N 558 қаулысына тізбеге шеткері |
| |құрылғылармен төлем карточкаларын |
| |енгізу бөлігіне толықтыру енгізу |
|___|__________________________________|____________________________
| 2 |Қазақстан Республикасы Президенті-|Заң жобасы
| |нің "Салық және бюджетке төленетін|
| |басқа да төлемдер туралы" 24.04.95|
| | ж. N 2235 заң күші бар Жарлығына |
| |есептіліктің қазіргі заманғы |
| |нысандарын енгізу процесін |
| |қолдау мақсатында электрондық |
| |көздерде кірістер мен мүліктер |
| |туралы декларациялар мен мәлімет- |
| |тер берудің мүмкіндігін көздейтін |
| |өзгерістер мен толықтырулар енгізу|
| |туралы ұсыныс енгізу |
|___|__________________________________|____________________________
| 3 |Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып,|Заң жобасы
| |төлемдерді жүзеге асырудың тәртібі|
| |мен шарттарын реттеу, сондай-ақ |
| |мұндай төлемдердің сомалары |
| |бойынша шектеулер белгілеу мақса- |
| |тында Қазақстан Республикасы Пре- |
| |зидентінің "Қазақстан Республика- |
| |сының Ұлттық Банкі туралы" |
| |30.03.95 ж. N 2155 заң күші бар |
| |Жарлығына және Қазақстан |
| |Республикасының "Төлемдер мен ақша|
| |аудару туралы" 29.06.98 ж. N 237-1|
| |Заңына өзгеріс енгізу. |
|___|__________________________________|____________________________
| 4 |Меншік иелері мен акционерлердің |Үкіметке есеп
| |құқықтарын іске асыруды қамтамасыз|
| |ету, ұйым қызметінің айқындылығын |
| |белгілеу |
|___|__________________________________|____________________________
таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
| Атқару мерзімі | Атқарылуына жауаптылар
|______________________________________|____________________________
|1999 жылдың III тоқсаны |Қаржы министрлігі,
| |Энергетика,
| |индустрия және сауда
| |министрлігі
|______________________________________|____________________________
|1999 жылдың IV тоқсаны |Қаржы министрлігі,
| |Мемлекеттік кіріс
| |министрлігі
|______________________________________|____________________________
|1999 жылдың III тоқсаны |Қазақстан Республикасының
| |Ұлттық Банкі | |(келісім бойынша)
|______________________________________|____________________________
|Есепті жылдан кейінгі жылдың 10 |Қаржы министрлігі, салалық
|сәуіріне дейін жылына бір рет |министрліктер
|______________________________________|____________________________