Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1998 жылғы 7 желтоқсан N 4157. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8)
тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

      1. Қоса беріліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) бекітілсін. 

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Мемлекеттік бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ететін болсын. 

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикалық бюджетті бекіту кезінде жалпы бюджет саясатын негізге ала отырып, Мемлекеттік бағдарламадағы іс-шараларды іске асыру үшін қажетті қаржыны бөлуді көздесін.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

       Қазақстан Республикасының 
      Президенті

  Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
1998 жылғы 7 желтоқсан N 4157 
Жарлығымен бекітілген    

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама

      Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама кешенді сипатқа ие, қылмысқа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру және қылмыстық жолмен табылған капиталды "тазарту" жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және оны заңдастыруға жол бермеуге бағытталған. 
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тек қана құқық қорғау және арнаулы органдардың әдістерімен және құралдарымен күресу - осы әлеуметтік кесапатты туғызатын себептермен емес, оның зардаптарымен ғана күресу деген сөз. Осыған байланысты Бағдарлама мен оның негізгі іс-шаралары (қоса беріліп отыр) Қазақстанның ерекшелігі мен әлемдік қоғамдастықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жинақтаған тәжірибесін ескере отырып, қоғамдық қатынастарды дамытудың әлеуметтік, саяси, экономикалық, құқықтық қырларын қамтитын проблемалардың жеткілікті кең ауқымды жиынтығын шешуге бағытталған. 
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыруда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңның қабылдануы маңызды меже болып табылады. Осы Бағдарлама оны орындаудың бірыңғай тетігін талдап жасау, билік пен қоғамның барлық институттарының күш-жігерін үйлестіру үшін әзірленді. Ол Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының талаптарына сәйкес келеді және қоғамда қылмыстың дендеуіне қарсы іс-қимыл жөніндегі "Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамды топтастыру", сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі "Кәсіпқой Үкімет" басымдықтарын іске асыруға бағытталған. 
      Бағдарламаның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпымемлекеттік сипат беру, сыбайлас жемқорлықты туғызатын және оған қапталдаса жүретін проблемаларды кешенді түрде шешуді қамтамасыз ету, оның түпкі әлеуметтік-экономикалық тамырларын ашу, заң үстемдік құратын өмір салты мен сыбайлас жемқорлық құбылысының демократиялық және құқықтық мемлекеттің қағидаларымен сыйыспайтындығын насихаттау болып табылады. 
      Осы бағдарлама мынадай мақсаттарды көздейді: 
      - конституциялық тәртіпті, азаматтар мен ұйымдардың, мемлекеттік қызмет жүйесінің құқықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлық процестерінің келеңсіз ықпалынан қорғау; 
      - сыбайлас жемқорлыққа тән құқық бұзушылық жасаған адамдарды саяси шешімдерді талдап жасау және қабылдау мәселелеріне жолатпау; 
      - мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салалардағы саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін кепілдіктерді күшейту;
      - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық шаралар жүйесінің дәйектілігін, тұтастығын және тиянақтылығын қамтамасыз ету;
      - ұлттық заңдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық танылған стандарттарын бойына сіңіруі үшін жағдайлар туғызу.
      Осы мақсаттарды іске асыру үшін оларға қол жеткізудің мынадай басымдықтары мен стратегиялары белгіленді:

  1-Басымдық: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық
базасын жетілдіру

      - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
      - Осы заманғы талаптар мен халықаралық практиканы ескере отырып, қолданыстағы заңдар және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру және жаңаларын әзірлеу.

  2-Басымдық: Профилактикалық - алдын алу шаралары

      - Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде кешенді шараларды әзірлеу және іске асыру;
      - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ақпараттық-насихаттық қолдау;
      - Сыбайлас жемқорлықтың себептерін зерделеу жөнінде талдау және ғылыми зерттеулер жүргізу;
      - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық және отандық мамандандырылған институттардың тәжірибесін пайдалану, халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

  3-Басымдық: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
практикалық шаралары

      - Әлеуметтік-экономикалық және қаржылық шаралар;
      - Ұйымдық-басқару (институционалдық) шаралары;
      - сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, жолын кесу және тергеу.

  4-Басымдық: Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі
қызметінің пәрменділігін арттыру

      - Арнаулы қызметтер, құқық қорғау және сот органдары іс-әрекетінің пәрменді өзара іс-қимылы мен үйлестіру тетіктерін талдап жасау;
      - Сот жүйесін кадрлық жағынан нығайту және жетілдіру;
      - Мақсатты кадр саясатын жүргізу және арнаулы қызметтердің, құқық қорғау мен сот органдарының кәсіби біліктілігін арттыру;
      - Арнаулы қызметтердің, құқық қорғау және сот органдарының іс-әрекетін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.     

  1-Басымдық: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
құқықтық негіздерін жетілдіру

       Ниет . Қолданыстағы заңдарды "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңға және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес келтіру.
      Реттеудің әр түрлі салаларын қамтитын бірқатар заң актілерін қабылдауды көздейтін оны іске асырудың арнайы тетігін әзірлеу. 
       Шаралар . Бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу мақсатында Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұзақ мерзімді стратегиясын, "Қылмыстық процеске қатысушылардың, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін органдардың лауазымды тұлғаларының жеке басының қауіпсіздігі туралы", "Әділет органдары туралы", "Салық полициясы органдары туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарды әзірлеу. 
      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қабылдау Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу. 
      Халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен, бірінші кезекте ТМД елдерімен және Қазақстанмен шектес мемлекеттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық мәселелері бойынша ықпалдастықты жандандыру. 

  2-Басымдық: Профилактикалық - алдын алу шаралары

       Ниет . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шараларын пайдалануға баса назар аудару, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының әлеуметтік және экономикалық тамырларын анықтап, оларға қарсы күрес шараларын талдап жасау. 
       Шаралар . Экономика, қаржы, әлеуметтік салаларда мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу. Мемлекеттік қызмет жүйесінде жүргізіліп отырған реформалар мен жұртшылықты тарту да осы мақсатты көздеуге тиіс. 
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны насихаттауда, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлық көріністеріне ымырасыздық көзқарасын қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалану. Сонымен бір мезетте қажетті жағдайда олардың заң тұрғысында қорғай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсету, оларға уақтылы дұрыс және толық ақпарат бере отырып, қызметіне жәрдемдесу. 
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жандандыру. 
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мынадай негізгі бағыттар бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жетілдіру: 
      - заңдық - экономикаға мемлекеттің қатысуы мәселелері бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ұлттық заңдарды орайластыру, бухгалтерлік есептің, аудиттің және т.б. халықаралық стандарттарын енгізу; 
      - полицейлік - халықаралық ақпарат алмасуды жолға қою, бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралар және т.б.туралы келісімдер жасасу. Қылмыстық капиталдардың немесе олардың иелерінің басқа елдерге жылыстап кетуін қадағалау; 
      - әріптестік көмек - кадрлар даярлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар әзірлеуде, насихат шараларын әзірлеу мен іске асыруда өзара іс-қимыл жасау. 

  3-Басымдық: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
практикалық шаралары

       Ниет . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік, қаржылық- экономикалық және ұйымдық-басқару шараларын жүзеге асыру. Құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар тарапынан заңдылық бұлжытпай және қатаң түрде сақтала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әдістері мен құралдарын жетілдіру. 
       Шаралар . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті экономикалық, қаржылық, әлеуметтік және ұйымдық-басқару сипатындағы шараларды пайдалана отырып, кең ауқымда жүргізу. 
      Сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау жөнінде мақсатты жедел іс-шаралар жүргізу және сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істерді сапалы тергеуді қамтамасыз ету. 
      Қолданыстағы заңдарға түзетулер енгізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлігінде Қазақстан Республикасының заң актілерін қолдану жөніндегі сот практикасын қорыту. 

  4-Басымдық: Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі
қызметінің пәрменділігін арттыру

       Ниет . Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің функцияларын ұтымды бөлу және құрылымдарын оңтайландыру, олардың арасында тығыз өзара іс-қимыл орнату, кәсіптік даярлығын, әдістемелік және техникалық қамтамасыз етілуін арттыру жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте соттардың рөлін арттыру. 
       Шаралар . Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің іс-әрекетін талдау және үйлестірілген шараларды қамтамасыз ету әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте функциялардың қосарлануына жол бермеу үшін олардың өзара іс-қимылының тетігін талдап жасау.
      Құқық қорғау және сот жүйесін нығайту:
      - құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және судьялардың әлеуметтік қорғалуын, күллі құқық және сот жүйесін материалдық қамтамасыз етуді арттыру;
      - кадрларды даярлау және іріктеу жүйесін жетілдіру;
      - әкімшілік әділет органдарын дамыту;
      - құқық қорғау және сот органдарын, Ұлттық қауіпсіздік комитетін техникалық және әдістемелік жарақтандыру жөніндегі шараларды әзірлеп, іске асыру.
 

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999- 
2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға  
қосымша     

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1999.12.14. N  293   жарлығымен.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі іс-шаралары


         __________________________________________________________________________
N |            Іс-шара            |   Аяқталу   | Орындау үшін |Орындалу 
   |                               |   нысаны    |  жауаптылар  | мерзімі 
___|_______________________________|_____________|______________|_________
1 |               2               |      3      |       4      |    5
___|_______________________________|_____________|______________|_________

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық базасын жетілдіру

__________________________________________________________________________
1.1|Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа|Қазақстан    |Стратегиялық  |2000
   |қарсы күрестің ұзақ мерзімді   |Республикасы |жоспарлау және|жылдың
   |стратегиясын әзірлеу           |Президентінің|реформалар жө.|Iтоқсаны
   |                               |Жарлығы      |ніндегі агент.|
   |                               |             |тік (бұдан    |
   |                               |             |әрі - СЖРА),  |
   |                               |             |Әділетмині,   |
   |                               |             |құқық қорғау  |
   |                               |             |органдары, Жо.|
   |                               |             |ғарғы Сот (ке.|
   |                               |             |лісім бойынша)|
___|_______________________________|_____________|______________|_________
1.2|"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү.|Заң жобасы   |Әділетмині,Бас|1999
   |рес туралы" Заңнан туындайтын  |             |прокуратура,  |жылдың
   |"Қазақстан Республикасының кей.|             |ҰҚК, ІІМ, Мем.|Iтоқсаны
   |бір заң актілеріне өзгерістер  |             |лекеттік кіріс|
   |мен толықтырулар енгізу туралы"|             |министрлігі   |
   |Қазақстан Республикасының Заңы.|             |(бұдан әрі -  |
   |ның жобасын әзірлеу:           |             |МКМ)          |
   |- қылмыстық, қылмыстық іс жүр. |             |              |
   |гізу, салық және еңбек заңдары.|             |              |
   |на;                            |             |              |
   |мынадай заң актілеріне:        |Бұл да       |Әділетмині,   |1999
   |- "Мемлекеттік қызмет туралы"  |             |Бас прокурату.|жылдың
   |- "Қазақстан Республикасындағы |             |ра, Жоғарғы   |IV
   |соттар және судьялардың мәрте. |             |Сот, Мемлекет.|тоқсаны
   |соттар және судьялардың мәрте. |             |тік қызмет іс.|
   |бесі туралы"                   |             |тері жөніндегі|
   |- "Қазақстан Республикасының   |             |агенттік, МКМ |
   |Парламенті және оның депутатта.|             |              |
   |рының мәртебесі туралы"        |             |              |
   |- "Банктер мен банк қызметі ту.|             |              |
   |ралы"                          |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
1.3|Мынадай заң жобаларын әзірлеу: |Заң жобасы   |ІІМ, Жоғарғы  |1999 жыл
   |- "Қылмыстық процеске қатысушы.|             |Сот, Бас про. |дың II
   |лардың, сондай-ақ қылмыстық    |             |куратура, ҰҚК,|тоқсаны
   |процесті жүргізетін органдардың|             |МКМ, Әділетми.|
   |лауазымды тұлғаларының жеке ба.|             |ні            |
   |сының қауіпсіздігі туралы"     |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
1.4|- "Әділет органдары туралы"    |    -//-     |Әділетмині    |Бұл да
___|_______________________________|_____________|______________|_________
1.5|- "Салық полициясы органдары   |    -//-     |МКМ, Әділетми.|1999 жыл
   |туралы"                        |             |ні            |дың IV
   |                               |             |              |тоқсаны
___|_______________________________|_____________|______________|_________
1.6|- "Әкімшілік рәсімдер туралы"  |    -//-     |Әділетмині    |Бұл да
___|_______________________________|_____________|______________|_________
1.7|Мемлекеттік мүлікті басқару жө.|Нормативтік  |Әділетмині,   |1999
   |ніндегі функцияларды орындауға |құқықтық акт |Қаржымині     |жылдың I
   |қатысатын заңды және жеке тұл. |             |              |тоқсаны
   |ғалардың Қазақстан Республика. |             |              |
   |сының Үкіметі белгілеген мер.  |             |              |
   |зімде мемлекеттік мүлікке қа.  |             |              |
   |тысты меншік иесі құқықтық өкі.|             |              |
   |леттігін жүзеге асыратын мемле.|             |              |
   |кеттік органға мүліктік сипат. |             |              |
   |тағы барлық мәмілелер мен мем. |             |              |
   |лекеттік меншікке байланысты   |             |              |
   |қаржылық қызметі туралы есеп.  |             |              |
   |терді табыс ету тәртібі туралы |             |              |
   |ереженің жобасын дайындау      |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
1.8|Бас прокуратураның жанындағы   |    -//-     |Бас прокурату.|1999
   |Құқықтық статистика және ақпа. |             |ра, Әділетмині|жылдың I
   |рат орталығында сыбайлас жем.  |             |              |тоқсаны
   |қорлық сипатындағы құқық бұзу. |             |              |
   |шылықтың жіктеліп есепке алы.  |             |              |
   |нуын көздеу                    |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
1.9|Мемлекеттік қызметтен теріс се.|    -//-     |МКМ           |  -//-
   |бептермен босатылған адамдардың|             |              |
   |декларациялар табыс етуін бақы.|             |              |
   |лау тетігін әзірлеу            |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________

  2. Профилактикалық - алдын алу шаралары

__________________________________________________________________________
      Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу жөніндегі кешенді шаралар

__________________________________________________________________________
2.1|Салық төлеушілерді есепке алу  |Үкімет       |МКМ,       |1999 жыл 
   |мәліметтерінің бірыңғай авто.  |қаулысы      |           |дың IV
   |маттандырылған банкін құру     |             |           |тоқсаны
__|_______________________________|_____________|___________|_________
2.2|Стратегиялық маңызды тауарлар  |Үкімет       |МКМ, Энергети.|1999
   |экспортын бақылаудың бірыңғай  |қаулысы      |ка, Индустрия |жылдың I 
   |жүйесін құру және сыртқы эконо.|             |және саудамині|тоқсаны
   |микалық қызметке қатысушылардың|             |(бұдан әрі -  |
   |мемлекеттік тізілімін жүргізу  |             |ЭИСМ), СЖРА,  |
   |жөнінде жұмыстарды жалғастыру  |             |ҰҚК           |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
2.3|Инвесторлармен келісім-шарттар |Үкімет       |Меминвестком  |1999
   |жасасу тәртібін жетілдіру      |қаулысы      |              |жылдың I
   |                               |             |              |тоқсаны
___|_______________________________|_____________|______________|_________
2.4|Табиғи монополистердің экономи.|    -//-     |Табиғи монопо.|1999 жыл
   |калық қызметінің ашықтығын,    |             |лияларды рет. |дың I
   |олардың экономикалық есептері  |             |теу және бәсе.|тоқсаны
   |мен тәуелсіз аудиторлардың олар|             |келестікті    |және жыл
   |жөнінде жүргізген бағалаулары. |             |қорғау жөнін. |сайын
   |ның жыл сайын жариялануын қам. |             |дегі комитет  |
   |тамасыз ету                    |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ақпараттық-насихаттық қолдау 
__________________________________________________________________________
2.5|Халықты елдегі оперативтік     |Жарияланым.  |Ақпарат және  |Тұрақты
   |ахуал туралы хабардар етудің   |дар, шолулар,|қоғамдық келі.|
   |тұрақты жұмыс істейтін жүйесін |азаматтар мен|сім мині (бұ. |
   |жолға қою және азаматтардың    |бұқаралық ақ.|дан әрі - АҚКМ)
   |бойында өркениетті құқықтық қа.|парат құрал. |құқық қорғау  |
   |тынастардың сыбайлас жемқорлық.|дарын хабар. |органдарымен  |
   |пен және оның көріністерімен   |дар етудің   |бірлесе отырып|
   |сыйыспайтынына сенімін қалып.  |өзге де ны.  |              |
   |тастыруға бағытталған құқықтық |сандары      |              |
   |насихатты күшейту              |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемасына халықаралық және 
отандық мамандандырылған институттардың тәжірибесін тарту, 
халықаралық ықпалдастықты дамыту

__________________________________________________________________________
2.6|Қылмыстың алдын алу және қыл.  |Конгресс     |СІМ, Әділетми.|2000
   |мыстық сот төрелігі жөніндегі  |материалдары,|ні, Бас проку.|жылдың I
   |БҰҰ Х конгресін дайындауға және|Үкімет шешімі|ратура, ІІМ,  |тоқсаны
   |өткізуге қатысу                |             |МКМ, ҰҚК, Жо. |
   |                               |             |ғарғы Сот     |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
2.7|Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас |Келісімдер   |СІМ, Әділетми.|1999 жыл
   |жемқорлыққа қарсы күрес сала.  |             |ні, Бас проку.|дың IV
   |сындағы қызметті үйлестіру және|             |ратура, МКМ,  |тоқсаны
   |бірлескен стратегияны әзірлеу  |             |ІІМ, ҰҚК,     |
   |мақсатында Орталық Азияның және|             |Есірткі бақы. |
   |басқа да мемлекеттердің құқық  |             |лау жөніндегі |
   |қорғау және сот органдарымен   |             |мемлекеттік   |
   |ықпалдастықты жандандыру       |             |комиссия      |
___|_______________________________|_____________|______________|_________

  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі практикалық іс-шаралар

__________________________________________________________________________
           Әлеуметтік-экономикалық және қаржылық шаралар
__________________________________________________________________________
3.1|- жекеше бизнестегі қолма-қол  |Үкімет       |Қаржымині,    |1999
   |ақша айналымы аясының үздіксіз |қаулысы      |Ұлттық Банк   |жылдың I
   |және дәйекті тарылуына;        |             |              |тоқсаны
   |- есептілік пен электрондық    |             |              |
   |есептеу құралдарының осы заман.|             |              |
   |ғы нысандарын енгізуге;        |             |              |
   |- барлық ірі төлемдерді бөлшек |             |              |
   |саудада банк жүйесі арқылы ғана|             |              |
   |жүзеге асыруға көшуге;         |             |              |
   |- меншік иелері мен акционер.  |             |              |
   |лердің құқықтарын іске асыруды |             |              |
   |қамтамасыз етуге, ұйымдар қыз. |             |              |
   |метінің ашық болуын белгілеуге |             |              |
   |бағытталған іс-қимылдардың ар. |             |              |
   |наулы бағдарламасын негіздеу   |             |              |
   |және талдап жасау              |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
                    Ұйымдастыру - басқару шаралары 
__________________________________________________________________________
3.2|Бақылау мен қарауындағы мемле. |Нормативтік -|Қаржымині, МКМ|2000 жыл 
   |кеттік мүлікті жедел басқаруды |құқықтық акт |мемлекеттік   |дың I
   |және оған билік етуді жүзеге   |             |мүлікті басқа.|тоқсаны
   |асыруға уәкілетті лауазымды    |             |ру жөніндегі  |
   |адамдардың жауапкершілігі шара.|             |уәкілеттік бе.|
   |ларын күшейту жүйесін әзірлеу  |             |рілген мемле. |
   |                               |             |кеттік органдар
___|_______________________________|_____________|______________|_________
3.3|Мемлекеттік органдарда:        |Ведомостволық|МКМ, Бас      |2000
   |- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  |нормативтік  |прокуратура,  |жылдың I
   |күрес туралы" Заңның мемлекет. |құқықтық     |ҰҚК, ІІМ,     |тоқсаны
   |тік лауазымға үміткер адамдар. |актілер      |Қаржымині,    |
   |ға, сондай-ақ мемлекеттік функ.|             |              |
   |цияларды атқаруға уәкілетті    |             |              |
   |адамдарға немесе соларға теңес.|             |              |
   |тірілген адамдарға қаржылық ба.|             |              |
   |қылау жасау жөніндегі 9-бабының|             |              |
   |орындалу жай-күйін";           |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
   |- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  |    -//-     |Бас прокурату.|1999
   |күрес туралы" Заңның 10, 11-   |             |ра, ҰҚК, ІІМ, |жылдың I 
   |баптарының орындалу жай-күйін; |             |МКМ           |тоқсаны
___|_______________________________|_____________|______________|_________
   |- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  |    -//-     |Бас прокурату.|  -//-
   |күрес туралы" Заңның 15-бабын  |             |ра, ҰҚК, ІІМ, |
   |мемлекеттік органдар мен жергі.|             |МКМ           |
   |лікті өзін-өзі басқару органда.|             |              |
   |рының өздеріне жүктелген мін.  |             |              |
   |деттерден тыс кәсіпкерлік қыз. |             |              |
   |метпен айналысуына немесе қар. |             |              |
   |жыландырудың белгіленген көз.  |             |              |
   |дерінен тыс материалдық игілік.|             |              |
   |тер мен артықшылықтарды қабыл. |             |              |
   |дауына тыйым салу бөлігінде    |             |              |
   |қолдануына;                    |             |              |
   |                               |             |              |
   |- валюта заңдарын сақтау жөнін.|    -//-     |     -//-     |  -//-
   |дегі сыртқы экономикалық қыз.  |             |              |
   |метке қатысушыларға;           |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
   |-лауазымды адамдардың шетелдік |    -//-     |Қаржымині, Бас|1999
   |те, Қазақстан Республикасының  |             |прокуратура,  |жылдың I
   |да жеке және заңды тұлғалары   |             |ҰҚК           |тоқсаны
   |есебінен мемлекетішілік, шетел.|             |              |
   |дік туристік, емдеу-сауықтыру  |             |              |
   |және өзге де жолсапарларға шы. |             |              |
   |ғуының заңдылығын тексерудің   |             |              |
   |жоспары мен тәртібін әзірлеу   |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
   |- Қылмыстық іс қозғау үшін не. |Ақпарат      |Сыбайлас жем. |Ұдайы
   |гіз болып табылмайтын сыбайлас |             |қорлыққа қарсы|
   |жемқорлық тұрғысындағы жолсыз. |             |күрес жөнінде.|
   |дықтар мен мемлекеттік қызметші|             |гі мемлекеттік|
   |этикасының басқа да нормаларын |             |комиссия,IIМ, |
   |бұзудың барлық анықталған фак. |             |Сыртқыісмині, |
   |тілері бойынша материалдарды   |             |Бас прокурату.|
   |Қазақстан Республикасының Сы.  |             |ра, ҰҚК,Көлік.|
   |байлас жемқорлыққа қарсы күрес |             |коммині       |
   |жөніндегі мемлекеттік комиссия.|             |              |
   |сы мен тиісті тәртіптік кеңес. |             |              |
   |терге беру                     |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
3.4|Құқық қорғау және арнаулы ор.  |Ведомоство.  |Бас прокурату.|1999
   |гандардың сыбайлас жемқорлыққа |аралық норма.|ра, ІІМ, ҰҚК, |жылдың I
   |қарсы күрес мәселелеріндегі    |тивтік құқық.|МКМ           |тоқсаны
   |өзара іс-қимылы тәртібін әзір. |тық акт      |              |
   |леу                            |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
3.5|Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү. |Әкімдердің   |Облыстардың   |   -//-
   |рес жөніндегі аймақтық бағдар. |шешімдері    |және Астана   |
   |ламаларды әзірлеу              |             |мен Алматы қа.|
   |                               |             |лаларының     |
   |                               |             |әкімдері      |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
3.6|Жедел іздестіру қызметін жақ.  |Нормативтік  |ҰҚК, ІІМ, МКМ |   -//-
   |сарту, сыбайлас жемқорлық қыл. |құқықтық ак. |Бас прокурату.|
   |мыстарын тергеу және ашу жөнін.|тілер        |ра, Жоғарғы   |
   |де кешенді шаралар әзірлеу     |             |Сот           |
___|_______________________________|_____________|______________|_________

      Сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, жолын кесу және тергеу 
__________________________________________________________________________
3.7|Мынадай бағыттар бойынша келі. |Қазақстан    |              |
   |сілген ведомоствоаралық жедел- |Республикасы.|              |
   |алдын алу мақсатты іс-шаралары |ның Сыбайлас |              |
   |мен арнаулы операциялар жүргі. |жемқорлыққа  |              |
   |зуді практикаға енгізу:        |қарсы күрес  |              |
   |                               |жөніндегі    |              |
   |                               |мемлекеттік  |              |
   |                               |комиссиясына |              |
   |                               |есептер беру |              |
   |                               |             |              |
   |- шетел инвестицияларын, мемле.|             |Меминвестком, |1999
   |кеттік заемдармен, кредиттерді,|             |Бас прокурату.|жылдың
   |сондай-ақ мемлекет кепілдігімен|             |ра Қаржымині, |бірінші
   |берілген мемлекеттік емес заем.|             |МКМ           |жарты
   |дарды мақсаттан тыс пайдалану  |             |              |жылдығы.
   |фактілерін анықтау;            |             |              |нан бас.
   |                               |             |              |тап жарты
   |                               |             |              |жылда бір
   |                               |             |              |рет
   |- мемлекет меншігіндегі объек. |             |Бас прокурату.|
   |тілерді шетелдік және отандық  |             |ра, ҰҚК,МКМ,  |
   |заңды тұлғалардың басқаруына   |             |Қаржымині     |
   |берудің заңдылығы;             |             |              |
   |                               |             |              |
   |- келісім-шарт бойынша шет елге|Қазақстан    |Бас прокурату.|1999 жыл.
   |мұнай өндіретін және өңдейтін  |Республикасы.|ра, ҰҚК, ЭИСМ,|дың бірін
   |және өңдейтін кәсіпорындардың, |ның Сыбайлас |ІІМ, МКМ,     |ші жарты 
   |сондай-ақ сирек кездесетін,    |жемқорлыққа  |Ауылшармині   |жылдығы.
   |түсті металдармен, радиоактивті|қарсы күрес  |              |нан бас.
   |материалдармен, астықпен және  |жөніндегі    |              |тап жарты
   |стратегиялық маңызды шикізаттың|мемлекеттік  |              |жылда бір
   |басқа да түрлерімен ұқсас опе. |комиссиясына |              |рет
   |рацияларды жүзеге асыратын     |есептер беру |              |
   |ұйымдардың өнім өткізуінің,    |             |              |
   |заңдылығы;                     |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
   |- экономикалық контрабанда және|    -//-     |МКМ,ҰҚК,ІІМ|   -//-
   |шикізат ресурстарын ұрлау фак. |             |              |
   |тілерін анықтау;               |             |              |
   |                               |             |              |
   |- сыбайлас жемқорлыққа бой ұр. |             |ҰҚК, ІІМ, Бас |-//-
   |ған лауазымды тұлғалармен бай. |             |прокуратура   |
   |ланысты ұйымдасқан қылмыстық   |             |              |
   |топтардың іс-әрекетінің жолын  |             |              |
   |кесу;                          |             |              |
   |                               |             |              |
   |- лауазымды тұлғалардың мемле. |    -//-     |Табиғи монопо.|-//-
   |кеттік реттеуде табиғи монопо. |             |лияларды рет. |
   |лиялар саласындағы жекелеген   |             |теу және бәсе.|
   |ұйымдар мен шетел компаниялары.|             |келестікті    |
   |ның мүдделерін сүйемелдеу фак. |             |қорғау комите.|
   |тілерін анықтау                |             |ті, ҰҚК       |
___|_______________________________|_____________|______________|_________
3.8|Сыбайлас жемқорлық қылмыстар   |Жоғарғы Сот  |Жоғарғы Сот   |1999
   |фактілері бойынша ҚР ҚК норма. |пленумының   |(келісім бойын|жылдың
   |ларын қолдану жөніндегі сот    |шешімдері,   |ша), ІІМ, ҰҚК,|III тоқ.
   |практикасын қорыту             |Ұсынымдар    |Бас прокурату.|саны
   |                               |             |ра МКМ        |
___|_______________________________|_____________|______________|_________

  4. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі қызметінің пәрменділігін
арттыру Мақсатты кадр саясаты және құқық қорғау органдары мен
сот жүйесі кадрларының кәсіби біліктілігін арттыру

__________________________________________________________________________
4.1|Кеден органдары кадрларын бас. |Үкімет       |МКМ           |1999
   |тапқы даярлау және біліктілігін|қаулысы      |              |жылдың
   |арттыру оқу-әдістемелік орталы.|             |              |III тоқ.
   |ғын құру                       |             |              |саны
___|_______________________________|_____________|______________|_________
4.2|Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү. |Бұл да       |ҰҚК, ІІМ, МКМ |1999
   |ресті жүзеге асыратын адамдар. |             |              |жылдың
   |дың, сондай-ақ олардың отбасы. |             |              |I тоқсаны
   |ларының қауіпсіздігін қамтама. |             |              |
   |сыз ету жөнінде нақты шаралар  |             |              |
   |әзірлеу                        |             |              |
___|_______________________________|_____________|______________|_________

  Құқық қорғау органдарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету

__________________________________________________________________________
4.3|Құқық қорғау және арнаулы ор.  |Үкімет       |ІІМ, ҰҚК, Бас |1999
   |гандарды материалдық-техникалық|қаулысы      |прокуратура,  |жылдың
   |нығайту жөнінде шаралар кешенін|             |Жоғарғы Сот,  |I тоқсаны
   |әзірлеу                        |             |Қаржымині     |
___|_______________________________|_____________|______________|_________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады