Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің мәселелері<*>

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 21 шілде N 1022. Тақырыбы және мәтініндегі сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.31. N 165 қаулысымен. ~P010165 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.26. N 126 қаулысымен. ~P020126

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті туралы ереже; <*>
      2) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің құрылымы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1778 P971778_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 55, 499-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 желтоқсандағы N 1256 P981256_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 46,

418-құжат).
     3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын жарық көрген актілерін осы қаулыға 
сәйкес келтіру жөнінде бір айлық мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен 
ұсыныстар енгізсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
      
                                        Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнің
                                      1999 жылғы "21" шiлдедегi
                                          N 1022 қаулысымен
                                             бекiтiлген
     
     Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң 
            Құрылыс iстерi жөнiндегі комитетi туралы
                             Ереже

                   1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінiң Құрылыс iстерi жөнiндегі комитеті (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      2. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есепшоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынасқа өзiнiң атынан түседi.
      Комитеттiң мемлекет атынан, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiлiк берiлген болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретiнде болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң заңды мекен жайы:
      473000, Астана қаласы, Районный тұйығы, 15/1. <*>
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.04. N 1198
               қаулысымен. P001198_
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Экономика және

сауда министрлiгiнің Құрылыс істерi жөнiндегi комитетi" мемлекеттік 
мекемесi.
     8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
     9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық 
бюджеттен жүзеге асырылады.
     Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау 
үшiн кәсiпкерлiк субъектілерiмен келiсiм-шарттық қатынасқа түсуге тыйым 
салынады.
     Егер Комитетке заң актiлерiмен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге 
асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен түскен кiрiс 
республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
     
     2. Комитеттiң негiзгі міндеттерi, функциялары мен құқықтары
     
     10. Комитеттiң негізгі мiндеттерi мыналар болып табылады:
     1) елдегi тұрғын үй проблемасын кезең-кезеңiмен шешу; 
     2) тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және несиелендiру схемасын 
жасауға қатысу;
     3) салаға инвестицияларды тарту үшiн жағдайларды жақсартуға 
атсалысу және тұрғын үй рыногын дамытуға;
     4) аумақтар құрылыстарын тиiмдi жүргiзу және елдi мекендердi дамыту;


      5) өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк және көлiктік инфрақұрылым объектiлерiн жобалау, салу және пайдалану үшiн нормативтiк-техникалық құжаттамалардың базасын дамыту;
      6) әлеуметтiк, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылымды, коммуналдық шаруашылықтың басты құрылыс жайларын дамытуға қатысу;
      7) құрылыс өнiмдерiн тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысу, объектiлер салу мен пайдаланудың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      8) отандық жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекелiк қабiлетiн, жаңа құрылыста инвестицияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру;
      9) iшкi еңбек рыногы мен құрылыс өнiмдерiн қорғауға қатысу;
      10) құрылыс жұмысындағы интеграциялық процестердi тереңдету.
      11. Комитет заңда белгiленген тәртiппен мына функцияларды жүзеге асырады:
      1) құрылыс, сәулет, қала салу саласындағы мемлекеттiк саясатты, тұрғын үй құрылысын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң өндiрiстiк базасын, құрылыс индустриясын дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың iске асырылу барысын бақылайды;
      2) сәулет-құрылыс аясындағы субъектiлердiң қызметiн салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады және мемлекеттiк құрылыс саясатын iске асырады;
      3) сәулет-құрылыс қызметi аясындағы мемлекеттік реттеудiң қазiргi экономикалық жағдайларға лайық әдiстерінiң жүйесiн әзiрлейдi және нарықтық қатынастарды жетiлдiруге, әлеуметтiк әрiптестiктi дамытуға ықпал етедi;
      4) салалық ғылыми-техникалық саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
      5) инженерлiк iздестiру, объектілер мен кешендердi жобалау, салу, қайта жаңарту, қалпына келтiру, жаңғырту, күрделi жөндеу және абаттандыру, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымды қалыптастыру саласында, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн пайдалану саласында нормативтiк актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      6) мемлекеттiк тұрғын үй саясатын, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде тұрғын үй салу, сондай-ақ құрылыс материалдары өндiрiсiнде жаңа материалдарды дамыту және құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құру бағдарламаларын iске асыру процесiн үйлестiредi;
      7) халықтың өмiр сүруi үшiн толыққанды орта жасау мақсатында қоныстандыру жүйесiн жетiлдiру, қалаларды және басқа да елдi мекендердi салу кезiнде ғимараттар мен құрылыстар жобалық сенiмдiлiгi мен сәулеттiк-көркемдiк шешімдерiнiң сапасын арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      8) тұрғын үй саясаты, құрылыс, сәулет, қала салу, құрылыстың материалдық-техникалық базасын дамытудың басым бағыттары, құрылыс материалдары өндiрiсi, құрылыс индустриясы мен тұрғын үй-шаруашылық мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, әзiрлеуге қатысады, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде бекiтедi;
      9) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндiруге арналған техникалық жағдайлардың құрылыс саласындағы мемлекетаралық және мемлекеттiк нормалар мен стандарттарға сәйкестiгі туралы қорытындыларды қарайды және мемлекеттiк стандарттау, метрология және сертификаттау органына бередi;
      10) инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлейдi және енгiзедi;
      11) республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының үкiметтiк кепiлдiгi арқылы берiлетiн сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырылатын объектiлердi жобалау мен салуға арналған мердiгерлiк тендерлердi ұйымдастыруға және өткiзуге қатысады;
      12) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиясын iске асыру жөнiндегi инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ жылдық жоспарларды әзiрлеуге атсалысады;
      13) құрылыс, сәулет, қала салу, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жағдайын талдауға және болжамдарын әзiрлеуге қатысады:
      14) жергiлiктi органдарымен бiрлесiп қалалардың және басқа да елдi мекендердiң сәулет және қала салу жоспарлануы және салуының нормалары мен ережелерiнiң сақталуына, қала салуды реттеудiң ерекше режимi бар аумақтардың пайдаланылуына, тарихи қала салу мұраларының қорғалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Мемлекеттiк қала салу кадастрын жүргiзедi;
      16) өз құзыретінiң шегiнде басқа да мемлекеттiк органдар мен құрылыс ұйымдарының құрылыс саласындағы инвестициялық бағдарламаларды орындау жөнiндегi қызметін үйлестiредi;
      17) өз құзыретiнiң шегiнде құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi және әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      18) құрылыста бағаның қалыптасуына, құрылыс-монтаж жұмыстарының өзiндiк құнына талдау жасайды, мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын құрылыстың сметалық құнын есептеу тәртiбiн айқындайды;
      19) құрылыс саласының республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын мемлекеттiк басқару органының функцияларын, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырады;
      20) құрылыс өнiмдерiн сертификаттауға атсалысады;
      21) өзінiң құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерi бойынша лицензия берушi болады;
      22) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет-қала салу құжаттамаларын әзірлеу, аумақтарды қала құрылысына игеру, объектiлер мен кешендердi салу, қайта жаңарту, қалпына келтiру, жаңғырту, күрделi жөндеу және абаттандыру, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру кезiнде сәулет-қала құрылысы қызметi аясындағы заң актiлерiнiң, мемлекеттiк нормативтердің талаптары сақталуын, мемлекеттiк сәулет-құрылыстық бақылауды жүзеге асырады;
      23) өз құзыретiнiң шегiнде инвестициялардың, құрылысқа арналған жобалардың, сондай-ақ қала құрылысы құжаттамаларының техникалық экономикалық негiздемелерiне мемлекеттiк сараптаманы қамтамасыз етедi;
      24) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын объектiлердi, олардың мақсаттарына қарамастан, салудың, кеңейтудiң және қайта жаңартудың техникалық-экономикалық негiздемелерi мен жобаларын бекiтудiң ережелерiн әзiрлейдi және, заңдарда көзделген жағдайларда Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына енгiзу үшiн ұсынылатын инвестициялық жобалар жөнiнде қорытындылар бередi;
      25) күрделi құрылыстың және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың мұқтаждары үшін озық технологияларды әзiрлеу жөнінде ұсыныстар дайындайды, өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлердi салуға арналған тәжiрибелiк, үлгiлiк және базалық жобалық шешiмдердiң әзiрленуiн ұйымдастырады және бекітедi;
      26) шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын жобалауға, салуға, өндiруге, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi өндiруге және көрсетуге қатысады;
      27) еңбектi ұйымдастыру мен нормалауды жетiлдiру мәселелерi бойынша әдiстемелiк қамтамасыз етуге сондай-ақ қолданылып жүрген тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына енбеген жұмысшылардың мамандықтары мен қызметкерлердiң лауазымдары бойынша тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларды әзiрлеуге қатысады;
      28) ғылыми зерттеудiң бағыттарын айқындауға қатысады, өз құзыретiнiң шегiнде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын салалық ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстарын орындауды ұйымдастырады;
      29) халықаралық ынтымақтастықтың жалпы жүйесi шеңберiнде шетелдермен және халықаралық ұйымдармен құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық және экономикалық байланыстарды жүзеге асырады, ТМД елдерiнiң Құрылыс қызметiндегi ынтымақтастық жөнiндегi Yкiметаралық кеңесiнiң жұмысына қатысады;
      30) құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаласында әлеуметтік, экономикалық және техникалық саясатты әзiрлеу мақсатында қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
      31) төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiнде бүлiнген құрылысты қалпына келтiру немесе бұзу жөнiнде шешiм қабылдау жөнiнде кешендi шараларды әзiрлеуге қатысады;
      32) өзiне заңмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Комитет негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) өз құзыретiнiң шегінде құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында нормативтiк және нормативтiк-құқықтық актiлер қабылдауға;
      2) орталық және жергiліктi атқарушы органдардың сәулет-қала құрылысы қызметi аясындағы нормативтiк және нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келетiн шешiмдерiнiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, жылжымайтын мүлiктi бағалау салаласындағы нормаларды, ережелердi, нұсқаулықтарды және әдiстемелiк құжаттарды қолдану мәселелерi жөнiнде шешiмдер қабылдауға;
      3) басқа орталық атқарушы органдар әзiрлеген заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары жөнiнде құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) құрылыс өнiмдерiн сертификаттау жөніндегi сынақ лабораторияларын тiркеуге атсалысуға;
      5) өзiнiң құзыретiне кiретiн қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыруға;
      6) қажеттi жағдайларда сарапшылар ретiнде өндiрiстiң басқа салаларының, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдардың мамандарын тартуға;
      7) сәулеттiк-қала құрылысы қызметiне бақылау жасауға;
      8) құрылыс, сәулет, қала құрылысы, аумақтарда құрылыс салу және мемлекеттiк қала салу кадастры жергілiктi басқару органдарының қызметiне әдiстемелiк басшылық пен үйлестiрудi жүзеге асыруға;
      9) ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды құру, қайта құру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      10) өз құзыретiнiң шегiнде заңды және жеке тұлғалардан ақпарат сұратуға және алуға;
      11) заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi пайдалануға құқығы бар.

                   3. Комитеттің мүлкі

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
      14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      15. Комитеттің оған бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе басқа тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңдармен белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билік ету құқығы берiлуi мүмкiн.

                   4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
      17. Комитеттiң төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.
      18. Осы мақсатта Төраға:
      1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi

басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн белгілейдi;
     2) заңдарға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды 
және қызметтен босатады;
     3) қызметкерлердiң белгiленген саны мен еңбек ақысы қорының 
шегiнде Комитеттiң штаттық кестесiн, бөлiнген қаржы шегiнде аппаратты 
ұстауға кететiн шығыс сметасын бекiтедi;
     4) заңда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк 
жаза қолданады;
     5) Комитет актiлерiне қол қояды;
     6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
     7) өз өкiлеттiгiнiң шегiнде мемлекеттiк органдарда, басқа 
ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
     8) заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     19. Құрылыс, сәулет, қала құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық 
шаруашылық саласындағы проблемаларды талдау, бағдарламаларды, жобалар 
мен ғылыми-техникалық құжаттарды қарау және бекiту үшiн Комитетте 
сәулет, құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi
бойынша консультациялық-кеңесушi орган ретiнде Ғылыми-техникалық
кеңес құрылады.
     Ғылыми-техникалық кеңестiң сандық және жеке құрамын, ол туралы 
Ереженi Комитеттiң төрағасы бекiтедi.
     
      5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     
           
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнің
                                          1999 жылғы "21" шiлдедегi
                                             N 1022 қаулысымен
                                                бекiтiлген 
     
                 Қазақстан Республикасы Экономика және сауда 
             министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 
                               Құрылымы 
     
     Басшылық 
     Сәулет және қала құрылысы басқармасы 
     Экономикалық талдау және жоспарлау басқармасы 
     Құрылыстағы техникалық нормалау мен жаңа технологиялар басқармасы 
     Тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық реформалар бөлімі
     
<*>

     Ескерту. 6-абзац алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.04. N 1198   
              қаулысымен.  

P001198_

 
     
         Оқығандар:
         Омарбекова А.Т.
         Қасымбеков Б.А. 
     
      
      


Вопросы Комитета по делам строительства Министерства экономики и торговли Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июля 1999 года № 1022. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 26 января 2002 г. N 126 ~P020126 ).

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 26.01.2002 № 126.

      Сноска. В заголовке, преамбуле и тексте постановления и Положения заменены слова - постановлением Правительства РК от 31 января 2001 г. N 165 P010165_ .


      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение о Комитете по делам строительства Министерства экономики и торговли Республики Казахстан;

      2) структуру Комитета по делам строительства Министерства экономики и торговли Республики Казахстан.

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 1997 года № 1778 P971778_ "Вопросы Комитета по делам строительства Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., № 55, ст. 499);

      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 1998

      года № 1256 P981256_ "Отдельные вопросы Комитета по жилищной и строительной политике Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 46, ст. 418).

      3. Министерству экономики и торговли Республики Казахстан в месячный срок в установленном законодательством порядке внести предложения по приведению ранее изданных актов Правительства Республики Казахстан в соответствие с настоящим постановлением.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


      Премьер-Министр

      Республики Казахстан


  Утверждено
 
 
  постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 21 июля 1999 года № 1022
 
 
  Положение
  О Комитете по делам строительства

      Министерства экономики и торговли Республики Казахстан


      1. Общие положения


      1. Комитет по делам строительства Министерства экономики и торговли Республики Казахстан (далее - Комитет) является ведомством, в пределах компетенции Министерства экономики и торговли Республики Казахстан, осуществляющим специальные исполнительные и контрольно-надзорные функции.

      2. Комитет осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Комитет является юридическим лицом, в организационно-правовой форме государственного учреждения имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также в соответствии с законодательством счета в банках.

      Комитет вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      Комитет имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если он уполномочен на это в соответствии с законодательством.

      4. Комитет по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке издает приказы, которые имеют обязательную силу на территории Республики Казахстан.

      5. Структура и лимит штатной численности Комитета утверждаются Правительством Республики Казахстан.

      6. Юридический адрес Комитета:

      473000, город Астана, переулок Районный, 15/1.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции постановления Правительства РК от 4 августа 2000 г. N 1198 P001198_ .

      7. Полное наименование Комитета - государственное учреждение "Комитет


      по делам строительства Министерства экономики и торговли Республики

      Казахстан".

      8. Настоящее Положение является учредительным документом Комитета.

      9. Финансирование деятельности Комитета осуществляется только из

      республиканского бюджета.

      Комитету запрещается вступать в договорные отношения с субъектами

      предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся

      функциями Комитета.

      Если Комитету законодательными актами предоставлено право

      осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от

      такой деятельности, направляются в доход республиканского бюджета.

      2. Основные задачи, функции и права Комитета

      10. Основными задачами Комитета являются:

      1) поэтапное решение жилищной проблемы в стране;

      2) участие в разработке схемы финансирования и кредитования жилищного

      строительства;

      3) участие в улучшении условий для привлечения инвестиций в отрасль и

      развитие рынка жилья;

      4) рациональная застройка территорий и развитие населенных пунктов;

      5) развитие базы нормативно-технической документации для проектирования, строительства и эксплуатации зданий и сооружений производственного и жилищно-гражданского назначения, объектов инженерной и транспортной инфраструктуры;

      6) участие в развитии социальной, инженерной и транспортной инфраструктуры, головных сооружений коммунального хозяйства;

      7) участие в защите прав потребителей строительной продукции, обеспечение надежности и безопасности строительства и эксплуатации объектов;

      8) формирование условий, стимулирующих повышение качества и конкурентоспособности отечественной проектной и строительной продукции, эффективность использования инвестиций в новом строительстве;

      9) участие в защите внутреннего рынка труда и строительной продукции;

      10) углубление интеграционных процессов в строительной деятельности.

      11. Комитет в установленном законодательством порядке осуществляет следующие функции:

      1) разрабатывает государственную политику в области строительства, архитектуры, градостроительства, программы жилищного строительства, развития жилищно-коммунального хозяйства, производственной базы промышленности строительных материалов, стройиндустрии и контролирует ход их реализации;

      2) осуществляет межотраслевую координацию деятельности субъектов в архитектурно-строительной сфере и реализацию государственной строительной политики;

      3) разрабатывает систему методов государственного регулирования в сфере архитектурно-строительной деятельности, адекватную современным экономическим условиям, содействует совершенствованию рыночных отношений, развитию социального партнерства;

      4) разрабатывает и реализует отраслевую научно-техническую политику;

      5) разрабатывает и утверждает нормативные акты в области инженерных изысканий, проектирования, строительства, реконструкции, реставрации, модернизации, капитального ремонта и благоустройства объектов и комплексов, формирования транспортной и инженерной инфраструктуры, а также нормативные акты в области эксплуатации объектов жилищно-коммунального хозяйства;

      6) координирует процесс реализации государственной жилищной политики, а также в пределах своей компетенции, программ жилищного строительства, развития новых технологий в производстве строительных материалов и структурной перестройки производственной базы стройиндустрии;

      7) осуществляет меры по совершенствованию системы расселения, повышению конструктивной надежности и качества архитектурно-художественных решений зданий и сооружений при застройке городов и других населенных пунктов в целях создания полноценной среды для жизнедеятельности населения;

      8) разрабатывает, участвует в разработке, а также в пределах своей компетенции утверждает нормативные правовые акты по вопросам жилищной политики, строительства, архитектуры, градостроительства, приоритетных направлений развития материально-технической базы строительства, промышленности строительных материалов, стройиндустрии и жилищно- коммунального хозяйства;

      9) рассматривает и дает заключения в государственный орган по стандартизации, метрологии и сертификации о соответствии технических условий на производство строительных материалов, изделий и конструкций требованиям межгосударственных и государственных норм и стандартов в области строительства;

      10) разрабатывает и вносит предложения по совершенствованию методики оценки эффективности инвестиционных проектов;

      11) участвует в организации и проведении подрядных тендеров на проектирование и строительство объектов, финансируемых за счет средств республиканского бюджета, внешних займов, предоставляемых под правительственные гарантии Республики Казахстан;

      12) принимает участие в разработке инвестиционных программ и проектов, а также годовых планов по реализации стратегии социально-экономического развития Республики Казахстан;

      13) принимает участие в анализе состояния и разработке прогнозов социально-экономического развития Республики Казахстан в области строительства, архитектуры, градостроительства, жилищного и жилищно- коммунального хозяйства;

      14) осуществляет совместно с местными органами архитектуры и градостроительства контроль за соблюдением норм и правил планировки и застройки городов и других населенных пунктов, использованием территорий с особым режимом градостроительного регулирования, сохранением исторического градостроительного наследия;

      15) ведет Государственный градостроительный кадастр по территории Республики Казахстан;

      16) координирует в пределах своей компетенции деятельность других государственных органов и строительных организаций по выполнению инвестиционных программ в области строительства;

      17) осуществляет координацию и методическое обеспечение деятельности организаций строительства, промышленности строительных материалов, стройиндустрии и жилищно-коммунального хозяйства в пределах своей компетенции;

      18) проводит анализ ценообразования в строительстве, себестоимости строительно-монтажных работ, определяет порядок расчета сметной стоимости строительства, финансируемых за счет средств государственного бюджета;

      19) осуществляет функции органа государственного управления республиканскими государственными предприятиями строительной отрасли, осуществляет в отношении их функции субъекта права государственной собственности;

      20) принимает участие в сертификации строительной продукции;

      21) выступает лицензиаром по видам деятельности, отнесенным к его компетенции;

      22) осуществляет на территории Республики Казахстан государственный архитектурно-строительный контроль за соблюдением требований законодательных актов, государственных нормативов в сфере архитектурно- градостроительной деятельности при разработке архитектурно- градостроительной документации, градостроительном освоении территорий, строительстве, реконструкции, реставрации, модернизации, капитальном ремонте и благоустройстве объектов и комплексов, производстве строительных материалов, изделий и конструкций;

      23) в пределах своей компетенции обеспечивает проведение государственной экспертизы технико-экономических обоснований инвестиций, проектов на строительство, а также градостроительной документации;

      24) разрабатывает правила утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства, расширения и реконструкции объектов, независимо от их назначения, финансируемых за счет средств республиканского бюджета и, в случаях предусмотренных законодательством, дает заключения по инвестиционным проектам, предлагаемых для включения в Программу государственных инвестиций;

      25) подготавливает предложения по разработке прогрессивных технологий для нужд капитального строительства и жилищно-коммунального хозяйства, организует разработку и утверждает экспериментальные, типовые и базовые проектные решения на строительство объектов производственного и жилищно- гражданского назначения;

      26) участвует в разработке предложений по развитию и поддержке малого предпринимательства, в проектировании, строительстве, производстве строительных материалов, изделий и конструкций, производстве и предоставлении жилищно-коммунальных услуг;

      27) участвует в методическом обеспечении по вопросам совершенствования организации и нормировании труда, а также в разработке тарифноквалификационных характеристик по профессиям рабочих и должностям служащих, не вошедших в действующий тарифно-квалификационный справочник;

      28) участвует в определении направлений научных исследований, в пределах своей компетенции организует выполнение отраслевых научно- исследовательских и проектно-изыскательских работ в области строительства, финансируемых за счет средств республиканского бюджета;

      29) осуществляет в рамках общей системы международного сотрудничества научно-технические и экономические связи с зарубежными странами и международными организациями в области строительства, участвует в работе Межправительственного совета стран СНГ по сотрудничеству в строительной деятельности;

      30) сотрудничает с общественными объединениями и иными организациями в целях разработки социальной, экономической и технической политики в области строительства, архитектуры, градостроительства, жилищного и жилищнокоммунального хозяйства;

      31) участвует в разработке комплекса мероприятий по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций в части принятия решений по восстановлению или сносу поврежденных строений;

      32) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством.

      12. Комитет для реализации основных задач и осуществления своих функций имеет право в установленном законодательством порядке:

      1) в пределах своей компетенции принимать нормативные и нормативные правовые акты в области строительства, архитектуры, градостроительства, жилищного и жилищно-коммунального хозяйства;

      2) вносить предложения по приостановлению и отмене действия решений центральных и местных исполнительных органов, противоречащих нормативным и нормативным правовым актам в сфере архитектурно-градостроительной деятельности, принимать решения по вопросам применения норм, правил, инструкций и методических документов в области строительства, архитектуры, градостроительства, развития жилищного и жилищно-коммунального хозяйства, оценки недвижимого имущества;

      3) вносить предложения по проектам законодательных и иных нормативных правовых актов, разработанных другими центральными исполнительными органами, по вопросам строительства, архитектуры, градостроительства, жилищного и жилищно-коммунального хозяйства;

      4) принимать участие в аккредитации испытательных лабораторий (центров) по сертификации строительной продукции;

      5) осуществлять лицензирование видов деятельности, входящих в его компетенцию;

      6) привлекать в необходимых случаях в качестве экспертов специалистов


      других отраслей производства, научно-исследовательских и проектно-

      конструкторских организаций;

      7) осуществлять контроль за архитектурно-градостроительной

      деятельностью;

      8) осуществлять методическое руководство и координацию деятельности

      местных органов управления строительства, архитектуры, градостроительства,

      застройки территорий и государственного градостроительного кадастра;

      9) вносить предложения по созданию, реорганизации и ликвидации

      подведомственных республиканских государственных предприятий;

      10) запрашивать и получать в пределах своей компетенции информацию от

      юридических и физических лиц;

      11) пользоваться другими полномочиями в соответствии с

      законодательством.

      3. Имущество Комитета

      13. Комитет имеет на праве оперативного управления обособленное

      имущество.

      14. Имущество, закрепленное за Комитетом, относится к республиканской

      собственности.

      15. Комитет не в праве самостоятельно отчуждать или иным способом

      распоряжаться закрепленным за ним имуществом.

      Комитету может быть предоставлено право распоряжения имуществом, в

      случаях и пределах установленных законодательством.

      4. Организация деятельности Комитета

      16. Комитет возглавляет Председатель, назначаемый и освобождаемый от должности Правительством Республики Казахстан по представлению Министра экономикии торговли Республики Казахстан.

      Председатель имеет двух заместителей, назначаемых на должности и освобождаемых от должностей Министром экономикии торговли Республики Казахстан по представлению Председателя Комитета.

      17. Председатель Комитета организует и руководит работой Комитета и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Комитет задач и осуществление им своих функций.

      18. В этих целях Председатель:

      1) определяет обязанности и полномочия своих заместителей и руководителей структурных подразделений Комитета;

      2) в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников Комитета;

      3) утверждает штатное расписание Комитета в пределах установленной численности работников и фонда оплаты труда, смету расходов на содержание аппарата в пределах выделенных ассигнований;

      4) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Комитета;

      5) подписывает акты Комитета;

      6) утверждает положения о структурных подразделениях Комитета;

      7) в пределах своих полномочий представляет Комитет в государственных органах, иных организациях;

      8) осуществляет иные полномочия в соответствии законодательством.

      19. Для анализа проблем в области строительства, архитектуры градостроительства и жилищно-коммунального хозяйства, рассмотрена и утверждения программ, проектов и научно-технических документов в Комитете образуется Научно-технический Совет по вопросам архитектуры, строительства, жилищного и жилищно-коммунального хозяйства как консультативносовещательный орган.

      Численный и персональный состав Научно-технического Совета и Положение о нем утверждаются Председателем Комитета.


      5. Реорганизация и ликвидация Комитета


      20. Реорганизация и ликвидация Комитета осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.


  Утверждена
 
 
  постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 21 июля 1999 года № 1022
 
 
  Структура
  Комитета по делам строительства Министерства
  экономики и торговли Республики Казахстан
 

      Сноска. Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 4

      августа 2000 г. N 1198

      P001198_

      .

      Руководство

      Управление архитектуры и градостроительства

      Управление экономического анализа и планирования

      Управление технического нормирования и новых технологий

      в строительстве

      Отдел жилищных и жилищно-коммунальных реформ

      Министерства экономики и торговли

      Республики Казахстан в городе Астане

      (Специалисты: Кушенова Д.

      Чунтонов В.)