Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Өсімдіктерді қорғау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі N 996 P990996_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспеде:
"шегіртке зиянкестерінің" деген сөздерден кейін "дән сұр көбелегінің, сондай-ақ аурулардың" деген сөздермен толықтырылсын;
"шегіртке зиянкестерінің үйірлі нысандарымен" деген сөздерден кейін "дән сұр көбелегімен және аурулармен" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-тармақта "шегірткенің үйірлі нысандарымен" деген сөздерден
кейін "дән сұр көбелегімен және дәнді дақылдардың ауруларымен" деген
сөздермен толықтырылсын;
3) 2-тармақта:
екінші абзацта "инсектицидтер" деген сөзден кейін "және
фунгицидтер" деген сөздермен толықтырылсын:
"шегіртке зиянкестерінің" деген сөздерден кейін "дән сұр
көбелегінің және аурулардың" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта "шегіртке" деген сөздерден кейін "басқа зиянкестер
мен дәнді дақылдардың аурулары" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.