Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі N 996 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 3 тамыз N 1096

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Өсімдіктерді қорғау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі N 996 P990996_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) кіріспеде:
      "шегіртке зиянкестерінің" деген сөздерден кейін "дән сұр көбелегінің, сондай-ақ аурулардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      "шегіртке зиянкестерінің үйірлі нысандарымен" деген сөздерден кейін "дән сұр көбелегімен және аурулармен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 1-тармақта "шегірткенің үйірлі нысандарымен" деген сөздерден

 

кейін "дән сұр көбелегімен және дәнді дақылдардың ауруларымен" деген

сөздермен толықтырылсын;

     3) 2-тармақта:

     екінші абзацта "инсектицидтер" деген сөзден кейін "және

фунгицидтер" деген сөздермен толықтырылсын:

     "шегіртке зиянкестерінің" деген сөздерден кейін "дән сұр

көбелегінің және аурулардың" деген сөздермен толықтырылсын;

     үшінші абзацта "шегіртке" деген сөздерден кейін "басқа зиянкестер

мен дәнді дақылдардың аурулары" деген сөздермен толықтырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.

    Омарбекова А.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады