Өсімдіктерді қорғау жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 шілде N 996

      Ауыл шаруашылығы дақылдарына шегiртке зиянкестерiнiң дән сұр көбелегінің, сондай-ақ аурулардың таралу алаңының ұлғаюына байланысты қалыптасқан төтенше жағдайларға орай және шегiртке зиянкестерiнiң үйiрлi нысандарымен дән сұр көбелегімен және аурулармен күресу жөнiнде жедел iс-шаралар жүргiзу және астық пен басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының егісiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiнде шұғыл iс-шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне шегiрткенiң үйiрлi нысандарымен дән сұр көбелегімен және дәнді дақылдардың ауруларымен күресуге байланысты өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн мемлекеттiк мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебiнен 140 (жүз қырық) млн.теңге бөлсiн.
      ЕСКЕРТУ. Кіріспе және 1-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.03. N 1096 қаулысымен. P991096_
 
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      бiр көзден сатып алу тәсiлiмен 140 (жүз қырық) млн.теңге сомасына инсектицидтер және фунгицидтер, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алуды және ауыл шаруашылығы дақылдарына шегiртке зиянкестерінiң дән сұр көбелегінің және аурулардың таралу ошақтарын жою жөнiндегі қажеттi шараларды орындауды қамтамасыз етсiн;
      шегiртке басқа зиянкестер мен дәнді дақылдардың аурулары бүлдiрген алаңдарды авиациялық техника пайдаланылатын химиялық өңдеуге байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулердi отандық авиациялық компаниялардан сатып алсын.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.03. N 1096 қаулысымен. P991096_
 
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм

 

министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен үш күндiк мерзiмде

шегiртке бүлдiрген алаңдарды химиялық өңдеу жөнiндегi авиациялық

жұмыстар мен қызмет көрсетулердi берушiлердi анықтасын.

     4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген

қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Орынбекова Д.

   Кобдалиева Н.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады