Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" заң күшi бар Жарлығына U952717_ сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Ақсу қаласы аумағындағы Павлодар орман шаруашылығының орман қорындағы ауданы 0,69 га (оның iшiнде 0,55 га орманды) жер учаскесiн өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге ауыстырылсын және ол заңдарда белгiленген тәртiппен "Ақсу - Конечная" темiржол жүйесiнiң құрылысы үшiн Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнына берiлсiн, оның iшiнде:
1) тұрақты пайдалануға 0,36 га;
2) уақытша пайдалануға 0,33 га ( 1,5 жыл мерзiмге).
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесiн уақытша пайдалану мерзiмi өткеннен кейiн, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен жер учаскесiн орман қорының құрамына ауыстыру туралы ұсыныс енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі