Орман қорының жекелеген жер учаскелерін басқа жер санаттарына ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 тамыз N 1195

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" заң күшi бар Жарлығына U952717_ сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Ақсу қаласы аумағындағы Павлодар орман шаруашылығының орман қорындағы ауданы 0,69 га (оның iшiнде 0,55 га орманды) жер учаскесiн өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге ауыстырылсын және ол заңдарда белгiленген тәртiппен "Ақсу - Конечная" темiржол жүйесiнiң құрылысы үшiн Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнына берiлсiн, оның iшiнде:
      1) тұрақты пайдалануға 0,36 га;
      2) уақытша пайдалануға 0,33 га ( 1,5 жыл мерзiмге).
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесiн уақытша пайдалану мерзiмi өткеннен кейiн, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен жер учаскесiн орман қорының құрамына ауыстыру туралы ұсыныс енгiзсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады