Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 № 391 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына Z990389_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесі бекітілсін.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
27 тамыздағы
N 1262 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының
педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесі
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін апталық оқу жүктемесінің нормативі мынадай болып белгіленсін:
20 сағат - жалпы білім беретін оқу орнының бастауыш сатысы үшін;
18 сағат - жалпы білім беретін оқу орнының негізгі және жоғары сатылары үшін;
18 сағат - кәсіптік бастауыш білім және кәсіптік орта білім беру ұйымдары үшін;
24 сағат - мектепке дейінгі ұйымдар үшін;
18 сағат - мектептен тыс ұйымдар үшін;
24 сағат - балалар және жас өспірімдер спорт мектептері үшін.